SteppeNews.kz: Қытай мен АҚШ басшылары жақын арада Бейжіңде кездеседі — екі ел арасындағы қатынастар кезекті маңызды белеске бет алды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен АҚШ Президенті Дональд Трамп 13-15 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Бұл — екі ел басшыларының өткен жылы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен жүздесуінен кейінгі жарты жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы бетпе-бет кездесуі. Сонымен қатар, бұл — АҚШ Президентінің соңғы 9 жылға жуық уақыт ішіндегі Қытайға жасаған тұңғыш сапары. Әлемдегі ең маңызды екіжақты байланыс саналатын Қытай-АҚШ қатынастары барлық тараптың мүддесіне әсер етіп, жаһандық ауқымда ықпал иеленеді. Трамптың Қытайға келетіні ресми жарияланғаннан кейін, екі ел арасындағы алда…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Алматы қаласы мен оның маңындағы тау бөктерінде барлығы 44 су айдыны бар, оның 11-і шомылуға тыйым салынған қауіпті санатқа жатады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен конференцияда ҚР ТЖМ «Барыс» жедел-құтқару жасағының бөлім басшысы Андрей Быбченко шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталатынын хабарлады. Мамандардың айтуынша, суға тек арнайы жабдықталған, құтқару құралдары мен ескерту белгілері орнатылған қауіпсіз демалыс орындарында ғана түсуге болады. Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Құтқарушылар жұрт жиі жіберетін қателіктерге, атап айтқанда, ескерту белгілерін елемеу мен тау өзендерінің ағысына мән бермеуге назар аударды. Таудағы күн райының күрт өзгеруі, тайғақ тастар және маңайда құтқарушылардың болмауы оқыс оқиғалардың…
SteppeNews.kz: Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдап, өнеркәсіпті дамыту мен ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Президентке өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі жұмыстар мен стратегиялық жоспарлар туралы баяндалды. Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысына қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамытудың барысы таныстырылды. Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын қатаң бақылауда ұстау жүктелді.
SteppeNews.kz: Үлкен Алматы шыңына шыққан үш адамнан тұратын топ 3300 метр биіктіктегі Космостанция ауданында қиындыққа тап болды. Шыңды бағындырып, кері қайтар жолда 2005 жылы туған жас жігіттің денсаулығы күрт нашарлап, басының айналуы мен тау ауруының нақты белгілері байқалған. Соның салдарынан топ мүшелері төменге өз бетінше түсу мүмкіндігінен айырылды. Туристер сабыр сақтап, құтқарушылармен тұрақты байланыста болды және өздерінің нақты геолокациясын жедел жолдады. Хабарлама түскен бойда Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің қызметкерлері оқиға орнына аттанып, зардап шеккен азаматты және оның серіктестерін «Алма-Арасан» экобекетіне дейін қауіпсіз эвакуациялады. Төменге түскеннен кейін тау ауруының белгілері басылып, жігіттің жағдайы жақсарды. Ол медициналық көмек қажет емес екенін…
SteppeNews.kz: Меркі ауданындағы кішкентай Қызылсай ауылында шексіздікке жетелейтін бір жол бар. Ондаған жылдар бойы сол жолдың жиегінен жалғыз әйелдің бейнесін көруге болатын еді. Ол аптап ыстықта да, нөсер жауын мен ақ түтек боранда да көкжиекке телміріп, сол жерде отыратын. Қалия апа майданға аттанған жары мен екі ұлын күтті. Ол тарихта аналық төзімнің ең биік үлгісі болып қалды. Қазан астындағы із Ауылдастары «Қара кемпір» деп атап кеткен Қалия апаның хикаясы сонау қырқыншы жылдары, соғыс оның үйінен ең жақын үш адамын бірдей алып кеткенде басталған. Кіп-кішкентай Қызылсай ауылынан майданға 70-тен астам адам аттанса, соның 29-ы ғана еліне оралды. Қалия апаның күйеуі мен…
SteppeNews.kz: Бүгін, 9 мамыр күні, Алматы қаласында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай мерекелік шаралар жан-жақты ұйымдастырылды. Ерлік пен батырлықтың символына айналған бұл күн биыл да қала тұрғындарының жүрегінде ерекше орын алды. Таңғы сағат 09:30-да 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағындағы Даңқ мемориалында салтанатты гүл қою рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімге қала әкімдігінің өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, жастар белсенділері мен қала тұрғындарының көпшілігі қатысты.Қайсарлықпен жеңіске жеткен батырлардың рухына арнайы құрмет көрсетіліп, олардың ерліктері ұрпақ жадында мәңгі сақталатыны тағы бір мәрте баса айтылды. Сағат 10:00-де сол саябақтың аумағында үлкен мерекелік концерт өз жұмысын бастады. Сахнада Алматының танымал әртістері мен ән-би ұжымдары өнер көрсетті. Соғыс жылдарының…
SteppeNews.kz: Мәскеуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. Мемлекет басшылары екіжақты күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерді талқылап, стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйіне тоқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін және барша Ресей халқын Ұлы Жеңістің 81 жылдығымен құттықтап, бұл мерекенің ерекше маңызын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан басшысы соғыс ардагерлеріне деген құрмет туралы былай деді: «Мен Сізді Мәскеуде Ұлы Жеңіс күні қарсаңында көргеніме өте қуаныштымын – бұл, айтпақшы, көзіне жас алып тойлайтын мереке. Біз адамзат тарихындағы ең қанды соғыстың батырларына құрмет көрсетеміз. Кеңес мемлекеті фашизмді жеңіп, Екінші дүниежүзілік соғыстан ұлы держава мәртебесімен шықты және Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін қалаушы…
SteppeNews.kz: Уақыт керуені алға жылжыған сайын сұрапыл соғыстың тірі куәгерлері – ардақты ардагерлеріміздің қатары сиреп, тарих қойнауына еніп барады. 2026 жылдың 1 мамырындағы ресми мәліметке сәйкес, бүгінде елімізде Ұлы Отан соғысының небәрі 57 ардагері қалды. Бұл көрсеткіш бізге бейбіт күннің құны қаншалықты қымбат екенін және Жеңіс сыйлаған қаһармандарға деген құрметтің еселенуі тиіс екенін тағы бір мәрте еске салады. Мемлекет тарапынан биыл әрбір майдангерге айрықша қолдау көрсетіліп, олардың әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем берілуде. Өкінішке қарай, демографиялық статистика қатал шындықты алға тартады. Соңғы бес жыл ішінде еліміздегі фронтовиктер саны жеті есеге жуық азайған. Егер салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2022…
SteppeNews.kz: 28 гвардияшы панфиловшылар саябағында өткен мерекелік концертке қала тұрғындары көптеп жиналды. Таңғы сағат 10:00-де басталған шарада отандық өнер жұлдыздары халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, патриоттық әндер орындады. Сахнада Роза Рымбаева, Серікбол Сайлаубек, «КешYOU», «Muzart Life» және басқа да өнерпаздар өнер көрсетті. Мерекелік күн барысында Даңқ мемориалына гүл қою рәсімі ұйымдастырылып, соғыс ардагерлері мен Отан жолында қаза тапқан батырлардың рухына құрмет көрсетілді. Сонымен қатар қала көлемінде театрландырылған қойылымдар, әдеби кештер, қайырымдылық акциялары және түрлі мәдени бағдарламалар өтті. Мереке тұрғындарға ерекше әсер сыйлап, бейбіт өмірдің қадірін тағы бір мәрте еске салды.
SteppeNews.kz: Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның су және энергетика ведомстволарының өкілдері хаттамаға қол қойды. Құжат алдағы екі айда Тоқтоғұл су қоймасынан жіберілетін судың көлемі мен режимін айқындайды. Келіссөздерде Қазақстан тарапынан министрлер Ерлан Ақкенженов пен Нұржан Нұржігітов болды. Кездесудің басты тақырыбы — егістік жұмыстары кезінде еліміздің оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету. ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бекітілген кестелер Қазақстан мен Өзбекстан аграрларына суармалы су маусымын іркіліссіз бастауға мүмкіндік береді. Келіссөздердің келесі кезеңі маусым айында Бішкекте өтеді. Онда тараптар шілде, тамыз және қыркүйек айларындағы су көлемін талқылайды. Сондай-ақ ведомство 2025 жылдың қыркүйегі мен 2026 жылдың сәуірі аралығында Қазақстан Қырғызстанның энергия жүйесіне 1560 млн…