SteppeNews.kz: FURIA командасының ойыншысы Даниил «Molodoy» Голубенко PGL Astana 2026 турниріндегі команданың басты мақсаты — чемпион атану екенін айтты. Киберспортшы Қазақстанда Counter-Strike пен жалпы киберспортқа қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, елдегі киберспорт сахнасы біртіндеп дамып, бұл бағытқа балалар ғана емес, ересектер де белсенді қызығушылық таныта бастаған. Molodoy плей-офф кезеңіне шығу мен жанкүйерлер алдында аренада өнер көрсетудің маңызы зор екенін айтты. Команда артық қысымға бой алдырмай, өз ойын көрсетуге және сенімділікті сақтауға тырысып жатқанын жеткізді. Алдыңғы матчтағы жеңістен кейін ойыншы командада жағымды эмоция мен қосымша мотивация пайда болғанын айтты. Оның сөзінше, былтыр ұжымға турнир жеңісіне жету үшін аз…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Қазақстанда 2,18 млн шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 71%-дан астамы — жеке кәсіпкерлер. Алайда салық жүйесінің цифрлануы жағдайында тіпті болмашы қателіктердің өзі бизнеске ауыр қаржылық салдар әкеліп жатыр. Қазір банк операциялары, электронды шот-фактуралар, онлайн-кассалар мен контрагенттер туралы мәліметтер салық органдары тарапынан автоматты түрде және іс жүзінде нақты уақыт режимінде салыстырылады. Соның нәтижесінде көптеген заңбұзушылық ерте кезеңде-ақ анықталады. Салық кеңесшісі, қаржыгер әрі Qazaq Expert Club сарапшысы Раушан Тасшоинова Telegram-арнасында кәсіпкерлер арасында ең жиі кездесетін мәселенің бірі — бизнесті «бұрынғыша» жүргізу екенін жазды. «2026 жылы Салық кодексіне енгізілген өзгерістерден кейін бизнес күнделікті жұмыста қымбатқа түсетін қателіктерге жиі тап болып…
SteppeNews.kz: Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қытай Халық Республикасына ресми мемлекеттік сапармен келді. Бұл маңызды дипломатиялық қадам екі алпауыт мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған. Сапар барысында Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ лидері екіжақты байланыстардың ең өзекті мәселелерін, сондай-ақ жаһандық даму мен бейбітшілік тақырыптарын талқылайды деп күтілуде. Бұл туралы SteppeNews.kz BigAsia.ru сілтеме беріп хабарлайды. Қытай СІМ ресми өкілі Го Цзякунь мемлекет басшылары деңгейіндегі дипломатияның екі ел болашағы үшін стратегиялық маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Министрлік өкілі екі мемлекет арасындағы теңдік пен өзара құрмет қағидаттарына тоқталды. «Қытай АҚШ-пен теңдік, өзара құрмет және өзара тиімділік рухында ынтымақтастық орнатуға дайын. Біз…
SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің соңғы ресми деректеріне сүйенсек, елімізде білім алып жатқан Қытай азаматтарының санында айтарлықтай өсім байқалады. Бүгінде қазақстандық жоғары оқу орындарында 3 367 Қытай студенті білім алуда. Өсім динамикасы таңғалдырарлық: егер 2020 жылы олардың саны небәрі 977 болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2 089-ға жетіп, биыл 3,3 мыңнан асып жығылды. Осылайша, Қытай елімізге ең көп студент жіберетін мемлекеттер арасында Үндістан, Түркіменстан және Өзбекстанмен қатар үздік бестікке нық жайғасты. Осы орайда, еліміздегі жетекші оқу орны — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор…
SteppeNews.kz: Қазақстанда маркетплейстер мен сауда желілеріне «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарларды белсендірек ілгерілету міндеттелмек. Бұл талаптар отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айналды. Жаңа бастамаға сәйкес, дүкен сөрелеріндегі өнімдердің кемінде 30 пайызы қазақстандық тауарлар болуы тиіс. Бұл ретте тауардың санына ғана емес, оның орналасу тәртібіне де басымдық беріледі. ҚР Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айжан Бижанова атап өткендей, отандық өнімдер сатып алушыға бірден көрінетін ең қолайлы жерлерге, яғни көз деңгейіндегі «алтын сөрелерге» қойылуы керек. Оның айтуынша, дәл осы орындар тұтынушы назарын тез аударып, сауданың жүруіне септігін тигізеді. Ведомство өкілі қазақстандық өндірушілердің дүкендердегі мұндай тиімді орындарды иеленуге толық…
SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес, үкімет 2026 жылғы 1 шілдеге дейін мектептерге жасанды интеллектті (ЖИ) енгізудің 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітеді. Құжатта дербестендірілген оқыту тетіктерін жасау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, педагогтарды даярлау және оқушылардың жеке деректерін қорғау шаралары қарастырылған. Сондай-ақ билік орта білім беру саласында пилоттық жобаны іске қосу және кейіннен оның ауқымын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс. Жарлықта бұл бастамаларды жүзеге асыру кезінде ЖИ саласындағы сарапшы Ли Кай-Фудың ұсынымдары пайдаланылатыны атап өтілген. 2026 жылғы 1 тамызға дейін пилоттық жобаға қатысатын мектептерді қажетті…
SteppeNews.kz: Қазақстанда бақбақ жұлғаны үшін 13 млн теңге айыппұл салынады деген ақпарат қоғамда үлкен талқылау тудырды. Алайда бұл шектеу тек өсімдіктің бір түріне ғана қатысты. Елімізде бақбақтың сирек кездесетін түрін жойғаны үшін 13 млн теңгеге жуық айыппұл арқалау мүмкін. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz informburo.kz сілтеме беріп. Оның түсіндіруінше, заң бойынша қатаң жаза тек Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін көк-сағыз бақбағын жойғандарға қолданылады. Бұл тыйым өзге бақбақ түрлеріне жүрмейді, тек осы бір ерекше өсімдікті қорғауға бағытталған. Аталған өсімдікті жойғаны үшін 3000 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылы бұл 12 975 000 теңгеге тең)…
SteppeNews.kz: Сәуірдің соңында бір тәулік ішінде планетаның ең ыстық 50 қаласының барлығы Үндістанда орналасқан. Бұл туралы ауа сапасын бақылайтын AQI платформасы хабарлады. Рейтинг күндізгі ең жоғары және түнгі ең төменгі көрсеткіштерді қоса алғанда, тәуліктік орташа температура негізінде, сондай-ақ ылғалдылық, жел мен жауын-шашын мөлшерін ескере отырып жасалады. 27 сәуірде Үндістанның 50 қаласында орташа максималды температура 44,7°C-қа жетті. Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында орналасқан Банда ең ыстық қала деп танылды. Сол күні мұнда термометр бағаны 46,2°C-қа дейін көтерілсе, тіпті түнде де 34,7°C-тан төмен түспеген. Тізімдегі 50-інші орынды Джайсалмер қаласы иеленді. Мұндағы ең жоғары температура 44,1°C, ал ең төменгі көрсеткіш 30,5°C болды. Аптап ыстық…
SteppeNews.kz: Аргентинаға экспедиция ретінде басталған сапар жаһандық медициналық операцияға ұласты. MV Hondius круиздік лайнері сирек кездесетін хантавирустың ошағына айналды. Індет салдарынан қазірдің өзінде үш адам көз жұмды, ал бірнеше елдің билігі өз азаматтарын құтқару үшін арнайы борттарды жұмылдыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Steppenews Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. ДДҰ бақылауындағы эвакуация Бортында 147 адамы бар круиздік кеме Канар аралдарындағы Тенерифе жағалауына келіп тоқтады. Адамдарды эвакуациялау шаралары пандемия туралы фильмдердің кадрларын еске түсіреді: жолаушыларды жағаға шағын қайықтармен жеткізіп, содан кейін автобустармен әуежайға тасымалдады. 2026 жылғы 11 мамырдағы мәлімет бойынша, әлемнің 19 елінен келген туристердің барлығы дерлік кемені тастап шыққан. Репатриация процесі қатаң…
SteppeNews.kz: Еліміздегі медицина саласындағы кадр мәселесі күрделене түсуде. Соңғы деректерге қарағанда, бос тұрған 469 орынды толтыруға тек 100 маман дайын. Еңбек министрлігі нарықтағы мұндай теңгерімсіздіктің, әсіресе, акушерлік және педиатрия бағыттарында айқын сезілетінін хабарлады. Enbek.kz порталында «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша 469 бос орынға небәрі 100 түйіндеме, «педиатр» бойынша 448 бос орынға 139 түйіндеме, ал «анестезиолог-реаниматолог» бойынша 300 бос орынға 75 түйіндеме тіркелген. Сонымен қатар онколог, неонатолог және эндокринолог мамандары да жетіспейді. IT саласында да сұраныс жоғары: қолданбалы бағдарламашыларға — 509, графикалық дизайнерлерге 355 бос жұмыс орны бар. Бірыңғай есепке алу жүйесінің мәліметінше, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 45 мыңнан астам еңбек шарты жасалған.…