SteppeNews.kz: Алматыдағы JAS.BRANDS агенттігі әзірлеген SAF Qymyz жобасы Нью-Йоркте өткен халықаралық DIELINE Awards 2026 сыйлығында алтын марапатқа ие болды. Бұл туралы Алматы қалалық туризм басқармасы хабарлады.
Жоба алкогольсіз және әлсіз алкогольді сусындарға арналған концептуалды дизайн аталымында үздік деп танылып, әлемнің түкпір-түкпірінен түскен 1500-ден астам өтінімді басып озды. Марапаттау рәсімі 6 мамыр күні LUXE PACK көрмесі аясында өтті.
SAF Qymyz — дәстүрлі қымыздың заманауи үлгіде қайта ұсынылған нұсқасы. Жоба авторлары алюминий құтының дизайнын қазақтың дәстүрлі кесесінің пішінінен шабыттанып, минималистік стильде әзірлеген. SAF атауы қазақтың «саф» сөзінен шыққан, мағынасы — «таза».
DIELINE Awards — қаптама дизайны саласындағы әлемдегі ең беделді сыйлықтардың бірі саналады. SAF Qymyz жобасының жеңісі қазақстандық креатив индустриясы үшін маңызды оқиғаға айналып, Алматыда жасалған жобалардың халықаралық деңгейде мойындалып жатқанын көрсетті.
Туризм басқармасының мәліметінше, мұндай жобалар Алматыны ұлттық мәдениет дизайн, гастрономия және шығармашылық индустриялар арқылы жаңаша танытатын заманауи креатив орталық ретінде ілгерілетуге ықпал етеді.
