SteppeNews.kz: Алматыда «Музейлер түні-2026» ауқымды мәдени акциясы дүркіреп өтті. Сағат 18:00-ден түн жарымына дейін қаланың ең ірі 6-7 музейі есігін тегін айқара ашты. Бұл түн мәдени марафонға ғана емес, нағыз рекордтар шеруіне айналды. Мәдениетсүйер қауымның басты бас қосу нүктесі — 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінің алды болды. Дәл осы жерде, музей жанындағы алаңда ерекше қозғалыс пен халықаралық деңгейдегі оқиға қатар өріліп жатты. Мадина Ашилова өз командасымен бірге кешкі сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін оқиға ортасында болып, нағыз мерекелік, ашық әрі көңілді атмосфераны сезініп қайтты. Музей алдындағы алаңда белгілі тревел-блогер, журналист Мадина Ашилованың Гиннестің рекордтар кітабына ену мақсатындағы…
Автор: Saya
Автор: экономист, Qazaq Expert Club тең құрылтайшысы Бауржан Шурманов SteppeNews.kz: Нарықта «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының ықтимал IPO-сы талқыланып жатқан кезде, компания 2025 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады. Қорытынды біржақты емес: бір жағынан – рекордтық пайда мен транзиттік табыстың өсуі, екінші жағынан – жоғары қарыз жүктемесі мен құрылымдық қаржылық тәуекелдер. Іс жүзінде, біз Қазақстанның географиялық артықшылығын тиімді табыс көзіне айналдыра алған, бірақ әлі де тұрақты қаржылық қысым жағдайында жұмыс істеп отырған классикалық инфрақұрылымдық алпауытты көріп отырмыз. Транзит өсімі аясындағы рекордтық пайда 2025 жыл ҚТЖ үшін қаржылық нәтиже тұрғысынан ең табысты кезеңдердің біріне айналды. Топтың таза пайдасы екі еседен астам өсіп,…
SteppeNews.kz: Атырау облысындағы Жангелдино ауылында болған көпшілік талқысына түскен қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы айыпталушының күтпеген мәлімдемесімен басталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Halyqstan-ға сілтеме беріп. Бұрынғы әйелінің төрт туысын өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев сотта кінәсін жоққа шығармайтынын айтты. Алайда ол қайғылы оқиғаның басты себебі ретінде әйелінің туыстарының отбасылық өмірге шамадан тыс араласуын атады. Прокурор айыптау актісін оқып болғаннан кейін Сәрсемәлиев әйелінің туыстары өз отбасына қысым көрсетіп, некенің бұзылуына және ақыры ажырасуға себеп болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол өз әрекеті үшін жауапкершіліктен қашпайтынын және жазаға дайын екенін айтты. Сот барысында прокурор тергеуге қатысты бұған дейін жарияланбаған жаңа мәліметтерді де айтты.…
SteppeNews.kz: Астана төрінде Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған «Туризм саласының үздігі» марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара аясында еліміздің табиғаты мен мәдениетін цифрлық әлемде насихаттап жүрген үздік тревел-блогерлер мен контент жасаушылар марапатталды. Министр Ербол Мырзабосынов сала мамандарының еңбегін жоғары бағалап, олардың қызметі еліміздің халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Шараның ең ерекше сәті — «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басшысы Талғат Ғазизовтың «Global Nomads» брендімен бірлесіп жасалған «Unlock Kazakhstan» атты алғашқы туристік өнімдер топтамасын таныстыруы болды. Бұл тек киім немесе аксессуарлар жиынтығы емес, заманауи технология мен ұлттық нақышты тоғыстырған бірегей жоба. Топтамадағы бұйымдарға арнайы NFC-таңбалар енгізілген.…
SteppeNews.kz: Жамбыл облысында халықаралық транзиттік дәліздің маңызды буыны саналатын «Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы – Қорғас» автожолының Күйік асуы учаскесінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, көлік қозғалысы ресми түрде ашылды. 546–557 шақырым аралығын қамтитын бұл нысанның ашылу салтанатына өңір басшылығы, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистикалық әлеуетті арттыру және жол қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Ескі Күйік асуы – «Өзбекстан – Қазақстан – Қытай» бағытындағы халықаралық көлік дәлізінің ажырамас бөлігі. Ол тек Шымкент пен Тараз қалаларын ғана емес, еліміздің оңтүстік өңірлерін өзара байланыстыратын күре жол болып табылады.…
SteppeNews.kz: Мамырдың 18-і — қазақ мәдениеті мен әлемдік әдебиет кеңістігінде айрықша орны бар тұлға, ақын әрі лингвист-ғалым Олжас Омарұлы Сүлейменовтің туған күні. Бүгін заңғар жазушы тоқсан жастың белесіне шығып отыр. Бұл дата тек бір тұлғаның өмір жолы емес, тұтас бір дәуірдің тарихы мен рухани құндылықтарын саралайтын маңызды кезең. Олжас Сүлейменов — өз шығармашылығымен ұлттық сананың көкжиегін кеңейтіп, қоғамдық ой-пікірдің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Оның еңбектері әлемдік әдебиет пен тарихи-лингвистикалық ғылымның алтын қорына енді. 1961 жылы жарық көрген «Земля, поклонись человеку!» поэмасы адамзаттың ғарышты бағындыру рухын дөп басып, автордың есімін дүниежүзіне танытты. Алайда оның ғылыми ерлігі мен ізденімпаздығының шыңы…
SteppeNews.kz: Елордада LRT желісінде техникалық кідіріс орын алып, жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы жағдайды қиындатты. Поезд ішінде ауа жетпей, жолаушылар арасында үрей туындаған. Астанада LRT вагондарының бірі жолда 30 минуттан астам уақытқа тұрып қалды. Куәгерлердің айтуынша, вагон ішінде кондиционерлер сөніп, ауа тар болған. Салдарынан балалар жылап, кейбір адамдардың денсаулығы сыр берген. Тығырыққа тірелген жолаушылар арасында терезені шағуға әрекет жасағандар да болды. City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі бұл кідірістерге жолаушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы да себеп болғанын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, желіде жолаушылардың платформадағы апаттық тежегіш түймесін негізсіз басуы, пойыз ішіндегі қорғаныш әйнегінің артында орналасқан апаттық есікті ашу түймесін іске қосуы,…
SteppeNews.kz: Алматыдағы Бутаков сарқырамасына барған бір топ жасөспірім табиғи нысанға жазу қалдырып, кейін оларды өз қолымен өшіруге мәжбүр болды. Сарқырама аумағындағы тастарға түрлі жазулар жазылғаны туралы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдері хабарлады. Ұлттық парк мәліметінше, қызметкерлер тастарға келушілер қалдырған жазуларды анықтап, оқиғаға байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Кейін құқық бұзушылыққа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары ұйымдастырылды. Тексеру барысында оқиғаға Gemini Education білім беру орталығының оқушылары қатысы бар екені белгілі болды. Әңгімелесуден кейін жасөспірімдерге щетка беріліп, олар тастардағы жазуларды, соның ішінде «Ернар», «Әділ» секілді өз есімдерін де өздері тазалап өшірді. Сонымен қатар оқушылар табиғи нысанға келтірілген зиян үшін кешірім сұрады. Іле-Алатауы…
SteppeNews.kz: Жасанды интеллектіні енгізу салдарынан алдағы 10 жылда 400 мыңға дейін адам жұмысынан айырылуы мүмкін деген Еңбек министрлігінің мәлімдемесі Қазақстан үшін маңызды сигналға айналды. Бұл еңбек нарығы мен ел экономикасына қалай әсер етуі мүмкін? Осы тақырыпқа қатысты Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Саида Тлеуленова пікір білдірді. «Бүгінде Қазақстан экономикасында шамамен 9,8 млн адам жұмыспен қамтылған*. 400 мың жұмыс орнының қысқаруы – елдегі жалпы жұмыспен қамтудың шамамен 4%-ы, ал еңбек нарығы үшін бұл айтарлықтай көрсеткіш», – дейді сарапшы. Сонымен бірге, оның айтуынша, жасанды интеллект Қазақстан экономикасы үшін тек қауіп емес, жаңа мүмкіндіктер көзі де бола алады. «PwC бағалауы бойынша, – деп…
SteppeNews.kz: Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жан басына шаққандағы су тұтыну көлемі ең төмен мемлекет ретінде аталды деп хабарлайды SteppeNews.kz Informburo.kz-ге сілтеме беріп. World Population Review дерегіне сәйкес, ел тұрғындары тәулігіне орта есеппен 3397 литр су пайдаланады. Бұл көрсеткішке тұрмыстық қажеттілік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы су шығыны кіреді. Өңірдегі өзге елдерде тәуліктік су тұтыну көлемі едәуір жоғары: • Қырғызстан — 4153 литр;• Тәжікстан — 4460 литр;• Өзбекстан — 4778 литр;• Түрікменстан — 15 445 литр. Түрікменстан су тұтыну бойынша Орталық Азияда ғана емес, әлемде де бірінші орында тұр. Салыстыру үшін, Еуропа елдеріндегі көрсеткіш әлдеқайда төмен. Мәселен, Германияда бір…