Автор: Saya

Қызылорда қаласындағы «Арай» орталық демалыс паркінде орын алған қайғылы жағдайдың жаңа мәліметтері белгілі болды. Аттракционда аяғынан айырылған 18 жастағы бозбала қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz Informburo.kz — ке сілтеме жасап. Саябақ басшылығымен айналысатын «Сыр самалы» ЖШС директорының орынбасары Ғани Тұрсекеевтің сөзіне сүйенсек, зардап шеккен азамат аталған демалыс орнында аттракцион операторы болып қызмет атқарған. Бозбала бұл жұмысқа жазғы каникул кезінде қосымша табыс табу мақсатында орналасқан екен. Ол негізгі уақытта медициналық колледжде білім алады. «Біздің қызметкеріміз, яғни оператор жігіт, аттракционның қоршауынан ішке кіріп кеткен. Оның ол жерге не себепті барғанын қазіргі уақытта арнайы тексеруші органдар анықтап жатыр. Қауіпсіздік техникасының…

Read More

Қазақ мәдениеті мен айтыс өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Астана – Қостанай бағытындағы тасжолда болған қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан белгілі айтыскер ақын, «Мәдениет саласының үздігі» Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов өмірден озды. Бұл туралы SteppeNews.kz ақпараттық порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Суық хабарды жеткізген марқұмның әріптесі Марғұлан Оспановтың сөзінше, ерлі-зайыптылар Астана қаласынан таңғы сағат төрт шамасында Қостанайға қарай бет алған. Олар дәл сол күні мектепті үздік тәмамдап, қызыл аттестат пен «Алтын белгі» алуы тиіс болған қыздары Алтынайдың салтанатты жиынына үлгеру үшін асыққан екен. Қайғылы оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының арасындағы күре жолда орын алды. Жүректі сыздатқан…

Read More

АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Канастота қаласындғы» Халықаралық бокс даңқы залына» жаңа мүшелерді қабылдау салтанаты өтті. Бұл элиталық клубқа Қазақстан тарихында тұңғыш рет даңқты боксшы Геннадий Головкин енді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Olympic.kz — ке сілтеме жасап. Геннадий Головкин бұл мәртебеге алғашқы мүмкіндіктен-ақ ие болды. Енді оның есімі Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сияқты әлемдік бокс аңыздарымен бір қатарда тұр. «2026 жылғы таңдаулылар» қатарына отандасымызбен бірге ерлер арасында Антонио Тарвер (АҚШ) мен Найджел Бенн (Ұлыбритания), сондай-ақ әйелдер арасында япониялық Наоко Фудзиока мексикалық мен Джеки Нава енді. Геннадий Головкиннің бұл мәртебеге ие болуы оның рингтегі бірегей әрі феноменалды статистикасымен тікелей байланысты. Ол әуесқой…

Read More

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты жалған шот-фактура жазу арқылы мемлекетке жүздеген миллион теңге шығын келтірген Түркия азаматы Чатал Эмреге қатысты үкім кесті, деп хабарлайды SteppeNews.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап. Сот анықтағандай, қылмыстық схема 2020 жылдан бастап жұмыс істеген. Чатал Эмре бұған дейін сотталған Сердар Гираймен бірлесіп, өздеріне бағынышты бірнеше ЖШС (GIRAY HOLDING, GMS Granit, CMS Grup т.б.) арқылы іс жүзінде атқарылмаған жұмыстар мен қызметтерге жалған құжаттар рәсімдеп отырған. Бұл фирмалардың көбі Түркия азаматтарына тіркелгенімен, олардың өндірістік базасы, қоймалары мен жұмысшылары болмаған. Жалған құжаттар контрагенттерге салықтан жалтаруға мүмкіндік берген. Тек «GMS Granit» компаниясы арқылы 2023 жылдың наурыз-маусым айларында мемлекетке 482,4 млн теңге,…

Read More

Қостанай облысы Тобыл өзеніндегі іздестіру жұмыстары аяқталды. Суға шомылу кезінде жоғалып кеткен қарт кісі мен оның алты жасар немересінің мәйіттері табылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Қайғылы жағдай 14 маусымда Алтын дала ауылының маңында, шомылуға тыйым салынған жерде болған. 2020 жылы туған бала су ағысына түсіп кетіп, оны құтқармақ болған 1967 жылғы атасы да суға батып кеткен. 16 маусымда құтқарушылар баланың денесін оқиға орнынан 1,5 шақырым, ал ер адамның денесін 5 шақырым төмен жерден тапты. Іздестіруге ТЖД, полиция, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Read More

Жетісу — аспанмен тілдескен чемпиондар мекені. Маусым айында бұл өңір әлемнің 33 елінен келген 150-ден астам үздік пилоттың басын қосып, авиациялық спорттың орталығына айналды. Шара аясында ұйымдастырылған инфотурға бірнеше отандық медиа өкілдері қатысып, дүбірлі доданың куәсі болды және парапланмен ұшудың ерекше сезімін өз тәжірибелерінен өткерді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. БАҚ өкілдерінің сапары Ескелді ауданындағы «Тау Жетісу» туристік орталығынан басталды. Бағдарлама аясында журналистерге парапланмен тандемде ұшу мүмкіндігі берілді. Бұл ретте SteppeNews.kz тілшісі Мадина Ашилова үшін ұшу процесі үлкен сынаққа айналды. Старт алдындағы үрей мен аяқтың діріліне қарамастан, ол соңғы секундта нұсқаушыға 100% сенім артып, алға ұмтылды. Журналистің айтуынша, аспанға көтерілген сәтте қорқыныштың…

Read More

Жетісудың көгінде қанат қаққан армандар. Бұл күндері Текелі мен Ескелді ауданының аспаны әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік парапланшылардың шеберлік алаңына айналды. Жетісу төрінде парапланерлік спорт бойынша Әлем кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz. 10-28 маусым аралығында ұйымдастырылған халықаралық додаға 33 мемлекеттен келген 150-ден астам пилот қатысуда. Олар тау мен желдің тілін ұғып, көк жүзінде дәлдік пен кәсібиліктің нағыз үлгісін көрсетіп жатыр. Қазақстан намысын жеті спортшы қорғауда. Дүбірлі жарыстың ресми ашылуы 14 маусым күні Талдықорған қаласының жағажайында өтті. Көпшіліктің есінде ерекше қалған сәттердің бірі – әлемдік деңгейдегі пилоттардың әуе шоуы болды. Мыңдаған көрермен көз алмай тамашалаған көрсетілім кезінде спортшы аспанда әсерлі…

Read More

Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық кино жобасының өндірістік жұмыстары басталды деп хабарлайды SteppeNews.kz, KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме беріп. Алғашқы түсірілім кадрлары Маңғыстаудың ерекше табиғи ландшафттарында, соның ішінде әлемге танымал Бозжыра шатқалында түсірілген. Киножобаның негізгі түсірілім локацияларының бірі ретінде дәл осы аймақ таңдалған. 7–12 маусым аралығында түсірілім алаңында 35 адамнан тұратын халықаралық шығармашылық топ жұмыс істеген. Жоба аясында өңірдің табиғи көріністері мен ерекше географиялық нысандары кеңінен пайдаланылуда. Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдері түсірілім тобы мүшелерімен кездесіп, өңірдің киноиндустрия үшін ашық екенін және мұндай ауқымды жобаларды қолдауға дайын екенін атап өтті. Әкімдік мәліметінше, бұл жоба…

Read More

HONOR компаниясы жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жабдықталған жаңа HONOR 600 смартфонын таныстырды. Құрылғының басты ерекшелігі – 200 мегапиксельді камерасы мен фотосуреттерді өңдеуге арналған AI-құралдары бар деп хабарлайды SteppeNews.kz. Смартфондағы «Фотоны видеоға айналдыру» функциясы кәдімгі суреттерді қысқа бейнероликке айналдырып, кадрларға қозғалыс пен тереңдік әсерін береді. Сонымен қатар қолданушылар фотодағы қажетсіз нысандарды өшіріп, кадр шекарасын кеңейтіп немесе ескі суреттердің сапасын жақсарта алады. HONOR 600 Magic Color мүмкіндігі арқылы әртүрлі фотостильдерді ұсынады. Ал AI Photo Agent функциясы фонды жою, жазуларды өшіру және суреттерді түрлі мақсатқа бейімдеу сияқты жұмыстарды жеңілдетеді. Құрылғы 200 МП камерамен қатар AI Super Zoom технологиясымен жабдықталған. Ол алыстағы нысандарды анық түсіруге…

Read More

Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына алғашқы жеңісті салды деп хабарлайды SteppeNews.kz.  60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз турнирдегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, келесі кезеңге жолдама алды. Осылайша Теміржанов Қазақстан құрамасының Қытайдағы Әлем кубогындағы алғашқы жеңісінің авторы атанды. Тәжірибелі боксшы жекпе-жек барысында жоғары техникалық шеберлігін көрсетіп, қарсыласынан басым түсті. Оның сенімді өнер көрсетуі жанкүйерлер мен мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Серік Теміржанов – Қазақстан боксының белді өкілдерінің бірі. Ол 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Токио Олимпиадасының қатысушысы. Бұған дейін де…

Read More