Автор: Saya

Ипотекалық мөлшерлемелерді енгізу мерзімі кейінге қалдырылды. Жаңа ипотекалық мөлшерлемелер биыл шілдеден бастап енгізілуге тиіс еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк оны енгізу мерзімін 2027 жылға шегеруді ұсынып отыр. Негізгі өзгерістер Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) кепіл құны мен несие сомасының арақатынасына (LTV коэффициенті) қарай белгіленеді. Өтпелі кезең: 2026 жылғы 1 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін шекті мөлшерлеме 25% деңгейінде сақталады. LTV коэффициентіне байланысты шарттар Егер LTV (кепіл құны мен несие сомасының арақатынасына ) ≤ 70% қарыз алушы тұрғын үй құнының кемінде 30%-ын өзі төлесе, ипотека бойынша шекті ЖТСМ 20% болады. Егер LTV > 70% бастапқы…

Read More

Turkish Airlines ұшағы Анталья әуежайындағы радар діңгегіне соқтығысты. Оқиға әуе кемесі жүру жолағымен тұрақ орнына қарай бет алғанда болған. Ұшақ қате жүру жолағына түсіп кеткен. Ұшақ бортында 267 жолаушы болған. Олардың барлығы эвакуацияланды. Оқиға салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алған. Boeing 777 ұшағы Ыстанбұл — Анталья бағыты бойынша рейс орындаған. Лайнер мен радиолокациялық діңгек зақымданды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Turkish Airlines компаниясына сілтеме жасап. Радиолокациялық діңгек — әуе қозғалысын басқару жүйесіне тиесілі. Оқиғадан кейін Анталья әуежайы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Turkish Airlines әуе компаниясы Turkish Airlines — Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол әлемдегі ең ірі бағыттық желіге ие. Көптеген елге…

Read More

Елімізде  электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беріледі. Оның түсі жасыл болуы мүмкін. Электромобильдерге арналған жасыл нөмір — экологиялық көліктерді қолдаудың символы. Сенат цифрландыру мен көлік саласындағы жаңа технологияларды реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанда экологиялық көліктерге арналған жаңа жүйе биыл жазда қабылданады. Бірақ жүргізушілер нөмірді бірден ала алмайды. Себебі алты ай өтпелі кезең болады. «Бұл өзгеріске бюджеттен қаржы жұмсалмайды, себебі тек нөмірдің түсі өзгереді. Дизайн жаңартылады»,- деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Заң жобасындағы өзге де өзгерістер Жаңа заңда көлік саласындағы бірнеше маңызды бағыт қамтылды. Жүргізушісіз көліктер қозғалысын реттеу. Электросамокаттар мен шағын электр көліктерінің жол қозғалысына шығуына шектеу…

Read More

Футболдан әлем чемпионаты басталды Күллі әлем көз тіккен футбол мерекесі Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында ашылды. Ашылу рәсімінде Шакира, Бурна Бой, және Джей Бальвин сынды әлем жұлдыздары көрерменге ерекше шоу ұсынды. Шакира «Waka Waka» хитін орындады. Биылғы турнирді үш мемлекет қабылдап отыр. Олар — Мексика, Канада және АҚШ елдері. Әр ел өз стадионында жеке ашылу шоуын ұйымдастырады. Турнир ауқымы Додаға 48 құрама қатысады. 104 матч өткізіледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін бұл — тарихтағы ең ірі чемпионаттардың бірі. Әлем чемпионатын тікелей эфирде қайдан көрсе болады? Тартысты ойындарды отандастарымыз «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Футболдан әлем чемпионаты — мәдениеттерді тоғыстыратын,…

Read More

Қазақстандықтарға бизнес ашуға 1,7 млн теңгеден грант беріледі Елімізде кәсіпкерлік бастамаларға қайтарымсыз гранттар халықтың әлеуметтік осал санаттарына бөлінеді. Өтінім қабылдау маусымның  24 мен шілденің 8 аралығында Business.enbek.kz порталында жүргізіледі.  Қайтарымсыз грант мөлшері  Қайтарымсыз қолдау, бір рет қана беріледі. Оның мөлшері 400 АЕК немесе 1 730 000 теңгеге тең. Әр азамат грантты тек бір мәрте ала алады. Өтінімді жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар бере алады. Конкурсқа кімдер қатыса алады? Мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер. Әлеуметтік санаттар: Мүгедектігі бар адамдар Қандастар Өңіраралық қоныс аударушылар АӘК алушылар Көпбалалы отбасылар Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және олардың жұбайлары. Асыраушысынан айырылу бойынша…

Read More

Қазақстанда ең төменгі жалақы төленетін салалар анықталды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметтегі баспасөз брифингінде еңбекақы деңгейі төмен салаларды атады. Еңбекақы деңгейі төмен салалар: Білім беру Денсаулық сақтау Мемлекеттік қызмет салалары. Білім беру саласы Бұл ең көп жұмыспен қамтылған бағыт. Аталған салада 1,2 миллионнан астам адам еңбек етеді. Орташа жалақы – шамамен 431 мың теңге. Медианалық жалақы – 345–360 мың теңге аралығында.  Жоғары жалақы төленетін салалар: Тау-кен өндірісі Қаржы секторы Өңдеу өнеркәсібі Көлік және қоймалау Бұл салаларда орташа табыс 800–900 мың теңгеге дейін жетеді. «Төмен жалақы төленетін салаларда еңбек ететін адамдардың саны өте көп. Сондықтан олардың еңбекақысын арттыру мәселесі…

Read More

Өркениеттер арасындағы диалогтың халықаралық күніне орай Астанада E-LIGHT 2026 халықаралық жастар мәдени фестивалі өтті. Энергетика, технология, мәдениет және жастар ынтымақтастығын тоғыстырған ауқымды іс-шарада Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікті дамыту, цифрлық трансформация және жас буынның рөлі талқыланды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Фестивальді CNPC Central Asia Ltd. компаниясы Қазақстандағы Қытай елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шара барысында технологиялардың дамуы мен цифрландыру кезеңінде жастардың халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы рөлі сөз болды. Форумның ашылуында CNPC Central Asia Ltd. президенті Ли Шуфэн Қазақстан мен Қытай халықтары арасындағы тарихи достық жаңа бірлескен жобалар мен бастамалардың берік негізі екенін атап өтті. «Бүгінгі іс-шараның барлық сессиялары жастар буынына, жаңа өзара серіктестік пен…

Read More

Италияда қазақстандық студент мерт болды 21 жастағы қазақстандық студенттің денесі Италияның Бриатико қаласында табылған. Оның денесі жағалаудағы жартастар арасында анықталған. Марқұм Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі болған, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ол Италияның Кассино қаласындағы Unicas университетінде үшінші курста білім алып жүрген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ақпаратты растады. Ведомство марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Қазақстанның Италиядағы елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланысып отыр. Олар  қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Қазір Италияның құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен барлық мән-жайды анықтап жатыр. Бұл жағдай Қазақстан азаматтарының шетелдегі қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалу…

Read More

Гонконгта Alatau City жобасы таныстырылды Жаңа экономикалық өсу орталығының таныстырылымы Гонконгта өткен Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстелінде жасалды. Онда Alatau City-дің арнайы құқықтық режимі, инвесторларды қолдау шаралары, сондай-ақ қаржы, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, Web3-индустриясы және инновациялық инфрақұрылымдағы мүмкіндіктері айтылды. Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли-мен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, қаржы және технология салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Іс-шара аясында 6 келісімге қол қойылды.  Қол қойылған келісімдер ANT Digital Technologies (Alipay жүйесі) – финтех жобаларына инвестиция салуға қызығушылық білдірді. Solana Foundation – Web3 технологиялары мен блокчейн саласында ынтымақтастық орнатты. Dasco Capital және Templewater – Қазақстан мен Орталық…

Read More

Ұлттық қор төлемдерінің жаңа есебі жарияланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әрбір балаға 130,71 АҚШ доллары есептелді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. Балаларға арналған Ұлттық қор төлемдері 2024 жылы – 129,38 доллар, ал 2023 жылы – 100,52 доллар болған. 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін бағдарлама аясында 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 млн АҚШ доллары уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударылды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 36,94 млн доллар (201 245 өтініш), білім алуға – 20,94 млн доллар (114 978 өтініш) жұмсалған. Тұрғын үйге жұмсалған қаражат Тұрғын үйге арналған қаражаттың басым бөлігі…

Read More