HONOR компаниясы жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жабдықталған жаңа HONOR 600 смартфонын таныстырды. Құрылғының басты ерекшелігі – 200 мегапиксельді камерасы мен фотосуреттерді өңдеуге арналған AI-құралдары бар деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Смартфондағы «Фотоны видеоға айналдыру» функциясы кәдімгі суреттерді қысқа бейнероликке айналдырып, кадрларға қозғалыс пен тереңдік әсерін береді. Сонымен қатар қолданушылар фотодағы қажетсіз нысандарды өшіріп, кадр шекарасын кеңейтіп немесе ескі суреттердің сапасын жақсарта алады.

HONOR 600 Magic Color мүмкіндігі арқылы әртүрлі фотостильдерді ұсынады. Ал AI Photo Agent функциясы фонды жою, жазуларды өшіру және суреттерді түрлі мақсатқа бейімдеу сияқты жұмыстарды жеңілдетеді.
Құрылғы 200 МП камерамен қатар AI Super Zoom технологиясымен жабдықталған. Ол алыстағы нысандарды анық түсіруге мүмкіндік береді. Смартфонда сыйымдылығы 7000 мАч батарея орнатылған, ал 80 Вт жылдам қуаттау технологиясы қуатты қысқа уақытта толықтыруға көмектеседі.

HONOR 600 Snapdragon 7 Gen 4 процессорымен жұмыс істейді. Сондай-ақ құрылғының қалыңдығы небәрі 7,8 мм, салмағы 190 грамм. Смартфон су мен шаңнан қорғалған және 6,57 дюймдік жарқын экранмен жабдықталған.

Жаңа модель күнделікті қолдануға, контент жасауға және жасанды интеллект көмегімен фото мен видеоны өңдеуге қызығатын пайдаланушыларға арналған.
