Автор: Saya

Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын іске асыру аясында ауқымды құрылыс жұмыстары басталады. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек, деп хабарлайды SteppeNews.kz  BAQ.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Құрылыс кезеңінде Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралығында жолдың қақ ортасындағы екі жолағы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады. Осы жұмыстар жүріп жатқан уақытта қоғамдық көлікке арналған арнайы А-жолағы уақытша өз қызметін тоқтатады. Сондай-ақ бұл аумақтағы бейнебақылау камералары автобус жолағына шыққан жеңіл көліктерді тіркемейтін болады. Жауапты мамандар жүргізушілерге аталған учаскеде кептеліс туындауы мүмкін екенін ескертіп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Еске сала…

Read More

Қытайдың Гуйян қаласында өткен бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі отандық спортшылар үшін аса сәтті аяқталды. Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы халықаралық турнирді жоғары нәтижемен аяқтады. Ел қоржыны 5 алтын және 3 қола медальмен толықты, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетіне (ҰОК) сілтеме жасап. Шешуші жарыс күнінде шаршы алаңға шыққан отандастарымыз жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты. Әйелдер құрамасы сапынан 54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалда Италия өкілі Сирин Чараабиден басым түсіп, ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Сондай-ак 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Виктория Графеева шешуші жекпе-жекте Тайбэйден келген Олимпиада чемпионы Юй-Тин Лиді қапы қалдырып, сенімді жеңіске…

Read More

Қазақстанда шекара арқылы жанармайды заңсыз тасымалдау деректері азаймай тұр. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі шекара маңындағы өңірлерде бақылауды күшейтті деп хабарлайды SteppeNewz.kz, zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, соңғы екі айдың өзінде құқық қорғау органдары шамамен 17 тонна жанар-жағармай материалдарын елден заңсыз шығарудың жолын кескен. Сонымен қатар, қосымша жанармай бактарымен жабдықталған 87 көлік анықталып, олардың иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта шекаралық аудандарда патрульдік полицияның 59 бекеті жұмыс істеп тұр. Мамандар әсіресе жол талғамайтын көліктер мен жанармайды жасырын тасымалдауға бейімделген көліктерге ерекше назар аударуда. Сондай-ақ полиция қызметкерлері көліктерді заңсыз қайта жабдықтауы мүмкін техникалық қызмет көрсету орталықтарын да тексеріп жатыр. Мемлекеттік…

Read More

Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан артистік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында қазақстандық спортшы Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды SteppeNews.kz.  Ерлер арасындағы жеке еркін бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз 248.5525 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады. Алтын медаль Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблинге бұйырды. Ол 255.9600 ұпай еншіледі. Үздік үштікті 246.2639 ұпаймен Италия спортшысы Филиппо Пелати түйіндеді. Айта кетейік, Торонтодағы суперфинал маусымның шешуші жарысы саналады. Оған әлем кубогының кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар ғана қатысады. Биылғы турнирге 22 елден 150-ден астам спортшы жолдама алған. Виктор Друзин үшін бұл маусым сәтті өтіп жатыр. Ол бұған дейін де Әлем кубогының бірнеше кезеңінде жүлдегерлер қатарынан…

Read More

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы аралас 4×400 метрлік эстафетада алтын медаль иеленді деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл жарыста қазақстандық квартет – Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс – жоғары нәтиже көрсетіп, қашықтықты 3 минут 16.75 секундта жүгіріп өтті. Спортшылар жарыс барысында тұрақты қарқын сақтап, негізгі қарсыластары – Үндістан мен Қытай құрамаларын басып озып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша Қазақстан құрамасы аталған эстафетада Азия чемпионы атанып, ел қоржынына кезекті алтын медальді салды.

Read More

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалдық кездесулер мәресіне жетті. Тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасының бес бірдей өкілі халықаралық турнирдің шешуші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап. Шаршы алаңдағы бәсекеде отандық былғары қолғап шеберлері жоғары дайындықтарын көрсетті. Атап айтқанда, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Мартин Сальвадорды қапы қалдырды. Ал 54 келідегі тәжірибелі спортшы Назым Қызайбай тайландтық Натничи Чонгпронглангтан басым түсті. Әйелдер боксынан 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибекованы жеңіп, финалға табан тіреді. Сондай-ақ, ерлер арасында Абылайхан Жүсіпов…

Read More

Азық-түлік, тұрмыстық техника және құрылыс материалдарының қымбаттауын көбіне инфляциямен, валюта бағамының өзгеруімен немесе шикізат бағасының өсуімен байланыстырады. Алайда тауар құнына барған сайын көбірек әсер етіп отырған тағы бір маңызды фактор бар – ол логистика. Соңғы бес жылда теміржол тарифтері 40–70%-ға өсті, халықаралық автотасымалдардың құны тек соңғы бір жылдың өзінде 10–20%-ға қымбаттады, ал кейбір контейнерлік бағыттар бойынша өсім 30%-ға жетті. Жеткізу неге қымбаттап жатыр, көлік шығындарының өсуіне қандай тауарлар көбірек тәуелді және Қазақстан бұл үрдісті тежей ала ма? Бұл туралы Qazaq Expert Club логистика саласының сарапшысы Айнұр Дивеева айтып береді. [19.06.2026 09:32] QAZAQ EXPERT CLUB: Оның айтуынша, логистикалық шығындардың өсуі бірнеше…

Read More

Ингушетияның Карабулак қаласында 15 маусым күні жоғалып кеткен 8 жасар Хизир Дербичевті іздестіру жұмыстары әлі де нәтижесіз. Бұл туралы «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап SteppeNews.kz хабарлайды. Қайғылы оқиға өзен бойында болған. Кішкентай Хизир суға батып бара жатқан досы Адамды көріп, ойланбастан көмекке ұмтылған. Ол досын су бетіне итеріп үлгерген. Соның арқасында Адам жағадағы ағаш тамырларына жабысып, аман қалды. Алайда ағысы қатты өзен Хизирдің өзін іліп әкеткен. Оқиға орнында болған үшінші бала үлкендерді көмекке шақыруға жүгірген. Кейіннен Адам судан шығарылғанымен, Хизирді табу мүмкін болмады. Кішкентай кейіпкерді іздеу шараларының басталғанына бес күннен асты. Құтқару жұмыстарына тек Ингушетияның ғана емес, бүкіл Солтүстік Кавказ аймағының…

Read More

Ақтөбеде автогазозаправка станциясының маңында болған қайғылы оқиға салдарынан үш адам, соның ішінде екі жасөспірім көз жұмды. Тағы бір ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Диапазон» басылымына сілтеме жасап. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусым күні кешке Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан автогаз құю станциясының (АГЗС) аумағында болған. Сағат 22:55-те өрт сөндіру қызметіне станция маңында жеңіл көліктің тұтанғаны туралы дабыл түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар тілсіз жауды 8 минут ішінде толық ауыздықтады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның газ құю станциясының негізгі нысандарына ауысуына жол берілмеді. Осылайша, бұдан да ірі жарылыстың алдын алу мүмкін болды. Өрт…

Read More

Түркістан облысында инвестициялық белсенділік жылдан-жылға артып келеді. Өңір құрылған уақыттан бері экономиканы дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соңғы сегіз жыл ішінде облыс экономикасына жалпы көлемі 7 трлн 570,8 млрд теңге инвестиция тартылған. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткішке өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде қол жеткізілген. Түркістан қаласының рухани әрі туристік орталық ретінде қарқынды дамуы да инвестиция көлемінің ұлғаюына оң әсер етті. Соның арқасында өңірге отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылығы артып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша…

Read More