Алматы қаласында Қазақстанның құқық қорғау органдары, арнайы және күштік құрылымдары қызметкерлерінің арасында шағын футболдан өтетін дәстүрлі «Динамиада-2026» турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл дода — елдің құқық қорғау блогы өкілдері арасындағы ең ірі әрі маңызды спорттық шаралардың бірі. Турнирдің басты мақсаты — ведомствоаралық кәсіби іс-қимылды нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлердің физикалық дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде ел қауіпсіздігінің күзетінде жүрген 6 мықты команда бақ сынасты: 1-орын: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнайы мақсаттағы қызметі (Бас жүлде иегері); 2-орын: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ);…
Автор: Saya
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи газды өңдеу және өнеркәсіптік газ өндіру бойынша әлемдік көшбасшы саналатын америкалық Air Products компаниясының бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді, деп хабарлайды SteppeNews Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында тараптар газ өңдеу және өнеркәсіптік газ өндірісі саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің болашағын пысықтады. Президент өз сөзінде Америка Құрама Штаттарының Қазақстан үшін ең ірі әрі маңызды экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтіп, еліміздің өзара тиімді байланыстарды одан әрі кеңейтуге барынша мүдделі екенін жеткізді. Өз кезегінде Эдуардо Менезес Air Products компаниясының отандық нарыққа, оның ішінде газ өңдеу, газ химиясы және көмірді терең өңдеу бағыттарындағы…
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының кәмелетке толған қатысушыларына 2024 жылы есептелген қаражаттың 84,9%-ы немесе 30,6 млн доллардың шамамен 26 млн доллары пайдаланылмаған. Qazaq Expert Club қаржы сарапшысы Венера Жаналинаның айтуынша, мәселе бұдан да кең әрі жүйелі сипатқа ие. Оның айтуынша, жалпы алғанда 2023–2024 жылдары қатысушылар 18 жасқа толғаннан кейін пайдалануға болатын 106,2 млн доллардың шамамен 74,6 млн доллары қозғалыссыз қалған. Яғни қаражаттың шамамен 70%-ы игерілмеген*. [16.06.2026 09:11] QAZAQ EXPERT CLUB: «Мұнда барлық балаларға есептелген жинақтар туралы емес, тек 18 жасқа толған және қаражатын білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға…
Футболдан Әлем біріншілігінің алғашқы турында Өзбекстан құрамасы ФИФА рейтингінде 13-орында тұрған Колумбиямен кездесіп, 1:3 есебімен жол берді. Кездесуде латынамерикалықтар басымдық танытып, бірінші таймның соңында Муньостың голымен алға шықты. Екінші таймда өзбекстандық бапкердің жасаған тактикалық ауысымдары сәтті болып, ойынның 60-минутында Аббосбек Файзуллаев есепті теңестірді. Бұл гол Өзбекстанның Әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш голы ретінде шежіреге енді. Алайда араға бес минут салып Луис Диас Колумбияны қайта алға шығарса, төреші қосқан қосымша уақытта олар есепті еселей түсті. Жеңіліске қарамастан, өзбек ұжымы әлемнің үздік командаларына лайықты қарсылық көрсете алатынын дәлелдеді. Ал Мехико әуежайына қонған бойда дойрамен шоу жасаған өзбек жанкүйерлері топтық кезеңнің алдағы матчтарынан үлкен…
«Қайрат» футбол командасының қайратты ойыншысы Дастан Сәтпаев кезекті голдарын соғып, өз клубының алаңындағы соңғы ойынын өткізді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. 17 маусым күні Алматы қаласының «Орталық стадионында» «Қайрат» пен «Қызылжар» футбол командаларының ойыны өтті. Қазақстан Премьер-лигасының 17-турының бұл кездесуі клуб академиясының түлегі Дастан Сәтпаев үшін сары-қара жейдедегі соңғы ойын болды. Белгілі шабуылшы осы жазда лондондық «Челси» командасына кетеді. Сәтбаев матчтың 59-минутында есеп ашып, ал ойын соңында дубль жасап, «Қайрат» футбол клубының 3:1 есебімен жеңіске жетуін қамтамасыз етті. Финалдық ысқырықтан кейін клуб тарихындағы әйгілі ойыншы өз жанкүйерлерінің толассыз қошаметіне бөленіп, алаңнан шықты. Дастанның жанкүйерлерімен қоштасуы, жиналған қауымның сүйікті ойыншысына деген құрметі мен ыстық…
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының екінші кезеңінде өнер көрсетіп, жарысты ширек финал сатысында аяқтады деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл турнир отандасымыз үшін ерекше болды. Себебі Нұрбек алғаш рет 90 келіге дейінгі жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынады. Бұған дейін ол 80 келі салмақта өнер көрсетіп, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем чемпионы атанған еді. Нұрбек жарысты сенімді бастады. 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичхэмен кездескен қазақстандық боксшы қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберіп, екінші раундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алайда ширек финалда оған әлем чемпионы, өзбекстандық Турабек Хабибуллаев қарсы тұрды.…
HONOR компаниясы 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) жаңа HONOR Robot Phone смартфонының мүмкіндіктерін таныстырды. Бренд фестивальдің мобильді фото және видео түсірілім бойынша ресми серіктесі атанып, құрылғыға түсірілген алғашқы кинематографиялық видеоны көпшілік назарына ұсынды деп хабарлайды SteppeNews.kz. Премьералық бейнероликте ELLEMEN басылымы фестиваль қазыларының видеопортреттерін түсірген. Смартфонның озық тұрақтандыру жүйесі мен кәсіби деңгейдегі түсірілім мүмкіндіктері жоғары сапалы кадрлар алуға мүмкіндік берген. HONOR Robot Phone индустриядағы ең ықшам титан gimbal-тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған. Бұл технология қозғалыс кезінде де бейненің тұрақтылығын сақтап, кадр сапасының төмендеуіне жол бермейді. Сонымен қатар, құрылғы жасанды интеллект негізіндегі нысанды бақылау функциясымен толықтырылған. Компанияның мәліметінше, HONOR Robot Phone – әлемге танымал…
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тосынсыйларға толы болып жатыр. Солардың ішіндегі ең есте қаларлық оқиғалардың бірі – Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Возиньяның керемет өнері болды. Испания құрамасына қарсы өткен матчта 40 жастағы тәжірибелі қақпашы өзінің кәсіби шеберлігін паш етті. Ол матч бойы қарсыластың қауіпті шабуылдарына тосқауыл қойып, командасына 0:0 есебімен сенсациялық тең нәтижеге қол жеткізуге көмектесті. Осы ойыннан кейін Возинья кездесудің «Үздік ойыншысы» деп танылды. Жанкүйерлер арасында бұрыннан «Бабушка» деген лақап атпен танымал болған қақпашы, матчтан кейін лезде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Ойынға дейін оның желідегі оқырмандар саны 50 мың болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 9,4 миллионға дейін өсті. Айта кетерлігі,…
Қазіргі таңда экологиялық бастамалар нақты нәтижесін бере бастады. Ғалымдар мен табиғатты қорғаушылардың ұзақ жылдар бойғы еңбегінің арқасында көптеген сирек кездесетін жануар түрлерінің популяциясы қайта қалпына келіп, тұрақты өсім көрсетуде. Сонымен қатар, мұхиттарды тазарту мен климатты қорғауға бағытталған халықаралық бағдарламалар жаһандық экологиялық жағдайды біртіндеп жақсартып келеді деп хабарлайды, SteppeNews.kz. Дала мен теңіз экожүйелерінің қалпына келуі Табиғи ортаны қорғау шараларының күшеюі, браконьерлікпен күрес және жаңа қорық аймақтарының құрылуы сирек түрлердің қайта көбеюіне ықпал етуде. Мысалы, АҚШ-тың Флорида штатында теңіз тасбақаларының саны артып келеді. Әсіресе, жойылып кету қаупі жоғары саналатын былғары және атлантикалық ридлей түрлерінің ұя салу көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай көбейген. Сол…
Қытайдың Ухань қаласында болашақтың көлігі бүгінгі күннің шындығына айналды. Мұнда іске қосылған Optics Valley Suspended Monorail, яғни «Optics Valley Photon» аспалы монорельсі өзінің ерекше құрылымымен назар аударады. 2023 жылдан бері жолаушыларға қызмет көрсетіп келе жатқан бұл жоба Қытайдағы алғашқы толықтай коммерциялық әрі жүргізушісіз басқарылатын аспалы монорельс саналады. Кәдімгі пойыздардан айырмашылығы, бұл көлік рельстің үстімен емес, астына ілініп қозғалады. Сол себепті жолаушыларға қала мен табиғат көрінісін мүлде басқа қырынан тамашалауға мүмкіндік береді. Монорельстің алғашқы желісі 10,5 шақырымға созылып жатыр және алты станцияны қамтиды. Бағыт Цзюфэн тауынан басталып, Лунцюань тауына дейін жалғасады. Жол бойында жолаушылар Уханьның көркем табиғаты мен заманауи инфрақұрылымын панорамалық…