Арал өңірі тұрғындарының денсаулығын экологиялық және климаттық қауіптерден қорғауға бағытталған «Салауатты болашақ» бастамасын іске асыру жөніндегі жол картасы таныстырылды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. Құжат Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесуінде таныстырылды. Жиынға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік офисінің басшысы, мемлекеттік органдар мен Қызылорда облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. «Арал өңіріндегі «Салауатты болашақ» құжаты: 2026–2030 жылдарға арналған «Арал теңізі – қоршаған орта және денсаулық» бағдарламасына қарай» атты жол картасы биыл сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болып отыр. Құжатта профилактикалық іс-шараларды, медициналық және экологиялық мониторингті күшейту көзделген. «Біз…
Автор: Saya
Қытайда ҚХР құрылған күніне орай жарияланған жеті күндік жалпыұлттық демалыстың алғашқы күндерінде тұтынушылық шығындар тұрақты өсім көрсетті. Алдын ала мәліметтер елдегі ішкі тұтыну белсенділігінің сақталғанын көрсетіп отыр. Бұл туралы SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 1-3 қазан аралығында Қытайдың Сауда министрлігі бақылау жүргізетін 78 ірі сауда көшесі мен коммерциялық ауданда келушілер саны жылдық есеппен 3,4 пайызға, ал сауда айналымы 5,3 пайызға өскен. Осы кезеңде Қытайдағы тұтыну тауарларын жаңарту бағдарламасы арқылы 19,63 млрд юаньға (шамамен 2,91 млрд АҚШ доллары) өнім сатылды. Бағдарламаны 3,48 млн тұтынушы пайдаланды. Атап айтқанда, бағдарлама аясында 46 мың автокөлік жаңартылып, жаңа көліктердің жалпы сатылымы 7,45…
Алматыда Мұғалім күніне орай қала педагогтерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. «Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты еңбегінде: «Ұстаздар қауымы ұлттың жаңа сапасын қалыптастырады. Мұғалім болып, ұрпақ тәрбиелеу – қасиетті миссия» – деп педагогтердің қоғамдағы рөлі мен қызметіне айрықша баға берген болатын. Цифрлық дәуірге қадам басқан тұста мұғалімдерімізге қойылатын талап та жоғары. Жасанды интеллект дамып, технология ұдайы жаңарып, кәсіп түрлері жиі өзгеріске түсуде. Бірақ бала…
Қытай «Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл» толуын атап өтті. 2026 жылы бұл дата елдің 2030 жылға дейінгі негізгі даму бағыттарын айқындайтын жаңа бесжылдық циклдің басымен тұспа-тұс келді. Жаңа кезеңнің Қазақстан мен Қытай үшін не білдіретіні туралы SteppeNews.kz хабарлайды. Қытайдың экономикалық дамуының жаңа кезеңі барған сайын технологиялармен, инновациялармен, ішкі тұтынумен және халықаралық ынтымақтастықтың жаңа нысандарымен айқындалуда. Қазақстан үшін бұл процестің тікелей маңызы бар. Қытай елдің негізгі сауда әріптестерінің бірі болып қала береді, ал өзара іс-қимыл біртіндеп дәстүрлі салалар шеңберінен шығып келеді. Аграрлық экономикадан технологиялық державаға 1949 жылғы 1 қазанда Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Қытай Халық Республикасының құрылғаны жарияланды. 77 жыл ішінде…
Қуаңшылық, су тапшылығы және Еуропалық Одақтың шекаралық көміртек салығы (CBAM) қазақстандық компанияларды шығындарын азайтып, экспорттық нарықтарға қолжетімділігін сақтаудың жаңа жолдарын іздеуге мәжбүрлеп отыр. Қазақстанда климаттық шешімдерді дамытуға қаржы тартуға мүмкіндік бар: қаражатты венчурлік инвесторлардан немесе мемлекеттік бағдарламалар арқылы алуға болады. Ендеше сұраныс пен қаржыландыру мүмкіндігі бола тұра, жасыл жобалар неге әлі де аз? Негізгі көрсеткіштер 2025 жылы Қазақстанның венчурлік нарығы рекордтық өсім көрсетті. RISE Research деректеріне сәйкес, тартылған қаржы көлемі 71 млн доллардан 209 млн долларға дейін артса, стартаптардың жиынтық бағасы 2,16 млрд долларға жеткен. Алайда бұл өсімнің едәуір бөлігі бір ғана мәмілеге байланысты болды: қаржының жартысынан астамын Higgsfield компаниясы…
Алматы спортшылары Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына 22 медаль салды. Қала өкілдері 15 спорт түрінен жүлдеге ие болып, ұлттық құраманың жалпы нәтижесіне елеулі үлес қосты, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтті. Додаға Азияның 45 елі мен өңірінен спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды. Жалпы жүлде саны – 84. Ұлттық құрама сапындағы 558 спортшының 122-сі Алматы атынан өнер көрсетті. Алматы спортшылары тарихи нәтижелерге жетті Азия ойындарында…
Тянь-Шань мен Памир тауларының асқақ та қатал сұлулығына бойы үйренген саяхатшы үшін Қытайдың оңтүстігіндегі Гуйчжоу провинциясына қарасты Либо уезі мүлде бөлек, зүбәржат түстес ғажайып әлем болып ашылады. Жергілікті халық бұл өңірді «жасыл маржан» деп тегін атамаған: аумағының 92%-дан астамын қол тимеген қалың орман алып жатыр. Ауадағы денсаулыққа пайдалы теріс иондардың концентрациясы текше сантиметріне 180 000-ға дейін жетеді. Соның арқасында бұл аймақ табиғи емдеу мен сауықтырудың таптырмас мекені саналады, деп хабарлайды SteppeNews.kz PhotoChina Original «Көптүсті Гуйчжоу – 2026» 19-халықаралық фотокөрмесі мен «Жер өнері маусымы» ауқымды жобасын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. Осы күндері провинцияда PhotoChina Original «Көптүсті Гуйчжоу – 2026» 19-шы халықаралық…
Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алатын 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат бар. Олардың ішіндегі ең қарт тұрғын Ұлытау облысында тұрады. Ол биыл 116 жасқа толған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Еңбек министірлігіне сілтеме жасап. Жүз жастан асқан азаматтардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелген. Мегаполисте 100 және одан жоғары жастағы 41 адам зейнетақы алады. Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша Түркістан облысы екінші орында. Мұнда 100 жастан асқан 32 азамат бар. Алматы облысында осындай жастағы 25 адам тұрады. Ең қарт тұрғындар қай өңірлерде? Қазақстандағы ең жасы үлкен азаматтардың алғашқы үштігіне Ұлытау, Павлодар және Қостанай облыстарының тұрғындары кіреді. Ұлытау облысындағы ең қарт азаматтың жасы…
Грузия мен Түркия үкіметтері білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келісімге қол қойды. Құжат жаңа технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және академиялық байланыстарды кеңейтуді көздейді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Грузияның білім, ғылым және жастар министрлігіне сілтеме жасап. Келісімге Грузияның білім, ғылым және жастар министрі Гиви Миканадзе мен Түркияның ұлттық білім министрі Юсуф Текин қол қойды. Технология және академиялық алмасу Келісім аясында тараптар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізуге және осы бағыттағы тәжірибемен бөлісуге ықпал етпек. Сондай-ақ білім беру ұйымдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге басымдық беріледі. Студенттерге, академиялық қызметкерлер мен зерттеушілерге арналған алмасу бағдарламаларын іске асыру жоспарланған. Тараптар білім сапасын қамтамасыз ету тетіктері туралы…
2026 жылғы 3 қазанда Көкжайлауда Алматы жастары мен студенттерінің қатысуымен экологиялық акция өтті. Іс-шара барысында 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Акцияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі А.С. Қуантыров, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, «Kazakh Tourism Development Ltd.» өкілдері, жастар, студенттер және ғылыми қауымдастық мүшелері қатысты. Экологиялық акция Almaty SuperSki жобасы аясында жастармен жүргізіліп келе жатқан ашық диалогтың жалғасы болды. Бұған дейін Алматы жастары жобаның дамуы, оның таулы аумақтарға ықпалы және Көкжайлаудың болашағына қатысты мәселелерді талқылауға қатысқан. Кездесулер барысында жастар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.…