23–25 қазан аралығында Моңғолияның «Мишеэль-Экспо» көрме орталығында ITM-2026 туристік көрмесі өтеді. Іс-шараны ширек ғасырдан астам уақыт бойы көрме ұйымдастырып келе жатқан Моңғолияның Туристік қауымдастығы өткізеді. Бұл туралы SteppeNews.kz Монголия сейчас сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Биылғы көрмеге Моңғолияның 21 аймағының өкілдері қатысады. Олар өз өңірлерінің туристік бағыттарын, жаңа қызмет түрлерін және жергілікті ерекшеліктерге негізделген туристік мүмкіндіктерін таныстырады. Көрме туристік бизнес өкілдері үшін де кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында кәсіпкерлер серіктестер тауып, келісімдер жасау және туристік қызметтерді жаңа нарықтарға шығару мәселелерін талқылай алады. ITM-2026 аясында туризм саласының мамандары мен сарапшыларына арналған іскерлік бағдарлама да ұйымдастырылады. Бағдарлама барысында Моңғолия және басқа…
Автор: Saya
7–8 қазанда Астанада әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (MRO), заманауи технологияларды енгізу және авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне арналған Central Asia MRO халықаралық іс-шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған пленарлық сессия ұйымдастырылды. Сессияны ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Ұлыбританияның сауда мәселелері жөніндегі министрі Анас Сарвар құттықтау сөздерімен ашты. Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырды. Сонымен қатар әуе қатынасын кеңейту, авиациялық инфрақұрылымды дамыту,…
Түркияның Эрзурум провинциясындағы Чат ауданында омарташы Саваш Анил араларын әртүрлі биіктіктегі гүлдерге қарай маусым сайын көшіріп, органикалық бал өндіреді деп хабарлайды SteppeNews.kz Mk-turkey.ru сайтына сілтеме жасап. Ол өңірдің өсімдік жамылғысын тиімді пайдаланып, таулы аймақта ара шаруашылығымен айналысады. Ауданның теңіз деңгейінен шамамен 2 800 метр биіктікке жететін таулары, әр биіктікте кезекпен гүлдейтін өсімдік түрлерінің көптігі және бал өндірілетін аумақтарда ауыл шаруашылығы пестицидтерінің қолданылмауы ара шаруашылығына қолайлы жағдай қалыптастырады. Саваш Анил Курбанлы елді мекенінде отбасылық дәстүрге айналған омарташылықпен 15 жылдан бері айналысады. Бес жыл бұрын балға зерттеу жүргізіп, оның құрамындағы пролин мөлшерін анықтағаннан кейін органикалық өндіріске көшкен. Ол облыстық және аудандық ауыл…
Ақтөбе қаласында қағаз және картон өндіретін жаңа кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр. Жоба қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамытуға және заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған. Оны ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қаржыландырып отыр деп хабарлайды SteppeNews.kz. Кәсіпорынды «CAPITAL PLAST KZ» ЖШС жүзеге асыруда. Зауыт өндірістік қуатына толық шыққан кезде жылына 18 мың тоннаға дейін гофрлауға арналған қағаз және 24 мың тоннаға дейін тегіс қабаттарға арналған картон шығара алады. Жобаның жалпы құны шамамен 10,3 млрд теңге. Қаржыландыруға «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдерінен түскен қаражатты бағыттады. Қазір құрылыс алаңында негізгі жұмыстар жалғасып жатыр. Мұнда іргетас құю, қойма салу және…
Astana Motors құрамындағы OMODA және JAECOO брендтерінің ресми дистрибьюторы жаңа OMODA C5 Plus көлігінің бағасын жариялады. Алматыда өндірілетін кроссовер екі жинақтамада қолжетімді болады: Comfort — 9 690 000 теңге, Premium — 10 490 000 теңге. Жаңа C5 Plus моделі OMODA брендіне тән танымал дизайнды сақтай отырып, күнделікті сапарлар жайлы болу үшін технологиялық тұрғыдан жаңар қондырғылармен толықтырылды. Екі жинақтама да көлемі 1,5 литр, қуаты 147 а.к, айналу моменті 210 Н·м болатын бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш ылғалды қос іліністі, алты сатылы робот беріліс қорабымен жұмыс істейді. Жетек түрі — алдыңғы. Автокөлік АИ-92 және одан да жоғары октанды бензинмен жұмыс істеуге арналған. Жаңартылған…
Қоғамда Еңбек министрлігінің әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін азаматтарды әл-ауқат деңгейіне қарай бес санатқа бөлу бастамасына қатысты қызу пікірталас өрбіді. Қазақстандықтардың бір бөлігінің алғашқы реакциясы шынайы наразылық пен алаңдаушылық болды. Өйткені адамдар өздеріне белгілі бір «таңба» тағылып, мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін жаппай қысқартуды жоспарлап отыр деп қауіптенді. Алайда мұндай теріс реакция көбіне жауапты ведомствоның халықпен түсіндіру жұмыстарын жеткіліксіз жүргізуінің салдары болды. Адамдарға ең басты мәселе дер кезінде түсіндірілмеді: әңгіме бюджет қаражатын тиімсіз түрде жаппай үлестіруден бас тартып, көптен бері қажеттілігі туындаған атаулы қолдау жүйесіне көшу туралы болып отыр. Халықаралық тәжірибеде бұл құрал means-tested assistance деп аталады. Яғни әлеуметтік көмек формалды анықтамаға емес,…
Ыстықкөл облысының Ақ-Суу ауданында «Ала-Тоо Резорт» жыл бойы жұмыс істейтін тау-туристік кластерін салу жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Бұл туралы SteppeNews.kz Kabar.kg ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жобаның Жырғалан, Ақ-Бұлақ және Боз-Үчүк атты үш курорттық аймақты біріктіретін бірінші кезеңі биыл 1 желтоқсанда ашылады. Жалпы аумағы 4 мың гектарға жуық. Жоба толық іске қосылғаннан кейін үш курорттағы шаңғы трассаларының жалпы ұзындығы шамамен 250 шақырымды құрайды. Бірінші кезеңнің ашылуына қарай 6 аспалы жол мен 47 шақырым шаңғы трассасы дайын болады. Бұған дейін жалпы ұзындығы 4 шақырымнан асатын B-1 және B-2 негізгі аспалы жолдарының құрылысы аяқталған. Үш курортты біріктіретін ірі жоба «Ала-Тоо Резорт»…
Алматыда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы қарсаңында тәулік бойы «Жедел әрекет ету штабы» жұмыс істейді. Жылу берілмеген, су аққан немесе басқа да ақау болған жағдайда тұрғындар 109 жедел желісіне, 225-14-31 нөмірі бойынша Бірыңғай диспетчерлік орталыққа немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына хабарласа алады. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жылыту нысандарын орталық жүйеге қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі. Алдымен жылу білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары сияқты әлеуметтік маңызы бар нысандарға және тұрғындар үшін маңызды басқа объектілерге беріледі. Одан кейін көппәтерлі тұрғын үйлер мен өзге…
Қытайда жаңа технологиялар, салалар мен бизнес-модельдердің дамуына байланысты жаңа мамандықтар пайда болуда. Бұл ел өнеркәсібінің жаңғыру қарқыны мен халықтың өмір сүру деңгейінің артып келе жатқанын көрсетеді деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып. Жақында Қытайдың Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі бірқатар мемлекеттік ведомствомен бірлесіп жаңа мамандықтардың сегізінші тізімін жариялады. Онда төмен биіктіктегі экономика саласына қатысты бірқатар жаңа кәсіп түрі енгізілді. Олардың қатарында дрондар топтарының ұшуын жоспарлаушылар, төмен биіктіктегі логистика мамандары және төмен биіктіктегі интеллектуалды байланыс жүйелерінің әкімшілері бар. Қытайда қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономика да еңбек нарығының өзгеруіне әсер етуде. Бұл бағытта жасанды интеллект бойынша инженерлік-техникалық…
Түрікменстанда 1948 жылғы Ашхабад жер сілкінісінде қаза тапқандарды еске алуға арналған шаралар өтті. Биыл апатқа 78 жыл толды. Еске алу бағдарламасында тарихи жадыны сақтау мәселесімен қатар сейсмикалық қауіпсіздік пен табиғи қатерлердің алдын алу бағытындағы ғылыми зерттеулерге де назар аударылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ЦентрАзия — ға сілтеме жасап. Негізгі рәсім Ашхабадтағы «Halk hakydasy» («Халық жады») мемориалдық кешенінде өтті. Іс-шараға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысып, дәстүр бойынша ескерткіштерге гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсім Мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды. Одан кейін жер сілкінісінен және Отанды қорғау жолында қаза тапқандарды жалпыұлттық еске алумен байланысты «Keçpelek» атты қаралы әуен орындалды. Президент алдымен 1948 жылғы жер сілкінісінің…