Еуразиялық сән апталығы-2026 19-25 қазан аралығында Қытайдың Солтүстік-Батысындағы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының (СҰАР) Алаэр қаласында өтеді, деп хабарлайды «SteppeNews.kz Жэньминь Жибао» онлайн сайтына сілтеме жасап. Алдағы шараға арналған баспасөз конференциясында хабарланғандай, Сән апталығына Ресей, Орталық Азия елдері мен Еуропалық одақтан брендтер мен дизайнерлер өкілдері, сондай-ақ СҰАР және одан тыс жерлердегі тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары шақырылады. Сән апталығы аясында сән көрсетілімдері, сән тақырыбындағы семинарлар, тақырыптық салондар, мата саласындағы байланыстарды жолға қоюға арналған кездесулер, сондай-ақ бірнеше күнге созылатын тоқыма базары өтеді деп күтілуде. Айта кетейік, Еуразиялық сән апталығы СҰАР-дың әкімшілік орталығы Үрімші қаласынан тыс жерде алғаш рет өткізіледі. Алаэр қаласында тоқыма өнеркәсібінің…
Автор: Saya
Қырғызстанда жастар арасында қытай тілін үйренуге қызығушылық артып келеді. Бұған Қытаймен білім, мәдениет және экономикалық байланыстардың кеңеюі, сондай-ақ Қытайда оқу мүмкіндігі мен қытай тілін білетін мамандарға сұраныстың өсуі әсер етіп отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа — ға сілтеме жасап. Ош мемлекеттік университетіндегі Конфуций институтында 2013 жылдан бері шамамен 17 мың адам білім алған. Олардың 600-ге жуығы Қытайда стипендиялық бағдарламалар бойынша оқыған. Институт түлектерінің бір бөлігі кейін осында қызметке орналасып, жаңа студенттерге қытай тілін үйретуге атсалысып жүр. Қытай тілін сериалдардан бастап үйренген студент Оштағы Конфуций институтының 19 жастағы студенті Зуура Закирова қытай тілін екі жылдан бері оқып келеді. Оның бұл тілді…
Адамға интеллектуалдық жұмысты ЖИ-мен бөлісуге барған сайын жиі тура келеді. ChatGPT пайда болғаннан кейін зерттеушілер онлайн-фриланс нарығында аударма және локализация бойынша тапсырыстар көлемінің шамамен 9%-ға, ал табыстың 30%-ға жуық төмендегенін тіркеді. Stanford Digital Economy Lab деректеріне сәйкес, ЖИ ықпалына көбірек ұшыраған кәсіби топтардағы 22–25 жастағы қызметкерлердің жағдайы да нашарлаған: компанияларға еңбек жолын енді бастаған мамандар азырақ қажет бола бастаған. Бұл жастарға дене еңбегімен байланысты мамандықтарды таңдаған дұрыс дегенді білдіре ме? Уақыт өте келе ЖИ мұндай жұмысты да орындай ала ма? Бұл туралы Qazaq Expert Club-тың HR және мемлекеттік қызмет саласындағы шақырылған сарапшысы Асқар Есімсейітов түсіндіреді. ЖИ-дің «қолы» пайда болғанда Соңғы…
Орталық Азия елдерінің медиа өкілдері Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында өтіп жатқан «Көптүсті Гуйчжоу – 2026» XIX Халықаралық фотоөнер көрмесіне арнайы барды. Биылғы шараның басты тақырыбы — лайфстайл-туризм (sojourn / long-stay) концепциясы болды. Бұл — көрікті жерлерді асығыс аралап шығу емес, жергілікті мәдениетке, экологияға және тұрғындардың күнделікті өмір ырғағына терең бойлауды көздейтін ұзақ мерзімді саяхат форматы. Дәстүрлі қонақүйлерден көне көшелерге дейін Пресс-тур барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген БАҚ өкілдері Гуйян қалалық округіне қарасты көрікті Хуаси ауданын аралады. Сапардың басты нысандарының бірі «Сюньмэйли·Цинъинь» этно-қонақүйі болды. Бұл орын — дәстүрлі сәулет өнері, табиғи байлық пен заманауи инфрақұрылым тоғысып, ұзақ мерзімді демалыстың…
Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымы биыл әдеттегіден ерте басталады. Қалада орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары 9 қазаннан басталып, алдымен әлеуметтік нысандарға жылу беріледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Қала әкімдігінің мәліметінше, жылыту маусымын ерте бастау туралы шешім қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қабылданған. Алдымен балабақша, мектеп және медицина ұйымдары жылуға қосылады 9 қазаннан бастап Алматыдағы орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылу беріледі. «Бірінші кезекте жылу балабақшаларға, мектептерге және медициналық ұйымдарға беріледі». Ал тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады. Жылу берілгеннен кейін үйлердің ішкі жүйелерін КСК және МИБ…
2026 жылғы қыркүйекте Салық кодексіне енгізілетін түзетулер жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды. Олардың бір бөлігін 2027 жылдан бастап енгізу ұсынылып отыр. Бизнес пен банктер үшін не өзгеруі мүмкін? Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіру тәсілін қазірдің өзінде өзгертті: МКК банктерден, интернет-платформалардан және нарықтың басқа қатысушыларынан мәлімет алады. Енді қолданыстағы бақылау тетіктерін кеңейтіп, банктер мен цифрлық платформаларға қосымша міндеттер жүктеу ұсынылып отыр. Түзетулердің бірі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты. Қазір интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген кезде олардың міндеттемелерінің бір бөлігін салық агенті – платформа операторы орындайды. Жоба бұл тетікке банктерді де қосуды ұсынады. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам орындаған жұмысы немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді…
Euronews халықаралық басылымы Алматыны қаланың басты символдарының бірі – алманың тарихы арқылы әлемдік аудиторияға таныстырды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Euronews – Еуропадағы ірі халықаралық жаңалықтар брендтерінің бірі. Медиажелінің контенті 160 елде қолжетімді. Оның теледидар, цифрлық платформалар және интернетке қосылған құрылғылардағы ай сайынғы аудиториясы 400 миллионнан асады. 2025 жылы Euronews контенті 1,83 миллиард бейнеқаралым және шамамен 1,4 миллиард бет қаралым жинаған. Жарияланымда Алматы тарихы, табиғи мұрасы, гастрономиясы мен заманауи мәдениеті тоғысқан туристік бағыт ретінде сипатталған. Материалда қала маңындағы алма бақтары, Алматы апорты және жыл сайын өтетін Alma Fest фестивалі туралы айтылған. Биыл фестиваль аясында…
Қазақстанда аэротаксиге коммерциялық рейстерді 2028 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді деп хабарлайды SteppNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астана, Алматы және Қосшы қалаларында ұшқышсыз таксилерді пайдалану бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жоба үш жылға есептелген. Алматыда дрондар арқылы тауар жеткізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Астана мен Алатауда аэротаксидің демонстрациялық ұшулары өткізілді. Мұндай аппараттарды пайдалану және қону инфрақұрылымын дамыту үшін заңнамаға қажетті өзгерістер енгізілді. 19 мамырда AutoFlight компаниясы Алатауда демонстрациялық ұшу өткізді. 24 шілдеде AutoFlight Prosperity аппараты «Қазанат» ипподромы аумағында…
Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) жүзбе-жүз өту үшін электронды кезек енгізіліп жатыр. Жаңа сервис азаматтарға қабылдауға алдын ала жазылып, өзіне ыңғайлы күн мен уақытты таңдауға мүмкіндік береді деп хабарлайды SteppeNews.kz. Жобаны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру аясында іске асырып жатыр. Электронды кезек арқылы азаматтар ұзақ уақыт кезекте күтпей, белгіленген уақытта МӘС бөлімінің қабылдауына келе алады. Электронды кезек алдымен Ақмола облысында іске қосылды. Кейін сервис Алматы қаласында да енгізілді. 2026 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша электронды кезекті Ақмола облысында 2 580 адам, ал Алматы қаласында 3 030 адам пайдаланған. Электронды кезекке Әлеуметтік қызметтер порталы…
Анкарада 10–11 қазан күндері Анадолы антикварлары қауымдастығының ұйымдастыруымен «Антиквариат күндері» өтеді. Іс-шара коллекционерлер мен көне бұйымдарға қызығушылық танытатындарды бір алаңға жинайды. Көрмеде сирек кездесетін және тарихи маңызы бар түрлі бұйымдар ұсынылады. Бұл туралы SteppeNews.kz Mk-turkey.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Іс-шара Анкарадағы Kuzu Effect сауда орталығында ұйымдастырылады. Келушілер антиквариат жәрмеңкелерінде көпшілікке жиі ұсыныла бермейтін заттарды көре алады. Олардың қатарында қолдан тоқылған көне кілемдер, сирек граммофондар, медальдар және Осман кезеңіне тиесілі мыс бұйымдар бар. Анадолы антикварлары қауымдастығының президенті Шюкрю Сарының айтуынша, қауымдастық Айранджи ауданында антиквариат жәрмеңкесін 22 жылдан бері ұйымдастырып келеді. Оның сөзінше, бұған дейін жәрмеңке әр айдың бірінші жексенбісінде өткізілген. Алайда…