Қазақстанда зейнетақы төлемдерін алатын 100 және одан жоғары жастағы 300 азамат бар. Олардың ішіндегі ең қарт тұрғын Ұлытау облысында тұрады. Ол биыл 116 жасқа толған, деп хабарлайды SteppeNews.kz Еңбек министірлігіне сілтеме жасап.
Жүз жастан асқан азаматтардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелген. Мегаполисте 100 және одан жоғары жастағы 41 адам зейнетақы алады.
Ұзақ өмір сүрушілер саны бойынша Түркістан облысы екінші орында. Мұнда 100 жастан асқан 32 азамат бар. Алматы облысында осындай жастағы 25 адам тұрады.
Ең қарт тұрғындар қай өңірлерде?
Қазақстандағы ең жасы үлкен азаматтардың алғашқы үштігіне Ұлытау, Павлодар және Қостанай облыстарының тұрғындары кіреді.
Ұлытау облысындағы ең қарт азаматтың жасы – 116 да. Павлодар облысында 114 жастағы, ал Қостанай облысында 111 жастағы тұрғын бар.
Айта кетейік, 1 қазанда Қазақстанда және әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылы жариялаған.
Халықаралық қарттар күнінің негізгі мақсаты – аға буынның қоғамға қосқан үлесін құрметтеу, олардың қажеттіліктеріне назар аудару және қарт адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға көңіл бөлу.
Келесі материал: Грузия мен Түркия студенттер алмасуын және тіл оқытуды күшейтеді
