Автор: Saya

Өзбекстанның Андижан қаласында бір отбасында бес егіз бала дүниеге келді. Шаһардағы №2 перзентхана кешенінде тіркелген бұл оқиға жұртшылықты үлкен қуанышқа бөледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бес баланың анасы Наргиза Бекжанова Андижан қаласындағы «Қайрағаштас» махалласында тұрады. Ол перзентханаға шілденің алтысы күні көпұрықты жүктілік диагнозымен қабылданған еді. Дәрігерлер мерзімінен бұрын босану қаупі болғандықтан кесарь тілігі отасын жасауды жөн көрді. Күрделі операцияны білікті акушер-гинекологтар, неонатологтар мен реаниматологтар сәтті аяқтады. Дүниеге келген шақалақтардың үшеуі қыз, екеуі ұл бала. Бірінші туған қыз баланың салмағы 1450 грамм, ал екінші туған ұлдың салмағы 1605 грамм. Үшінші қыздың салмағы 1495…

Read More

Қазақстан Үкіметі Мемлекеттік туды пайдалану талаптарын нақтылайтын жаңа құжатты бекітті. Бұл құжатта егемендік символын күнделікті өмірде дұрыс қолдану тәртібі көрсетілген. Бұл туралы SteppeNews.kz «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа қаулы бойынша кез келген азамат туды өз үйіне орната алады. Алайда тудың биіктігі кемінде 3 метр болатын жерде тұруы шарт. Жаңа ережеде түнде ту аумағын міндетті жарықтандыру талабы алынып тасталды. Сондай-ақ заң аясында көк байрақты жеке автокөлік салондарында да пайдалануға рұқсат берілді. Бұл өзгерістер азаматтардың патриоттық сезімін қолдау үшін жасалған. Ереже бойынша Мемлекеттік ту әрдайым тап-таза әрі бүтін болуы керек. Жыртылған, кірлеген немесе ақауы бар туды ілуге болмайды. Қолдану барысында…

Read More

2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әрбір азаматтың денсаулығын қорғау құқығы бекітілген. Бұл іс жүзінде нені білдіреді? Қазақстандықтар қандай медициналық көмек пен профилактикалық шараларға сене алады? Осы сұрақтарға Qazaq Expert Club денсаулық сақтау саласының сарапшысы Гүлнафис Жүсіпәлиева жауап берді. Оның айтуынша, денсаулықты қорғауға конституциялық құқық дәрігерге алғашқы қаралудан әлдеқайда бұрын басталады. « Қазақстанда халықтың тиісті жас топтары үшін жатыр мойны обырын, сүт безі обырын және колоректальды обырды ерте анықтауға арналған скринингтер тегін жүргізіледі. Сонымен қатар артериялық гипертонияны, қант диабетін, липид алмасуының бұзылыстарын және жүрек-қан тамырлары ауруларының басқа да қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған профилактикалық тексерулерге…

Read More

Алматыда бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ALMATY MOVE қалалық жобасы сәтті жалғасып жатыр. Демалыс күндерін белсенді өткізуге ниетті жандардың басын қосқан бұл бірегей бастама қалалық Спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Өткен жексенбіде ашық аспан астында ұйымдастырылған тегін спорттық шараларға жүзге жуық алматылық қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таңғы таза ауамен тыныстап, спортпен шұғылдануды жөн көрген қала тұрғындары үшін жаттығулар бір уақытта екі бірдей ірі демалыс орнында басталды. Таңғы сағат тоғызда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы тарихи саябақта жиналғандар йоганың қыр-сырын меңгерсе, дәл осы уақытта Тұңғыш Президент қоры саябағына жиналған қауым…

Read More

Алматы Орталық Азиядағы қолөнердің ең ірі әрі жетекші орталығы болуға барынша ұмтылып келеді. SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйене отырып хабарлағандай, шаһардың креативті индустриясы жаңа деңгейге көтеріліп, ұлттық өнерді әлемдік деңгейде брендке айналдыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Алматылық қолөнершілер палатасы» қоғамдық қорының вице-президенті Дәмелі Жанашева мәлімдегендей, қолөнер — жай ғана тарих емес, ұлттық болмысымыз мен тарихи жадымызды сақтайтын басты құрал. Қазіргі таңда Алматыда сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, зергерлер, қыш пен ағаш шеберлері, этнодизайнерлер мен ұлттық аспап жасаудың хас мамандары шоғырланған. Соңғы жылдары Алматының қолөнершілер қауымдастығы дамудың жаңа белесіне шығып, қалаға халықаралық World…

Read More

Шілде айы туысымен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына қарасты Күнес ауданындағы атақты Нарат жайлауы құлпырып, көз тартар жасыл кілемге оранды. Аспанмен тілдескен асқақ Тянь-Шаньның ақ бас шыңдары, беткейдегі мәңгі жасыл шыршалар мен сыңғырлай аққан тау бұлақтары бұл өңірге ерекше жан бітіріп, табиғаттың ғажайып панорамасын түзіп тұр. Осынау берекелі маусымда ауданның 5 мыңнан астам малшы отбасы ғасырлар бойы үзілмей келген ата дәстүрмен мал отарларын биік таулы жайлауға айдап әкелді. Көз ұшындағы жазықтар мен беткейлерде төрт түлік мал мамырлай жайылып, үйір-үйір жылқы еркін көсіліп жүр. Ал қарағайлы орман мен альпі шалғындарының арасына тігілген ақшаңқан қазақ үйлері дала өмірінің тыныштығы мен үйлесімділігін айшықтай түскендей. Тау…

Read More

Алғашқы «Қытай — Орталық Азия» туристік пойызы «Қорғас» теміржол өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекарадан өтті. 3 шілде күні сағат 13:22-де 2026 жылғы алғашқы «Қытай — Орталық Азия» (Сиань — Алматы) туристік пойызы «Қорғас» теміржол өткізу пункті арқылы мемлекеттік шекараны сәтті кесіп өтті. Биыл «Қытай — Орталық Азия» бағыты бойынша үш туристік пойызды іске қосу жоспарланған. Ал алдағы уақытта нарықтағы сұранысқа байланысты бұл рейстер біртіндеп тұрақты негізге көшірілмек. Бұл пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда — жазғы туристік маусымның нағыз қызған шағында жолға шығып, 260 жолаушыны алып келе жатыр. Мыңжылдық тарихы бар көне Жібек жолымен батысқа қарай бағыт алған пойыз Ганьсу дәлізі…

Read More

Жоғары жылдамдықты теміржол бүгінде көптеген елдің көлік жүйесінің маңызды бөлігіне айналды. Ол жол жүру уақытын қысқартып қана қоймай, өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, туризм мен экономиканың дамуына да ықпал етеді. Қазір әлемнің бірнеше мемлекеті бұл салада көш бастап, жүздеген шақырым қашықтықты бірнеше сағатта еңсеруге мүмкіндік жасап отыр. Бұл бағытта ең ірі жетістікке жеткен ел – Қытай. Соңғы жылдары мұнда әлемдегі ең ұзын жоғары жылдамдықты теміржол желісі салынды. Бейжің, Шанхай, Гуанчжоу, Шэньчжэнь сияқты ірі қалалар бір-бірімен жылдам пойыздар арқылы байланысқан. Кейбір бағыттарда пойыздардың жылдамдығы сағатына 350 шақырымға дейін жетеді. Мұндай инфрақұрылым халықтың қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, ішкі туризмнің қарқынды дамуына да жол…

Read More

1 шілдеде Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында iFLYTEK Open Platform платформасының Орталық Азиядағы ресми таныстырылымы өтті. Жаңа платформа аймақтағы әзірлеушілерге, бизнес өкілдеріне және мемлекеттік ұйымдарға жасанды интеллект технологияларының толық экожүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді деп хабарлайды SteppeNews.kz. Платформа базалық жасанды интеллект модельдерінен бастап Agent және MaaS (Model as a Service) платформаларына дейінгі толық AI-инфрақұрылымды қамтиды. Бұл пайдаланушыларға әртүрлі салаларға арналған интеллектуалды шешімдерді әзірлеуге жол ашады. Сонымен қатар iFLYTEK бизнеске арналған бірқатар практикалық AI-шешімдерін таныстырды. Олардың қатарында интеллектуалды тендерлік жүйелер, корпоративтік білім базалары, көптілді өзара әрекеттесуге арналған құралдар және жасанды интеллект негізіндегі жаңа буын сервистері бар. Бұл шешімдер компанияларға шығындарды азайтып, жұмыс…

Read More

2026 жылғы 27 маусым мен 3 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропалық география олимпиадасында (European Geography Olympiad, EGeo) Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетті. Биылғы білім бәйгесіне 13 елден келген 100-ге жуық оқушы қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасының Білім министрлігіне сілтеме жасап. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасы 2 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Құрама сапындағы барлық 9 оқушы жүлдегер атанып, бұл нәтиже Қазақстанның EGeo олимпиадасына қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіш болды. Қатысушылар физикалық, әлеуметтік-экономикалық және аймақтық география бойынша теориялық әрі тәжірибелік тапсырмаларды орындап, картографиялық материалдар мен географиялық деректерді талдау қабілеттерін көрсетті. Алтын медаль иегерлері:…

Read More