Науқанға Алматы қаласының жетекші шығармашылық ұжымдары — «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Әшімов театрының шығармашылық ұжымы және Алатау дәстүрлі өнер театрының өнерпаздары қатысты. Олар қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін орындап, ұлттық нақыштағы билерін ұсынып, халқымыздың бай мәдени мұрасын көпшілікке паш етті, деп хабарлайды SteppeNews.kz.

Мерекелік бағдарламаның басты ерекшелігі — өнер иелерінің қазақтың классикалық күйлері мен халық әндерін жанды дауыста нақышына келтіре орындауы болды. Көше бойын кернеген қоңыр үн халықтың дәстүрлі мұрасын жаңғыртып, көрерменді бірден баурап алды.
Сонымен қатар, шеруге қатысушылардың барлығы дерлік көздің жауын алатын ұлттық киімдермен шығып, шараның танымдық әрі эстетикалық мәнін арттырды. Киімдердегі қазақы өрнектер мен аспаптардың үйлесімі халықтың өнерге деген құрметін көрсетті.

Күй күмбірімен қатар өрілген мың бұралған ұлттық билер қойылымы да мерекенің ажарын аша түсті. Бұл хореографиялық шешімдер шерудің динамикасын күшейтіп, көшедегі мерекелік атмосфераны заманауи реңкпен байытты.
Ұлттық киім киген өнерпаздардың әсерлі шеруі мен домбыраның қоңыр үні қала тұрғындарының ерекше ықыласына бөленді. Көпшілік ұлттық әндерге қосылып, өнер иелеріне қошемет көрсетіп, мерекелік атмосфераны бірге сезінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видео: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
