Қазақстандағы барлық онкологиялық орталықтарда саркоманы ерте анықтауға арналған Ашық есік күні өтеді. Онко-ортопед Алматбек Елекбаевтың айтуынша, сүйек пен жұмсақ тіндерді зақымдайтын саркома сирек кездескенімен, аса агрессивті қатерлі ісік түріне жатады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Онко-ортопед, травматолог Алматбек Елекбаевтың айтуынша, саркома – жұмсақ тіндерде, сүйектерде және қан тамырларында дамитын қатерлі ісік. «Саркома өте сирек кездеседі. Ол барлық онкологиялық аурулардың шамамен 1 пайызын ғана құрайды. Алайда балалар арасында жиірек анықталады және балалардағы онкологиялық аурулардың 15 пайызына дейін осы дерттің үлесіне тиесілі. Статистика бойынша, 1 миллион адамның ішінде орта есеппен 5 адам ауырады. Қазақстанда жыл сайын 300-500 жаңа жағдай тіркеледі», – дейді дәрігер. Маманның…
Автор: Saya
Алматыда IBI цифрлық экономикасының Қазақстандағы штаб-пәтері ресми түрде ашылды. Жаңа орталық Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық экономика, жасанды интеллект және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған тұрақты алаңға айналмақ. Форум аясында екі ел өкілдері бірлескен жобалардың жаңа бағыттарын талқылады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шара IBI штаб-пәтеріне ұйымдастырылған экскурсиядан басталды. Қатысушылар компанияның қызметі, цифрлық шешімдері және Қазақстандағы алдағы жобаларымен танысты. Одан кейін ресми ашылу рәсімі өтіп, штаб-пәтердің қызыл лентасы қиылды. Салтанатты жиынға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдарының, салалық қауымдастықтардың, жетекші компаниялардың, инвестициялық және қаржы ұйымдарының, сондай-ақ сарапшылық ортаның 150-ден астам өкілі қатысты. Форум аясында Қазақстандағы IBI цифрлық экономикасының штаб-пәтерімен қатар кәсіпорындардың шетел нарығына шығуын…
Кей әндердің ғұмыры хит-парадтармен өлшенбейді. Олар уақыттың сынынан өтіп, тұтас бір буынның өмір жолымен бірге өріледі. Бір сәтке ғана таныс әуен құлаққа жетсе болды – мектеп бітіру кеші, студенттік шақ, алғашқы кездесу, алғашқы сезім, достармен өткен ұмытылмас кештер көз алдыңнан кино лентасындай сырғып өте шығады. Энрике Иглесиастың шығармашылығы дәл осындай әсерге ие. 2000 жылдары жастық шағын өткізген миллиондаған тыңдарман үшін оның әндері жай ғана музыкалық туынды емес. Олар – алғашқы махаббаттың үнсіз куәсі, жүрек дүрсілін үдеткен сезімдердің, орындалған армандар мен қимастыққа толы сәттердің саундтрегі. Hero алғаш рет сезімді сөзбен жеткізе алмаған жандардың жүрегінен орын тапса, Escape талай ғашықтың әніне айналды.…
Қазақстандық кәсіпкер, SmartestPrep білім беру стартапының негізін қалаушы Лаура Вайгорова кәсіби және көшбасшылық қабілеттерді дамытуға арналған беделді халықаралық CAMCA Fellowship 2026 бағдарламасының қатысушысы атанды. Бағдарламаға Орталық Азия, Кавказ, Моңғолия және Ауғанстанды қамтитын CAMCA өңірінен небәрі 12 жас көшбасшы іріктеледі. Биыл Қазақстаннан осы бағдарламаға өткен жалғыз қатысушы – Лаура Вайгорова деп хабарлайды SteppeNews.kz. Айта кетерлігі, Лаура бағдарламаға екінші талпынысында қабылданған. Алғашқы өтінімі мақұлданмағанымен, кейін қайта өтініш беріп, іріктеуден сәтті өткен. «Бес апта бойы қатысушылар Вашингтонда мемлекеттік органдардың өкілдерімен, саясаткерлермен, журналистермен, зерттеушілермен, халықаралық ұйымдар және бизнес көшбасшыларымен кездеседі. Бағдарлама АҚШ-тың мемлекеттік және жекеменшік секторларының жұмысымен танысып, халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», –…
Алматы, Астана және Шымкент ішкі көші-қонның негізгі ағынын қабылдауды жалғастыруда. Соның салдарынан еліміздің ең ірі қалалары тұрғын үйге, көлік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға түсетін жүктеменің артуына тап болып отыр. Заңды сұрақ туындайды: неліктен шағын қалалар мен ауылдардан көшкен қазақстандықтардың басым бөлігі бірден мегаполистерге ұмтылады, ал аудан орталықтарын қалалық өмірге өтудің алғашқы баспалдағы ретінде қарастырмайды? Qazaq Expert Club-тың өңірлік даму жөніндегі шақырылған сарапшысы Фатима Герфанованың пікірінше, мәселе – бүгінде шағын қалалардың өздерінің негізгі функциясын атқармай отырғанында. «Аудандық қала ауылдағы отбасы үшін қалалық өмірге бастайтын алғашқы баспалдақ болуы тиіс. Дәл осы жерде адам ауылда жоқ мүмкіндіктерге қол жеткізуі керек: жұмысқа, колледжге, сапалы…
Жасанды интеллект (ЖИ) бүгінде білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Заманауи технологиялар оқу процесін жеңілдетіп, мұғалімдер мен оқушыларға күнделікті тапсырмаларды тиімді орындауға мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда ЖИ негізіндегі платформалар оқу материалдарын түсіндіруге, тапсырмаларды тексеруге және әр оқушының білім деңгейіне сәйкес оқу бағдарламасын ұсынуға көмектеседі. Сонымен қатар мәтінді қысқаша мазмұндау, аудару және қажетті ақпаратты жылдам іздеу сияқты мүмкіндіктер де білім алушылар арасында кең қолданысқа ие. Жасанды интеллект шет тілдерін меңгеруде де пайдалы құралға айналды. Интерактивті қосымшалар мен виртуалды көмекшілер жаңа сөздерді үйренуге, айтылымды жақсартуға және грамматикалық қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Ал виртуалды зертханалар мен цифрлық платформалар теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға жағдай…
Алакөл өңірі ежелден өзінің көркем табиғатымен, көл суының емдік қасиетімен және бай биоалуантүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл аймақ – көптеген қоныс аударатын құстардың мекені әрі талай ақын-жазушының шығармасына арқау болған қасиетті өлке. Осындай табиғи мұраны келер ұрпаққа аман жеткізу – баршаға ортақ міндет. Бұл туралы SteppeNews.kz Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 1998 жылы Тентек өзенінің атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ Алакөлдегі Аралтөбе аралдарын мекендейтін көне дәуір шағаласының бірегей популяциясын қорғау мақсатында құрылған. Қорықтың жалпы аумағы 65 672 гектарды алып жатыр. Оның 17 877 гектары Жетісу облысының Алакөл ауданында орналасса, қалған 47 795…
Алматыда Медеу мен Шымбұлақ тау шаңғысы курорты арасындағы инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жоба Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысымен іске асырылып жатыр. Оның басты мақсаты – коммуналдық желілердің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, туристік инфрақұрылымның дамуына жағдай жасау деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Жоба аясында жалпы ұзындығы 5,7 шақырым болатын орта қысымды газ құбыры мен 2,7 шақырым кәріз желісін тарту жоспарланған. Нәтижесінде Медеу – Шымбұлақ бағыты бойында орналасқан нысандар, соның ішінде тау шаңғысы курорты инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда мердігер ұйым құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі кезеңіне кірісті. Мамандар газ құбырының алғашқы бөліктерін төсеп, кәріз…
Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Шығыс пен Батысты байланыстырып, сауда-саттықтың, мәдениет пен өркениеттің дамуына ықпал еткен маңызды бағыттардың бірі болды. Бұл жол бойында бой көтерген қалалар тек сауда орталығы ғана емес, ғылым, сәулет және мәдениеттің дамуына үлес қосқан тарихи мекендерге айналды. Бүгінде олардың көпшілігі туристерді өзіне тартатын әлемге әйгілі орындардың қатарына кіреді. Жібек жолының ең танымал қалаларының бірі – Қытайдың ежелгі Сиань қаласы. Ол бірнеше әулеттің астанасы болып, Ұлы Жібек жолының бастау нүктесі саналады. Қала әлемге әйгілі Терракота әскерімен және көне қорған қабырғасымен ерекшеленеді. Жыл сайын мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған турист келеді. Қазақстан аумағында да Ұлы Жібек жолының маңызды қалалары…
Қытай соңғы жылдары көлік инфрақұрылымын қарқынды дамытып келеді. Соның жарқын мысалдарының бірі – Бейжің Дасин халықаралық әуежайы (IATA: PKX). Ел астанасының оңтүстігінде, қала орталығынан шамамен 46 шақырым жерде орналасқан бұл әуе айлағы бүгінде әлемдегі ең ірі әрі ең заманауи әуежайлардың бірі саналады. Заманауи сәулеті, жоғары технологиялық шешімдері мен үлкен өткізу қабілеті арқылы ол Қытайдың азаматтық авиация саласындағы маңызды нысанына айналды. Әуежайдың ресми ашылуы 2019 жылдың 25 қыркүйегінде өтті. Оның жобасын әлемге әйгілі сәулетші Заха Хадид әзірлеген. Терминалдың жалпы аумағы шамамен 1 миллион шаршы метрді құрайды. Ғимараттың ерекше жұлдыз пішінді құрылымы жолаушылардың қозғалысын барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Терминалдың орталық бөлігінен…