Алматыда басқарушыларға арналған K-PRO білім беру бағдарламасының кезекті интенсиві аяқталды. Бағдарлама топ-менеджерлердің стратегиялық ойлауын дамытуға, басқару тәсілдерін жаңартуға және жасанды интеллект құралдарын бизнесте тиімді пайдалануға бағытталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Интенсив аясында қатысушылар Agile, CFO, COO, HR, CIO/CTO, CCO, CMO, CEO және директорлар кеңесі сияқты сегіз басқару бағыты бойынша білім алды. Әрбір бағыт стратегиялық, тактикалық, цифрлық және бағалау деңгейлеріне бөлініп, қатысушылардың басқару функцияларын кешенді түрде түсінуіне мүмкіндік берді.

Бағдарламаның басты тақырыптарының бірі – жасанды интеллект агенттерін операциялық қызмет пен стратегиялық шешім қабылдау процестеріне енгізу болды. Қатысушылар күнделікті жұмысты автоматтандырудан бастап, басқарушылық шешімдерді қолдауға дейінгі заманауи тәсілдерді меңгерді.
Теориялық сабақтар тәжірибелік жұмыстармен ұштастырылды. Бағдарлама барысында қатысушылар Air Astana, Hyundai, Ritz-Carlton, Popeyes және Алматы желдеткіш зауытына барып, кәсіпорындардың нақты бизнес-процестеріне талдау жасады.

Интенсивтің қорытындысында қатысушылар өздерінің MVP-жобаларын қорғады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірқатар компания бұл жобаларды пилоттық режимде іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
K-PRO бағдарламасы қазіргі таңда табысқа жету үшін тек кәсіби менеджер болу жеткіліксіз екенін көрсетті. Бүгінде технологияны, инновацияны және адами капиталды тиімді үйлестіре алатын көшбасшыларға сұраныс артып келеді.

Бағдарлама аясында Қазақстанның жетекші компанияларының басшылары мен салалық сарапшылар дәріс оқыды. Олардың қатарында Bereke Bank қаржы директоры Римма Патахова, Beeline Kazakhstan компаниясының CIO-сы Агиис Конкабаева, Kolesa Group компаниясының Frontend әзірлеу бөлімінің жетекшісі Вадим Манченко, Қазақстан Ұлттық банкінің Цифрлық даму орталығының ЖИ дамыту департаментінің директоры Әділет Мұхитов, Solidcore Resources директорлар кеңесінің мүшесі Жанат Бердалина, Halyk Bank HR директоры Индира Аширова, Philip Morris Kazakhstan компаниясының People & Culture директоры Мадина Анаятова және басқа да сарапшылар болды.
Интенсивтің маңызды бөлігінің бірі – бейресми форматтағы кешкі кездесулер. Бұл сессияларда қатысушылар белгілі саясаттанушылармен, кәсіпкерлермен, инвесторлармен және топ-менеджерлермен пікір алмасты.

Кездесулерге саясаттанушы Досым Сәтпаев, Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Кирил Бачваров, Air Astana директорлар кеңесінің аға кеңесшісі Питер Фостер, Bank RBK басқарма төрайымы Наталья Акентьева, ChocoFamily Holding негізін қалаушы Рамиль Мұхоряпов, кинорежиссер Ермек Тұрсынов, корпоративтік басқару жөніндегі халықаралық сарапшы Аида Әлжанова және RG Brands директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Мәжібаев қатысты.
XI K-PRO легі осылайша өз жұмысын бастады. Алдағы бір жыл ішінде қатысушылар тоқсан сайынғы сессияларға қатысып, Қазақстанның бизнесі мен қоғамы үшін өзекті мәселелер бойынша әзірлеген шешімдерін таныстырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
