Алматының 43 мыңнан астам тұрғыны әлі күнге дейін ескі көппәтерлі үйлерде тұрып жатыр. Олардың көпшілігі пайдаланудың нормативтік мерзімінен әлдеқашан асып кеткен. Қазақстандағы сейсмикалық қауіптілігі жоғары қалалардың бірі үшін бұл тек қалалық ортаны жаңарту мәселесі ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне де тікелей қатысты. Неліктен реновация бағдарламасының жүзеге асырылуы әзірге жоспарланған қарқыннан баяу жүріп жатыр және оған қандай факторлар кедергі келтіруде? Бұл туралы Qazaq Expert Club құрылыс саласының сарапшысы Диляра Сейтнұрова түсіндірді. Оның айтуынша, бүгінде Алматыда 1366 ескі әрі сейсмотұрақтылығы талапқа сай емес көппәтерлі тұрғын үй бар. Оларда 14 430 пәтер орналасқан және 43 мыңнан астам адам тұрады. Сонымен қатар, 71 үй тікелей…
Автор: Saya
2026 жылғы 7–21 шілде аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған «Атамекен: қазақ ДНҚ-сын ашу» халықаралық балалар құрылтайы өтті. Биылғы ауысымға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Еуропа елдерінен барлығы 288 бала қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz. Құрылтай Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен және Halyk қайырымдылық қорының демеушілігімен ұйымдастырылды. Жай ғана демалыс емес – тарихи Отанмен қауышу «Атамекен» құрылтайының басты мақсаты – шетелде өсіп келе жатқан қазақ балаларының тарихи Отанымен байланысын нығайту болды. Қатысушылар Қазақстанды жақынырақ танып, ана тілін, ұлттық салт-дәстүрді, қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын тереңірек сезінуге…
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерге арналған екі жаңа цифрлық өнімнің прототипін таныстырды. Жаңа сервистер бизнес ашу процесін жеңілдетуге және мемлекеттік қолдау тетіктеріне қолжетімділікті арттыруға бағытталған деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Жобалардың таныстырылымы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті. Кездесудің негізгі мақсаты-жүйелерді ресми іске қоспас бұрын кәсіпкерлердің қатысуымен сынақтан өткізіп, олардың ұсыныстары негізінде функционалын жетілдіру. Алғашқы цифрлық өнім-кәсіпкердің Бірыңғай жеке кабинетіне енгізілген Міндетті талаптар тізілімі. Бұған дейін кәсіпкерлікке қойылатын талаптар әртүрлі нормативтік-құқықтық құжаттарда шашыраңқы орналасқан болатын. Жаңа жүйе оларды бір платформаға жинақтап, кәсіпкердің қызмет бағытына сәйкес міндетті талаптардың жеке тізімін автоматты түрде қалыптастырады. Қызметті пайдалану…
Қазақстанда балаларға арналған ұлттық контентті дамыту жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта 96 жылдық тарихы бар республикалық «Ұлан» газеті ulandigital.kz цифрлық платформасын іске қосты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Жаңа платформа оқушыларға тек материал оқуға ғана емес, өз шығармаларын жариялауға да мүмкіндік береді. Сайттағы «Хат жазамын» бөлімі арқылы жас авторлар мақалаларын, өлеңдерін және басқа да шығармашылық жұмыстарын редакцияға бірнеше минут ішінде жолдай алады. Сонымен қатар ай сайын белсенді қатысушылар арасынан үздік жас тілші анықталады. Платформа құрамында журналистика негіздерін қарапайым тілмен үйрететін арнайы медиа мектеп жұмыс істейді. Онда балалар ақпаратпен жұмыс істеу, материал әзірлеу және журналистік этика…
Қазақстанда электрондық қалдықтардың құрамындағы қауіпті заттардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін азайтуға бағытталған «Қазақстандағы электрониканың өмірлік циклінде айналымдылық пен ресурстарды пайдалану тиімділігін ілгерілету» жобасы іске қосылды деп хабарлайды SteppeNews.kz, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Жоба Жаһандық экологиялық қордың (ГЭФ) қаржыландыруымен Электрониканы басқару жөніндегі жаһандық бағдарлама (GEM) аясында жүзеге асырылады. GEM – Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымының (ЮНИДО) бастамасы. Бағдарлама БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) және өзге де халықаралық серіктестердің қатысуымен іске асырылады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – электрониканы оның толық өмірлік циклі бойы экологиялық қауіпсіз әрі ресурсты тиімді басқару жүйесіне көшуге қолдау…
Алматыда әйгілі актер Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін Armour of God: Ultimatum («Доспехи бога: Ультиматум») халықаралық көркем фильмінің өндірісі ресми түрде басталды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Фильм өндірісінің басталуына арналған салтанатты рәсімге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық киноиндустрия өкілдері қатысты. Аида Балаева Джеки Чанның Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, оған алдағы түсірілім жұмыстарына сәттілік тіледі. «Қазақстан мәдениетін әлемдік аренада танытуға және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға қосып отырған…
Астанада «Сәлем, Қытай» туристік ресурстарының таныстырылымы өтті. Іс-шараның негізгі тақырыптары визасыз режим, жаңа саяхат мүмкіндіктері және туроператорлардың бірлескен жобалары болды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шараны Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен Қытай мәдени орталығы мен Еуразиялық туризм қауымдастығы ұйымдастырды. Оған Қазақстан мен Қытайдың 50-ге жуық туристік компаниясы, China Southern Airlines, Air China және Air Astana әуе компанияларының өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты. Кездесуді ашқан Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Чэн Кэфань туристік ынтымақтастықтың екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңызды бағытына айналғанын айтты. «Бүгінгі таныстырылым Қытайдың сапалы туристік ресурстары мен Қазақстан-Қытай бағытында қызмет көрсететін әуе компанияларының мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Республика алаңында аяқталған қайта жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Сәтбаев көшесінің Байзақов көшесінен Луганский көшесіне дейінгі аралығын кешенді көркейту жобасының іске асырылу барысы қаралды. Қаланың басты қоғамдық кеңістіктерінің бірі саналатын Республика алаңын жаңарту жобасының тұжырымдамасын Ұлыбританияның Лондон қаласындағы LDA Design компаниясы әзірледі. Жобаны Алматы қаласының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырды. Қайта жаңғырту жұмыстары 4,5 гектар аумақты қамтыды. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындар үшін қауіпсіз, жайлы әрі жаяу жүргіншілерге қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру. Жоба аясында алаңның жабындары толық ауыстырылып, инженерлік желілер, сыртқы жарықтандыру және автоматтандырылған суару жүйесі жаңартылды.…
Несиені әлемнің барлық елінде белсенді пайдаланады, Қазақстан да бұл қатардан тыс емес. Көптеген адамдар үшін несие – баспана, автокөлік сатып алудың немесе басқа да ірі қаржылық мақсаттарды жүзеге асырудың мүмкіндігі. Алайда экономикалық тұрақсыздық пен несиелердің қымбаттауы жағдайында бүгінде қарыз қаражатын өте мұқият әрі саналы түрде пайдалану қажет. Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер, экономика ғылымдарының кандидаты Айгерім Ілиясованың айтуынша, басты мәселе несиені алу немесе алмауда емес, оның қандай мақсатқа және қандай шарттармен рәсімделетініне байланысты. «Несиелерді шартты түрде батыл алуға болатын «жақсы» және аулақ болған жөн, ал алған жағдайда мүмкіндігінше ертерек өтеу қажет «жаман» несиелерге бөлуге болады», – дейді Айгерім Ілиясова. Оның…
Швейцарияның Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада музейінде Қазақстан үшін тарихи оқиға өтті. Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың спорттық формасы музейдің ресми коллекциясына қабылданып, Қазақстан алғаш рет әлемдік олимпиадалық мұраны сақтайтын жетекші музейде өз экспонатына ие болды. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды. Салтанатты рәсім 6 шілде – Астана күніне орай ұйымдастырылды. Символдық мәнге ие шара барысында Александр Винокуровтың спорттық жолымен және қазақстандық велоспорттың халықаралық жетістіктерімен байланысты «Астана» велокомандасының формасы Халықаралық Олимпиада музейінің қорына табысталды. Бұл – Қазақстанның аталған музейдегі алғашқы әрі әзірге жалғыз спорттық экспонаты. Халықаралық Олимпиада музейі әлемдік олимпиадалық қозғалыстың тарихын сақтайтын басты орталықтардың бірі саналады. Мұнда Олимпиада ойындарының көрнекті спортшыларына тиесілі тарихи жәдігерлер…