Қазақстан мен Қытай жастарының спорттық байланысын нығайтуға арналған Екінші Қытай–Қазақстан өңіраралық жастар спорттық алмасу апталығы басталды. Іс-шара 17 тамызда Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алашанькоу қаласында ресми түрде ашылды. Биылғы бағдарламаға екі елдің жас спортшылары қатысып, спорттық жарыстармен қатар мәдени және танымдық іс-шараларға да атсалысады, деп хабарлайды SteppeNews.kz China News Service әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстандық спортшылар Алашанькоуға келді Іс-шара қарсаңында Қазақстаннан барған 37 жас спортшы 16 тамызда Алашанькоу қаласына жетіп, жарыстарға дайындық жұмыстарын бастады. Биылғы спорттық алмасу апталығы «Бір алаңда – жастық пен жігер, бірге – тату көршілікті нығайтамыз» деген тақырыппен өтіп жатыр. Бағдарламаға үстел теннисі, бадминтон, баскетбол және…
Автор: Saya
Алматының гастрономиялық сахнасына халықаралық медианың қызығушылығы артып келеді. Осы жолы қалаға Food and Travel басылымының редакциялық тобы келіп, жергілікті мейрамханалар, базарлар, гастрономиялық жобалар мен қазақ асханасының заманауи бағыттарымен танысып жатыр. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Халықаралық редакция Алматының дәмімен танысуда Almaty Tourism Bureau қолдауымен ұйымдастырылған сапар барысында Food and Travel өкілдері қаланың гастрономиялық және туристік орындарын аралап, жергілікті аспаздар мен гастрономиялық жобалармен танысуда. Редакциялық топтың бағдарламасына Алматыдағы мейрамханалар мен жергілікті базарларға бару, ұлттық тағамдардың ерекшеліктерін зерттеу және заманауи авторлық асхана өкілдерімен танысу енгізілген. Сапар барысында жергілікті өнімдер мен дәстүрлі рецептердің заманауи интерпретациясына ерекше…
Бір сапарда Алматыдан Самарқандқа, одан Душанбе мен Ташкентке саяхаттау — әзірге Орталық Азиядағы туристер үшін толыққанды ортақ жүйеге айналған жоқ. Дегенмен аймақ елдері шекарааралық туристік бағыттарды біріктіріп, саяхатты жеңілдетуге тырысып келеді. Қырғызстан ұсынған Орталық Азияға арналған бірыңғай туристік виза идеясы өңірді біртұтас туристік кеңістікке айналдыру мүмкіндігі. Бір сапар — бірнеше ел Елестетіп көріңізші, шетелдік турист Алматыға ұшып келеді. Бірнеше күннен кейін Түркістанды аралап, пойызбен Самарқандқа жетеді. Одан әрі Душанбе арқылы Ташкентке аттанып, сапарын қайта Қазақстанда аяқтайды. Бұрын мұндай маршрут бірнеше бөлек сапар сияқты көрінсе, қазір Орталық Азия елдері оны бір туристік өнімге айналдыруға талпынып жатыр. Оған нақты мысалдың бірі —…
Синьцзянға барған Тұран университетінің туризм және қонақжайлылық менеджменті факультетінің деканы Сидрина Гаухар өңірдің табиғи және мәдени әлеуетімен танысып, оны Қазақстан үшін туризм, білім және гуманитарлық ынтымақтастық бағыттарындағы маңызды серіктестердің бірі ретінде бағалады, деп хабарлайды SteppeNews.kz China News Service-ке сілтеме жасап. Синьцзянды кітаптан емес, көзбен көру қажет Жақында «Шетелдік жоғары оқу орындарының оқытушылары Синьцзянмен танысады» бағдарламасы аясында Орталық Азия елдерінің академиялық және туристік саласының өкілдері Қытайдың Синьцзян өңіріне арнайы сапармен барды. Сапарға қатысушылардың бірі — Қазақстандағы Тұран университетінің туризм және қонақжайлылық менеджменті факультетінің деканы Сидрина Гаухар. Ол бірнеше жылдан бері Ұлы Жібек жолы бойындағы туризм мен мәдениеттің дамуын зерттеп келеді. Ғалымның…
15 қыркүйекке дейін көптеген қазақстандықтар 2025 жылға арналған кірістер мен мүлік туралы декларацияны 270.00 нысаны бойынша тапсыруы қажет. Оны толтыру кезінде неге назар аудару керектігін Qazaq Expert Club сарапшысы, салық консультанты Раушан Тасшоинова түсіндіреді. «Бұған дейін 250.00 нысаны бойынша «кіру» декларациясын тапсырған азаматтарда жиі туындайтын сұрақтардың бірі: енді ондағы барлық мәліметті жыл сайын 270.00 нысанына көшіру керек пе? Мұны істеудің қажеті жоқ. Мысалы, 250.00 нысаны бойынша «кіру» декларациясында көрсетілген қолма-қол ақша қалдығын жыл сайын 270.00 нысанында қайта көрсету талап етілмейді», – деп түсіндіреді Тасшоинова. Бұл ретте жекелеген активтерге қатысты басқа ережелер қолданылады. Мысалы, егер шетелдегі пәтер 2025 жылғы 31 желтоқсанда…
Жүзден астам елдің оқушылары бас қосқан Астанадағы Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасы (IOAI) тек мектеп оқушылары арасындағы жарыс қана емес, мемлекеттердің жасанды интеллект саласындағы жаңа буын мамандарын даярлауға қаншалықты мән беретінін көрсеткен маңызды алаңға айналды. Олимпиада қорытындылары, Қытай құрамасының жетістігі және Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың келешегі туралы Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы Данабек Қалиаждаров пікір білдірді. Неліктен жасанды интеллектті мектептен бастап оқыту қажет? Жасанды интеллект өнеркәсіптен бастап көлік, медицина және білім беру салаларына дейінгі көптеген бағыттардың негізгі технологиясына айналып келеді. Сондықтан дайын AI құралдарын қолдана білу ғана емес, олардың қалай жұмыс істейтінін түсіну және өз шешімдерін әзірлей алу қабілеті…
2026 жылғы 16 тамызда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Бортала-Моңғол автономиялық округінің Алашанькоу қаласында Қытай-Қазақстан жастар арасындағы екінші өңіраралық спорттық алмасу апталығы басталды. Іс-шара 21 тамызға дейін жалғасады. Биылғы спорттық алмасу апталығы «Бір алаңда – жастық пен жігер, бірге – тату көршілікті нығайтамыз» тақырыбына арналған. Шара Қытай мен Қазақстан жастары арасындағы спорттық жарыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларға бағытталған. Негізгі мақсат – екі ел жастарының достығын нығайтып, екіжақты гуманитарлық байланыстардың тұрақты әрі жүйелі дамуына ықпал ету. Іс-шараны Алашанькоу қалалық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі және Алашанькоу қаласының Мәдениет, спорт, радио, теледидар және туризм басқармасы ұйымдастырып отыр. Бірлескен ұйымдастырушылар қатарында «China News Service» халықаралық коммуникациялар компаниясы…
Жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Мәтін жазу, ақпарат іздеу, аударма жасау, дауысты тану, білім алу сияқты көптеген процестерді бірнеше секундта орындауға мүмкіндік беретін технологиялар қарқынды дамып жатыр. Қазақстанда да бұл бағытқа ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллектке басымдық берілетін кезең ретінде аталып, AI технологияларын білім беру мен мемлекеттік басқару салаларына енгізу жұмыстары күшейді. Алайда технология дамыған сайын бір маңызды сұрақ туындайды: қазақ тілі жасанды интеллект дәуіріне қаншалықты дайын? Қазақ тілі – AI үшін күрделі тіл Қазақ тілі жасанды интеллект үшін оңай тілдердің қатарына жатпайды. Халықаралық зерттеулерде қазақ тілі «low-resource language», яғни цифрлық және…
Қырғызстан мен Қытай ортақ шекарадағы өткізу пункттерін басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын келісті. Құжатта екі елдің мемлекеттік органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту үшін бірлескен комитет пен жекелеген өткізу бекеттері бойынша жұмыс топтарын құру қарастырылған деп хабарлайды SteppeNews.kz Келісім жобасы 14 тамызда Қырғызстан Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі мен Қытайдың Бас кеден басқармасы арасындағы келіссөздер барысында талқыланды. Кездесуге екі елдің кеден және шекара қызметтерінің, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Қырғызстан тарапынан келіссөздерге Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникациялар, Денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері қатысты. Ал Қытай делегациясының құрамында ҚХР Бас кеден басқармасы, Сыртқы істер министрлігі, Ұлттық иммиграция қызметі,…
Қырғызстандағы Курумды шыңына шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған үш альпинисті іздеу кезінде олардың денелері болуы мүмкін нысандар анықталды. Бұл туралы 16 тамызда іздеу операциясының жетекшісі Александр Смирнов өзінің facebook парақшасында хабарлады деп SteppeNews.kz хабарлайды. Оның айтуынша, 16 тамыз күні таңертең дронмен таудың баурайын барлау кезінде қар мен тас массасы көшкен аумақ түсірілген. Бейнежазбаларды талдау барысында бұған дейін альпинистердің жеке заттары табылған жерге жақын маңнан адам денесіне ұқсас сұлбалар байқалған. Кадрларда адамдардың өзі анық көрінбейді, өйткені аумақтың басым бөлігі қар мен тастардың астында қалған. Дегенмен альпинистік аяқ киімдер, жабдықтар, киім бөліктері және денеге ұқсас нысандар көрінеді. Табылғандардың нақты кімдерге тиесілі екенін…