Автор: Saya

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2026 жылғы саммитіне қатысады. Сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен осы елге мемлекеттік сапармен барады. 2013 жылы Қытай мен Қырғызстан арасында стратегиялық әріптестік орнады. 2018 жылы екі ел арасындағы қарым-қатынас жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Ал 2023 жылы жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық әріптестік орнатылып, тату көршілік пен ортақ өркендеуге негізделген Қытай мен Қырғызстанның тағдырлас қауымдастығын қалыптастыру басталды. Қадам сайын алға жылжыған Қытай-Қырғызстан қатынастары соңғы жылдары қарқынды серпіліс кезеңін бастан өткерді. «Бір-бірімізге табанды түрде қолдау көрсетуді жалғастырып, даму стратегияларын өзара сабақтастыруды күшейту, мемлекеттерді жаңғырту және ұлттық жаңғыру жолында бірге ілгерілеу, Қытай мен…

Read More

Жақында Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Лю Цзянпин «Синьхуа» агенттігіне берген сұхбатында Қытай мен Қырғызстанның тауы мен өзені ортақ, достық қарым-қатынастағы көршілес елдер ғана емес, даму мен өркендеу жолындағы серіктестер екенін айтты. Мемлекет басшыларының стратегиялық басшылығымен Қытай-Қырғызстан қатынастары тарихындағы ең үздік кезеңге жетіп, жаңа дәуірдегі жан-жақты стратегиялық әріптестік байланыстар тұрақты түрде тереңдеп, нақты нәтижелермен толығып келеді. Лю Цзянпиннің айтуынша, соңғы жылдары Қытай мен Қырғызстан арасындағы саяси өзара сенім нығая түскен. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2022 жылдан бері жеті рет кездесті. Оның үшеуі тек өткен жылдың өзінде өтті. Соңғы жылдары екі елдің премьер-министрлері мен заң шығарушы…

Read More

Астанада «Ғажайып Қытайды танып, Қазақстан мен Қытай достығын нығайтайық» атты Қытай жоғары оқу орындары түлектерінің кездесуі өтті. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі мен ҚХР жоғары оқу орындары түлектері қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған шараға 200-ге жуық адам – түлектер, қазіргі студенттер, талапкерлер, мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелері мен бизнес өкілдері қатысты. Бір қарағанда, бұл естеліктермен бөлісетін достық кездесу сияқты көрінуі мүмкін. Алайда оның астарында бұдан әлдеқайда маңызды мәселе – халықаралық білімнің адами капиталға айналуы және түлектердің Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты байланыстардың біріне айналуы тұр. Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы бүгінде экономика мен инфрақұрылым салаларымен ғана шектелмейді. Білім беру, ғылыми зерттеулер, академиялық ұтқырлық…

Read More

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аккордеоншысы Жандос Сауыт 79-шы халықаралық Coupe Mondiale байқауында бас жүлдеге ие болып, әлем кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықаралық байқау 23-27 тамыз аралығында Астанада өтті. Оған әлемнің әр елінен кәсіби орындаушылар мен жас музыканттар қатысты. Coupe Mondiale байқауын Халықаралық аккордеоншылар конфедерациясы (Confédération Internationale des Accordéonistes, CIA) ұйымдастырады. Байқау аясында қатысушылар бірнеше номинация бойынша өнер көрсетті. Олардың қатарында Coupe Mondiale, Masters Coupe Mondiale, Junior Coupe Mondiale, Virtuoso Entertainment Music және ансамбльдік орындаушылық номинациялары бар. Қазақстан намысын қорғаған Жандос Сауыт байқау қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, әлем…

Read More

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясының Чанчунь қаласында 23–28 тамыз аралығында дәстүрлі кинофестиваль өтіп жатыр. Қала кинематографияны күнделікті қалалық ортамен ұштастыру бағытында елдегі алғашқы пилоттық қалалардың бірі саналады. Осыған байланысты фестиваль тек кино көрсетілімдерімен шектелмей, туризм, гастрономия және сауда салаларымен байланыстырылған. Бұл туралы SteppeNews.kz Жэньминь Жибао сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Биылғы фестиваль Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл және Қызыл Армияның Ұзақ жорықтағы жеңісіне 90 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Осыған байланысты қалада 500-ге жуық тегін кино көрсетілімі жоспарланған. Фестиваль аясындағы шаралар кинотеатрлармен ғана шектелмейді. Қала көшелерінде флешмобтар ұйымдастырылып, арнайы тақырыптық трамвайлар қатынайды. Сондай-ақ танымал фильмдердің саундтректеріне арналған концерттер өткізіледі. Кешкі уақытта…

Read More

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінде TikTok LIVE форматында белсенді жұмыс істейтін креаторлардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-дан астам өсті. Бұл туралы Бангкокта өткен TikTok LIVE Community Fest 2026 фестивалінде айтылды. Халықаралық шарада қазақстандық креаторлар да марапатқа ие болып, жергілікті стримингтік қауымдастықтың халықаралық деңгейде дамып келе жатқанын көрсетті. TikTok LIVE Community Fest 2026 Таиланд астанасында «Be Part of the Win» («Жеңістің бір бөлігі болыңыз») ұранымен өтті. Іс-шараға Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінен 300-ден астам LIVE-креатор қатысып, бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасты және өңірлік қауымдастықтың жетістіктерін бірге атап өтті. Фестиваль биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Ол жаңадан…

Read More

XX жазғы Азия ойындарының басталуына бір айға жуық уақыт қалды. Құрлықтағы ең ірі көпсалалы спорттық жарыс 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Olympic.kz алдағы Азиадаға қатысты негізгі деректерді ұсынды. Аичи-Нагоя-2026 Азия ойындарына 11 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. Оларға командалардың шамамен 6 мың ресми өкілі қосылады. Жалпы жарысқа 45 Ұлттық Олимпиадалық комитеттің өкілдері қатысады. Биылғы Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрінен 71 дисциплина енгізілген. Жарыс барысында 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бағдарламада Олимпиадалық спорт түрлерімен қатар Азия халықтарына тән дәстүрлі спорттар да бар. Олардың қатарында Орталық Азияға тән кураш, Шығыс Азияның ушуы, Оңтүстік…

Read More

2026 жылғы 26 тамызда Эр-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе қатынасын дамытуға бағытталған жаңа келісімге қол қойылды. Бұл туралы SteppeNews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. Құжатқа Қазақстан Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісім аясында қол қойылды. Келісім екі ел арасындағы азаматтық авиация саласындағы құқықтық базаны нығайтып, тұрақты әуе қатынасын дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Қол қою рәсіміне Қазақстанның Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сауд Арабиясы Корольдігінің Азаматтық авиация бас басқармасы президентінің міндетін атқарушы Сулейман бин Ахмед Альбассам қатысты. Келісім екі ел арасындағы сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды дамытуға, инвестиция тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты…

Read More

Өзбекстан мен Оңтүстік Корея Хиуа қаласындағы тарихи Ичан-Кала мемлекеттік музей-қорығында туристік ағынды жасанды интеллект технологиялары арқылы басқару жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр деп хабарлайды SteppeNews.kz Өзбекстан Республикасының Туризм комитетіне сілтеме жасай отырып. Бұл мәселе Өзбекстан Туризм комитеті төрағасының орынбасары С. Бобокалонов пен Корея туристік ұйымының (Korea Tourism Organization, KTO) Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Мин Джи Ён арасындағы кездесуде талқыланды. Жоба KOPIST халықаралық бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Бағдарлама Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің бастамасымен қолға алынған және оны Корея туристік ұйымы жүзеге асырады. Оның негізгі мақсаты – тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және перспективалы жобаларды қаржыландыруға дайындау. Биыл…

Read More

26–31 тамыз аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайындаFIBA Азия кубогы-2029 турнирінің алдын ала іріктеу кезеңінің бірінші раундындағы В тобының матчтары өтеді деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Қазақстан жаңартылған іріктеу жүйесі бойынша 2029 жылғы Азия кубогына жолдама сарапқа салынатын бастапқы кезең ойындарын алғаш рет қабылдап отыр. Жарыс Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Алматы осы кезеңнің матчтарын қабылдайтын Орталық Азиядағы жалғыз қала болады. Бірінші раундтың басқа кездесулері Дубайда, Серембанда және Ұлан-Батырда өтеді. Алдын ала іріктеуге төрт топқа бөлінген 18 ұлттық құрама қатысады. Қазақстан құрамасы өз тобында Палестина, Шри-Ланка, Мальдив аралдары және Қырғызстан командаларымен кездеседі. Ойындар айналмалы жүйе бойынша…

Read More