2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінде TikTok LIVE форматында белсенді жұмыс істейтін креаторлардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-дан астам өсті. Бұл туралы Бангкокта өткен TikTok LIVE Community Fest 2026 фестивалінде айтылды. Халықаралық шарада қазақстандық креаторлар да марапатқа ие болып, жергілікті стримингтік қауымдастықтың халықаралық деңгейде дамып келе жатқанын көрсетті.
TikTok LIVE Community Fest 2026 Таиланд астанасында «Be Part of the Win» («Жеңістің бір бөлігі болыңыз») ұранымен өтті. Іс-шараға Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінен 300-ден астам LIVE-креатор қатысып, бір-бірімен танысып, тәжірибе алмасты және өңірлік қауымдастықтың жетістіктерін бірге атап өтті.
Фестиваль биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Ол жаңадан бастаған және тәжірибелі креаторларға қолдау көрсетуге бағытталған. Платформа авторларға тәжірибе алмасуға, білім беру ресурстарын пайдалануға және аудиториямен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін түрлі құралдар ұсынады. Бұл өз кезегінде тікелей эфир жүргізуді шығармашылықпен қатар кәсіби қызметтің перспективалы бағытына айналдыруға мүмкіндік береді.
Кештің басты оқиғаларының бірі TikTok LIVE Community Fest 2026 Awards марапаттау рәсімі болды. Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінен 30-дан астам LIVE-креатор шығармашылық көзқарасы, аудиториямен шынайы байланыс орнатуы және белсенді қауымдастықтарды дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттарға ие болды.
TikTok LIVE – тек тілдесу алаңы емес
TikTok LIVE-қа деген қызығушылықтың артуы Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдеріндегі тікелей эфирлердің жалпы динамикасынан да байқалады.
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында аталған өңірде 95 миллионнан астам креатор тікелей эфир өткізді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-дан астам жоғары көрсеткіш.
Осы кезеңде 40 миллионнан астам автор алғаш рет тікелей эфирге шыққан. Ал жаңадан бастаған креаторлардың әрбір үшіншісі алғашқы 30 күн ішінде алғашқы сыйақысын алған.
Бұл көрсеткіштер LIVE форматының авторлар үшін аудиториямен байланыс орнатудың қарапайым тәсілінен кәсіби және шығармашылық дамудың жеке бағытына айналып келе жатқанын көрсетеді.
Сонымен қатар тікелей эфирлер ойын-сауық форматымен ғана шектелмейді. Бүгінде TikTok LIVE арқылы саяхат, тарих және мәдениетке қатысты контент те кеңінен таралып келеді. Креаторлар тікелей эфир барысында жаһандық аудиторияны жергілікті дәстүрлермен, тарихи мұралармен және мәдени шаралармен таныстырады.
Мысалы, Таиландта TikTok LIVE елдің Туризм басқармасымен бірлесіп, Таиландтың дәстүрлі Жаңа жыл мерекесі – Сонгкранға арналған бірнеше тікелей эфир ұйымдастырды. Оның арқасында әлемнің әр түкпіріндегі көрермендер мерекенің салт-дәстүрімен танысып, оны жергілікті тұрғындардың қалай атап өтетінін тамашалай алды.
Ал Вьетнамда Мәдени мұраны сақтауды қолдау қорымен бірлесіп Beauty Vietnam жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында миллиондаған TikTok пайдаланушысы елдің төрт өңірі – Бави, Даклак, Дьенбьен және Анзянгтың аңыздары, дәстүрлері мен мәдени ерекшеліктерімен танысты.
Қазақстан да биыл TikTok LIVE-тың LIVE Comes Alive жаһандық бағдарламасына қосылды. Оның аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Almaty Museum of Arts Museums Come Alive науқанына және #MuseumTok бастамасына қатысты.
Бұл жоба тікелей эфирлердің музейлерге мәдени мұра туралы интерактивті форматта әңгімелеп, әлемдік аудиторияның өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға қалай мүмкіндік беретінін көрсетті.
Қазақстанда музыкалық LIVE-контент те танымал бола бастады
TikTok LIVE платформасында креаторлардың шығармашылық қабілетін көрсететін тікелей эфирлер де танымалдылыққа ие болып келеді. Бұл үрдіс Қазақстанда да байқалады. Мұнда стримерлер арасында музыкалық бағыттағы авторлар саны артып келеді.
Мәселен, орындаушы Сухраб Курбанов (@suhrab_k) вокалы және көрермендермен тікелей қарым-қатынас орнатуымен аудиторияның назарын аударып жүр. Оның тікелей эфирлері тек ән орындаумен шектелмей, өзіндік музыкалық кеш форматына айналған.
Ал талантты гитарист Иван Жуков (@may.duet) басқа музыканттармен бірге жиі тікелей эфир өткізіп, гитара үнін скрипка, виолончель және басқа да музыкалық аспаптармен үйлестіреді.
Осылайша қазақстандық музыканттар мен креаторлар музыкаға қызығатын көрермендерді Қазақстанда ғана емес, шетелде де біріктіріп келеді.
Екі қазақстандық автор үздік TikTok LIVE-креаторларының қатарында
Тікелей эфирдің негізінде жатқан еркін қарым-қатынас форматы қазақстандық аудиторияға жақын. Бұл формат ақындардың, музыканттардың және шығармашылық тұлғалардың көпшілікпен тікелей байланыс орнататын дәстүрлі мәдени тәжірибесімен де үндеседі.
Көрермендермен еркін сөйлесу, импровизация жасау, ән айту және нақты уақыт режимінде қызықты контент ұсыну қабілеті қазақстандық авторларға TikTok платформасында өзіндік стилін қалыптастырып, өңірлік деңгейде танылуына мүмкіндік береді.
Мұны қазақстандық креаторлардың TikTok LIVE Community Fest 2026 фестивалінде алған марапаттары да дәлелдейді.
Арнайы марапаттар үш санат бойынша – Legend, Platinum және Gold бағыттарында табысталды. Қазақстандық екі креатор негізгі санаттарда жүлдеге ие болды.
Руслан Нуртазин (@omgdnss) ең жоғары санаттағы Legend марапатын жеңіп алды. Ол осы санатта марапатталған алты креатордың бірі болды. Оның тікелей эфирлері ойын-сауық контентімен ғана шектелмей, түрлі елдердің көрермендері арасындағы қарым-қатынас пен мәдени алмасу алаңына айналып отыр.
Ал Сабина (@pipikoldiko) Gold марапатының иегері атанды. Ол тікелей эфир барысында жазылушыларымен ашық сөйлесіп, оларды диалогқа белсенді түрде тартады. Осы арқылы көрермендерді өзінің онлайн-қоғамдастығының бір бөлігіне айналдыратын ерекше атмосфера қалыптастырады.
Қазақстандық креаторлардың өңірлік деңгейде мойындалуы Орталық Азиядағы LIVE авторларының TikTok-тың халықаралық қауымдастығында маңызды орын алып келе жатқанын көрсетеді.
Креаторлар өз аудиториясымен қарым-қатынас жасау үшін жеке кеңістіктерін қалыптастырып, көрермендерді ортақ қызығушылықтар төңірегіне біріктіреді. Ал аудиторияның қолдауы олардың шығармашылық дамуының маңызды бөлігіне айналып отыр.
TikTok LIVE Community Fest 2026 тікелей эфирлердің жай ғана танымал цифрлық контент форматы емес, сонымен қатар бірлескен шығармашылық, мәдени алмасу және халықаралық коммуникация алаңына айналып келе жатқанын көрсетті. Бұл ретте авторлардың дамуы үшін белсенді қауымдастықтың қолдауы маңызды рөл атқарады. Креаторларды тыңдап, олармен диалог құрып, шығармашылығын қолдайтын аудитория тікелей эфир мәдениетінің негізгі бөлігі болып қала береді.
