Құрметті отандастар! Бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатыр. Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі болғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл ядролық сынақтардың салдары күллі адамзат баласы үшін аса ауыр болғанын ұғындыратын, сондай-ақ әлем жұртшылығын мұндай алапат апатқа жол бермеуге шақыратын айрықша маңызды күн саналады. Қазақстан дүние жүзінде қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартты. Еліміз бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдап,…
Автор: Saya
Қытайдың жаңа энергия көздерімен жүретін көліктер нарығы (NEV) бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жаңарып, бәсекелестік ортаның құрылымын түбегейлі өзгертіп жатыр. Биыл қаңтар-шілде айларында Қытайда NEV көліктерінің өндірісі мен сатылымы 9 млн данадан асып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Жеңіл автомобильдердің бөлшек саудасындағы NEV үлесі тұрақты түрде 60%-дан жоғары болып отыр. Ал шілдеде бұл көрсеткіш 65,1%-ға жетті. Сала сарапшыларының пікірінше, іштен жану қозғалтқышы бар көліктер мен электромобильдердің арақатынасындағы тарихи бетбұрыс әлдеқашан басталып кетті. Бұл туралы SteppeNews.kz Жэньминь Жибао ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Автомобиль өнеркәсібіндегі модельдердің жаңару қарқыны да рекордтық деңгейге жетті. Биылғы жылдың алғашқы жартысында Қытай нарығына жаңа платформалар…
Тәжікстанның «Сомон Эйр» әуе компаниясы Душанбе мен Беларусь астанасы Минск арасында тікелей әуе қатынасын ашты. Жаңа бағыт Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында іске қосылды. Бұл туралы SteppeNews.kz Avesta.tj сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Тікелей рейсті Тәжікстан Үкіметі жанындағы Азаматтық авиация агенттігі мен «Сомон Эйр» компаниясы бірлесіп ашқан. Ведомство өкілдерінің айтуынша, жаңа әуе бағыты Тәжікстан мен Беларусь арасындағы көпжақты байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Тікелей әуе қатынасы екі ел арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын, туризм мен мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал етпек. Сонымен қатар жаңа бағыт Тәжікстан мен Беларусь азаматтарының екі ел арасында қатынауын жеңілдетуге мүмкіндік береді. «Сомон Эйр» әуе компаниясының ұшақ…
Өзбекстанның төрт өңірінде ел тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай жалпы қуаты 2,4 ГВт-тан асатын алты энергетикалық нысан пайдалануға берілді. Жобаларды жүзеге асыруға Қытай, Сауд Арабиясы, Франция, Катар және Жапония компаниялары қатысып, жалпы көлемі 1,7 млрд доллар инвестиция салынды. Бұл туралы SteppeNews.kz Upl.uz ақпараттық сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Жаңа нысандардың ішіндегі ең ірісі – Сырдария облысының Баяут ауданында салынған қуаты 1573 МВт жылу электр станциясы. Жобаны француздың EDF, катарлық Nebras Power және жапондық Sojitz пен Kyuden компаниялары 900 млн долларға жүзеге асырды. Жылу электр станциясы жыл сайын шамамен 13 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіреді. Нысанның іске қосылуы жылына 1,1 млрд текше…
Өзбекстанда Қытайдың заманауи мақта өсіру технологияларын енгізу бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. Ташкенттен бірнеше жүз шақырым жерде орналасқан мақта алқаптарында биыл жоғары өнім алуға мүмкіндік бар деп хабарлайды SteppeNews.kz Cиньхуа ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Қытай Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының жоғары сапалы мақта өсіру тобының бас ғылыми қызметкері Сун Мэйчжэньнің айтуынша, демонстрациялық учаскеде әр му-дан 550 келіден астам шитті мақта жинау жоспарланып отыр. Бір му шамамен 667 шаршы метрге тең. Көлемі мың му болатын тәжірибелік алқап жоғары өнімді мақта сорттарын өсіру үшін Шыңжаңдағы «Хуасин» корпорациясы мен Қытай Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу…
Алматыда 29–31 тамыз аралығында жастарға арналған Digital Camp — JAS CAMP өтеді. Үш күнге жоспарланған білім беру бағдарламасына 100-ден астам жас қатысып, цифрлық жобаларын әзірлейді. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады. Шара Алматыдан 18 шақырым қашықтықта орналасқан «Арман Дала» демалыс аймағында ұйымдастырылады. Қатысушылар 10 командаға бөлініп, жобаны әзірлеудің негізгі кезеңдерінен өтеді. Олар алдымен мәселені анықтап, идея қалыптастырады, кейін оның шешімін әзірлеп, MVP — өнімнің ең төменгі өміршең нұсқасын жасайды. Бағдарламаның соңында дайын жобалар көпшілік алдында қорғалады. Лагерь қорытындысы бойынша 20-дан астам digital-жобаны таныстыру жоспарланған. Қатысушылар практикалық білім алады JAS CAMP бағдарламасы теориядан гөрі практикалық жұмысқа басымдық береді.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қаражатты, соның ішінде Ұлттық қор ресурстарын әлеуметтік, коммуналдық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымын ауқымды жаңғыртуға бағыттау бастамасы ең көп талқыланған тақырыптардың біріне айналды. Бұл стратегиялық шешімнің қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілген еді,Қазақстан кеңестік кезеңнен қалған беріктік қоры іс жүзінде сарқылған шекке келіп жетті, енді елге сапалық тұрғыдан қуатты серпіліс қажет. Мемлекет неліктен егемен жинақтарды елдің физикалық инфрақұрылымына инвестициялауы керек, Президенттің «үлкен құрылысқа» бағытталған бағдары неліктен экономикалық тұрғыдан негізделген және АҚШ-тағы осыған ұқсас тәжірибе бұл елдің жаһандық көшбасшылығына қалай жол ашты? Экономист, Qazaq Expert Club тың құрылтайшысы Бауыржан Шурманов жағдайға кәсіби талдау жасады. Кеңестік ресурстың шегі және Президент бастамасының…
Қазақстан Президенті 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заң арқылы тыйым салу туралы Үкімет ұсынысын қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы бұл бастаманы өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыру шараларының бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Президенттің айтуынша, балалардың қолайлы әрі ең бастысы қауіпсіз ортада өмір сүруіне барынша жағдай жасау қажет. «Жалпы, біз өскелең ұрпақтың қолайлы және, ең бастысы, қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек», – деді Мемлекет басшысы. Ол бұл мәселеге жақында өткен Тамыз конференциясында да арнайы тоқталғанын атап өтті. Президенттің сөзінше, 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу тәжірибесі әлемнің көптеген елінде енгізіліп жатыр.…
Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концертіне санаулы күн қалды. Астана мен Алматыда өтетін шоудың бұған дейін айтылмаған жаңа қырлары белгілі болды. Мыңдаған көрерменнің қолындағы арнайы білезіктер музыка ырғағымен бірге жарқырап, стадионды алып жарық шоуына айналады. Бұған қоса, алаңның қақ ортасына қосымша сахна орнатылып, әнші концерттің бір бөлігін көрерменге барынша жақын жерде орындайды, деп хабарлайды SteppeNews.kz концерттің ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап. Ал сахнадағы отты эффектілер мен шоудың техникалық шешімдеріне әлемдік жұлдыздармен жұмыс істейтін америкалық мамандар жауап береді. Мыңдаған білезік бір мезетте жарқырайды Қазақстандағы концерттердің ең әсерлі тұстарының бірі – интерактивті жарық білезіктер болмақ. Арнайы технология арқылы мыңдаған білезік музыкамен және сахна жарығымен бір…
30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2026 жылғы саммитіне қатысады. Сондай-ақ Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Мысыр президенті Абдель Фаттах әс-Сисидің шақыруымен екі елге мемлекеттік сапар жасайды, деп хабарлайды SteppeNews.kz China News Service-ке сілтеме жасап. ШЫҰ құрылғанына 25 жыл толып отырған биыл халықаралық қауымдастық ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің саммитке қатысуын асыға күтіп отыр. Сарапшылар оның ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшыларымен бірге ШЫҰ-ның сапалы дамуына жаңа серпін беріп, «шанхай рухын» одан әрі ілгерілететініне, өңірдің қауіпсіздігі мен дамуына ықпал ететініне, жаһандық басқарудағы күрделі мәселелерді бірлесіп шешуге және әлемдегі бейбітшілік пен дамуға елеулі үлес қосатынына…