VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтыншы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы қоржынына бірқатар жүлде түсті. Осылайша ел спортшыларының алтын медаль саны 32-ге жетті деп хабарлайды SteppeNews.kz
Бүгін спортшылар көкпар, көкбөрі, тоғызқұмалақ, мангала және овари бойынша бақ сынады.
Зияткерлік спорт түрлерінен жарыстар Ойындардың алғашқы күнінен бері жалғасып келеді. Бүгін аталған спорт түрлерінен шешуші кезеңдер өтіп, тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы 4 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Мангалада да қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Құрама мүшелері 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Африка халықтарының дәстүрлі зияткерлік ойыны саналатын овариден де қазақстандық спортшылар жүлдеге қол жеткізді.
Көкбөріден финалдық кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Шешуші ойында қырғызстандық спортшылар басым түсіп, алтын медальға ие болды. Қазақстан құрамасы күміс жүлдені еншіледі.
Осылайша, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті.
Келесі материал: Алматыда поп-музыка жұлдызы Энрике Иглесиас концерті өтті: «Жастық шақ пен шынайы махаббаттың көрінісі»
