SteppeNews.kz: ҚР Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелерін тексеру барысында «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ тарапынан авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсыну фактілері анықталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған авиакомпаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әрбір тасымалдаушыға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

