Автор: Saya

STEPPENEWS.KZ: 26 желтоқсанда Үрімші – Лопнұр бағытындағы G0711 жоғары жылдамдықты автомагистралі толық аяқталып, көлік қозғалысына ашылды. Нәтижесінде Үрімші мен Корла қалалары арасындағы жол жүру уақыты бұрынғы 7 сағаттан 3,5 сағатқа дейін қысқарды. Осылайша Тянь-Шаньның солтүстігі мен оңтүстігі «үш сағаттық көлік қолжетімділігі» аймағына бірікті. Бұл өзгеріс өңірдің көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, Синьцзянның жалпы даму құрылымына да елеулі әсер етпек. Тянь-Шаньды жалғаған басты көлік артериясы Аталған автомагистраль ұлттық G0711 Үрімші – Чарклык жоғары жылдамдықты жол желісінің маңызды бөлігі саналады. Жол Үрімші қаласының батыс айналма тасжолындағы Сишань оңтүстік жол айрығынан басталып, Лопнұр уезінде аяқталады. Жалпы ұзындығы — 324,7 шақырым. Құрылыс жұмыстары 2020…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері мен бірқатар әлеуметтік төлемдер ұлғаяды. Бұл туралы Астана қаласы әлеуметтік қамсыздандыруды реттеу және бақылау комитетінің басшысы Дәмежан Сәдуақасова брифинг барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін өседі. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болып белгіленсе, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені құрайды. Ал ең төменгі жалақы 85 000 теңгеге жетеді. 2026 жылдың басынан бастап жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнетақы төлемдері 10 пайызға артады. Сонымен қатар, жаңа зейнетақы тағайындау кезінде ескерілетін ең жоғары табыс 55 АЕК болады, бұл 237 875 теңгеге тең. Мемлекеттік…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қытай бүгінде атом энергетикасын ең қарқынды дамытып отырған әлемдік көшбасшылардың бірі. Қазіргі уақытта елде 58 атом реакторы жұмыс істеп тұр, тағы 30-дан астамы салынып жатыр. Жалпы алғанда, Қытайдың ядролық энергетика жүйесінде 100-ден аса реактор бар. АЭС-тер елдегі электр энергиясының шамамен 5 пайызын өндіреді, ал 2023 жылғы өндіріс көлемі 440 мың гигаватт-сағаттан асты. Қытайдың басты артықшылығы – атом станцияларын сериялы әрі қысқа мерзімде салу тәжірибесі. Жаңа буындағы Hualong One реакторлары орта есеппен 5–6 жылда толық қуатқа шығады. Бұл технология халықаралық деңгейде мойындалып, бірқатар елдерде қолданысқа енгізілген. Қазақстанның таңдауы неге Қытайға түсті? Қазақстан билігі екінші және үшінші атом электр станцияларын Қытайдың…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Жаңа жыл қарсаңында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытайдың Орталық телерадио корпорациясы және интернет арқылы 2026 жылға арналған дәстүрлі Жаңа жыл құттықтауын жолдады. Төменде сол сөздің толық мәтіні беріліп отыр: Құрметті достар! Жылдар ауысып, уақыт жаңа парақтарын ашуда. Жаңа жыл табалдырығында тұрып, Бейжіңнен баршаңызға шын жүректен ізгі тілегімді жолдаймын! 2025 жыл – «14-бесжылдық» жоспарының аяқталған кезеңі. Соңғы бес жылда біз жігерлене алға басып, талай қиындық пен сынақты еңсердік. Жоспарлы міндеттерді табысты орындап, Қытайдың жаңғыру жолында сенімді қадам жасадық. Ел экономикасының жалпы көлемі жыл сайын жаңа межелерді бағындырып, биыл шамамен 140 триллион юаньға жетеді деп күтілуде. Экономикалық қуатымыз, ғылым мен технология…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Қытай мен Қазақстан – ежелгі Жібек жолының маңызды бөлігі болған елдер. Тарих бойы сауда, мәдени алмасу дамып, екі халық арасында терең байланыс қалыптасты. Ал цифрландыру дәуірінде бұл байланыс дәстүрлі құрлық жолдарынан онлайн-кеңістікке дейін кеңейді. Шекаралық электронды сауда, мобильді төлемдердің өзара қолданылуы сияқты процестердің дамуы «Цифрлық Жібек жолын» екі елді одан әрі жақындата түсті. Онда бұл бастама Қазақстан тұрғындарының өміріне қалай әсер етіп жатыр? Қытай мен Қазақстанның жаңғыру үдерістерін түсінуге ол қандай жаңа мүмкіндік береді? Осы сұрақтарға жауап ретінде Еуразиялық халықаралық зерттеулер қауымдастығының атқарушы директоры Қайрат Батырбаев «China News Service» агенттігіне сұхбат беріп, цифрлық серіктестіктің мүмкіндіктері туралы пікір айтты. –…

Read More

Астанада жүргізушісіз такси жобасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі айтты деп хабарлайды STEPPENEWS.KZ «Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және inDrive компаниясы 2026 жылы Астанада жүргізушісіз такси бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы меморандумға қол қойды. Елорда 2026 жылы inDrive компаниясы ұсынған жүргізушісіз такси жобасы іске қосылатын Қазақстандағы алғашқы қалалардың қатарына енеді. Шаһар қалалық мобильділіктің жаңа форматына көшуге дайындалып, автономды көлікті «қауіпсіздікті арттыру, жайлылық пен қалалық ортаның сапасын жақсарту құралы» ретінде қарастырып отыр»,- делінген хабарламада. Өздігінен жүретін автокөліктерді енгізу жобасы «ақылды қала» стратегиясы мен цифрлық инфрақұрылымды…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Осы күні Қазақстан Республикасының Әскери-әуе күштері құрамына Үшарал қаласында орналасқан 01852 әскери бөлімі алғаш рет енгізіліп, оған «486-шы жеке тікұшақ полкі» атауы берілген. Бүгінде армиялық авиация — Әскери-әуе күштерінің маңызды құрамдас бөлігі. Ол Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштеріне авиациялық қолдау көрсетіп, оқу-жаттығу, жауынгерлік және арнайы міндеттерді орындауға бағытталған кешенді операцияларды жүзеге асырады. Қарулы-жарақтар қатарында Ми-17В-5, Ми-8МТ, Ми-171Ш, Ми-172, Ми-24В, Ми-35М, EC-145, UH-1H-II және Ми-26 тікұшақтары бар. Тікұшақтардың жоғары маневрлік қасиеттері атысқа қолдау көрсетуде, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарын басуда және басқа да маңызды тапсырмаларды орындауда ерекше рөл атқарады. Олардың көмегімен әуе барлауы жүргізіледі, артиллериялық нысаналарды анықтау және атысты түзету…

Read More

STEPPENEWS.KZ: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы тұрғындары кемінде бес жыл бойы МӘМС жүйесіне тұрақты түрде жарна төлеген жағдайда, төлем уақытша тоқтатылған кезде де алты ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтай алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық бөлімшесінің директоры Мұхамеджан Ілияс хабарлады. Жаңа норма әсіресе жұмыс орнын ауыстырған жалдамалы қызметкерлерге қажет, алайда ол жарна төлеушілердің барлық санатына қатысты. «Яғни, жұмысынан айырылған немесе уақытша қаржылық қиындыққа тап болған азаматтар медициналық көмексіз қалмайды, бұрынғыдай МӘМС аясында қызмет ала береді. Бірақ табысы қалпына келгеннен кейін өткен айлардағы берешегін өтеуі қажет», – деді спикер. Қазір «сақтандырылған» мәртебесі…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Oxford Insights халықаралық талдау орталығы жариялаған Government AI Readiness Index 2025 рейтингінде Қазақстан 195 елдің ішінде 60-орынға көтеріліп, бір жыл ішінде 16 позицияға ілгеріледі. Бұған дейінгі 2024 жылғы рейтингте еліміз 76-орында тұрған еді. Аймақтық салыстыруда Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жасанды интеллектіні енгізу және басқару деңгейі бойынша көш бастап, “аймақтағы ең дамыған цифрлық мемлекеттердің бірі” мәртебесін растайды. Government AI Readiness Index үкіметтердің жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда, экономикада және қоғамдық процестерде тиімді қолдану қабілетін, сонымен қатар ЖИ-дің қауіпсіз, жауапты және орнықты дамуына жағдай жасау деңгейін бағалайды. Зерттеу 195 елді қамтып, жасанды интеллект саласындағы мемлекеттердің рөлін анықтайтын бірегей халықаралық рейтинг болып…

Read More

STEPPENEWS.KZ: Алматыда жаңа жыл мерекесі қарсаңында дәстүрлі отбасылық марафон ұйымдастырылды. Almaty Arena аумағында өткен бұқаралық спорттық шара «Бір мақсат. Бір бағыт» ұранымен өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырды. Іс-шара Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, BI Group, Bazis-A және Sensata Group компаниялары демеушілік жасады. Көрсетілген қолдаудың арқасында марафонға қатысу баршаға қолжетімді болды. Марафон бағдарламасы балалар мен ересектерге арналған түрлі интерактивті алаңдармен толықты. Жарысты сәтті аяқтаған барлық қатысушыға естелік медаль табысталды. Ал ерекше образбен көзге түскен жүгіргіштер «Ең үздік костюм» аталымы бойынша арнайы жүлдеге ие болды. Қатысушылар символикалық мәнге ие 2026 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Бұл жаңа жылды белсенді әрі…

Read More