Автор: Saya

SteppeNеws.kz: Мәскеу қаласында химиядан өткен мерейтойлық 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар айтарлықтай жетістікке жетті. Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев жарыстың алтын медалін иеленді. International Mendeleev Chemistry Olympiad — химия саласындағы әлемдегі ең беделді додалардың бірі. Биылғы байқауға әлемнің 37 елінен, соның ішінде Бразилия, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы және Вьетнам сияқты мемлекеттерден 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлығы 10 медаль иеленді: 1 алтын медаль: Арен Теңізбаев (Қызылорда облысы); 4 күміс медаль; 5 қола медаль. Бұл жеңіс отандық білім беру жүйесі мен жас химиктердің халықаралық аренадағы…

Read More

SteppeNews.kz: Алматыдағы №79 гимназияның 11-сынып оқушысы Дана Қадырбек Венада өткен жаһандық форумда әлемдегі ең үздік үш жас өнертапқыштың қатарына енді. Оқушы соңғы екі жылда қазақстандық білім беру саласының халықаралық деңгейдегі өкіліне айналып, оның жобалары әлемдік ұйымдардың жоғары бағасын алып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеді. Дана Қадырбек 2024-2025 жылдары Kazakhstan Smart Space халықаралық конкурсында жүлдегер атанып, инженерия саласындағы қабілетін көрсетті. Одан бөлек, АҚШ-тағы Olympiad USA математика олимпиадасында 2-орынды иеленіп, Индонезияда өткен YISF байқауында жеңіске жетті. Оның ғылымдағы негізгі бағыты ауадан су алу технологиясына негізделген. 2025 жылдың шілдесінде Сеулде өткен WICO дүниежүзілік жастар ғылыми олимпиадасында Дана алтын медаль алды. Ол атмосферадан…

Read More

SteppeNews.kz: Жер күніне орай Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мемлекет басшылары қатысқан Аймақтық экологиялық саммит өтуде, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Делегация басшылары мен саммитке қатысушыларды қарсы алған Президент бұл диалог алаңының маңызына тоқталып, экологиялық және халықаралық деңгейдегі негізгі сын-қатерлерді атап өтті. Экологияның маңызы туралы: «Қазіргі экология тек климат мәселесімен шектелмейді. Бұл – адамзат тіршілігінің өзегі. Мұнда таза ауа мен қауіпсіз су, құнарлы топырақ пен сенімді азық-түлік жүйесі, қоғам тұрақтылығы мен болашақ ұрпақтың игілігі жатыр. Сондай-ақ бұл сананың сергектігіне, қоғамдық келісім мен адам бақытына тікелей әсер етеді. Кеңінен алғанда, экология – ортақ планетамызға деген жауапты көзқарасқа негізделген өмір салты». БҰҰ Жарғысын іріктеп…

Read More

SteppeNews.kz: Иранмен арадағы геосаяси шиеленістің ушығуы аясында Біріккен Араб Әмірліктері мұнай саудасында доллардан юаньға ішінара көшу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл әлемдік нарық үшін қандай сигнал? Доллардан біржола бас тарту ма, әлде тәуекелдерді азайту әрекеті ме? Экономист, Qazaq Expert Club тең құрылтайшысы Бауржан Шурманов жағдайды былай түсіндіреді: «Бұл доллардан бас тарту емес, геосаяси сын-қатерлерге берілген прагматикалық жауап. Әлем біртіндеп бір валютаның үстемдігінен алыстап, анағұрлым әртараптандырылған есеп айырысу жүйесіне бет бұрып жатыр». Сарапшының айтуынша, Парсы шығанағы елдерінің логикасы географиялық факторларға негізделген: күн сайын Ормуз бұғазы арқылы шамамен 21 млн баррель мұнай өтеді — бұл жаһандық тұтынудың бестен бір бөлігі. Бұл — әлемдік экономиканың…

Read More

SteppeNews.kz: Алматыдағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде мектеп түлектеріне арналған «Медиа экспедиция: Алматы фокуста» атты журналистика бойынша көктемгі мектеп өз жұмысын бастады. Үш күнге созылатын танымдық жоба абитуриенттерге медиа әлемінің қыр-сырын ұғындырып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруді көздейді. Алғашқы күн: Тарих пен тәжірибе ұштасқан сәт Іс-шараның алғашқы күнінде кафедра басшылығы жас талапкерлермен жүздесіп, алдағы үш күндік бағдарламаның жоспарымен таныстырды. Бұл тек дәріс емес, нағыз практикалық алаң болатынын атап өтті. Одан кейін ұйымдастырушылар оқушыларды университеттің бай тарихымен танысытырды. Болашақ студенттер оқу орнының музейлерін аралап, білім ордасының қалыптасу жолын көрді. Дина Төлепбергеннен шеберлік сағаты Күннің ең айтулы сәті…

Read More

SteppeNews.kz: Елордада сауда үйлерінің бірінің жанында медицина қызметкеріне шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Сот шешімімен құқық бұзушы 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оқиға биылғы 13 наурызда болған. Мас күйіндегі ер адам жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмай, фельдшерге күш қолданған. Медицина маманы ауыр жарақат алмағанымен, физикалық ауырсынуды бастан кешкен. Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, темір торға тоғытпауды сұрады. Алайда сот оның бұған дейін де қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде спирттік ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылғанын ескерді. Қылмыстың мас күйінде жасалуы жазаны ауырлататын жағдай ретінде танылды. Нәтижесінде сотталушы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі…

Read More

SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты еліміздің жоғары мемлекеттік марапаты – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Марапаттау рәсімінде Президент бұл шараны өткізу қазақ тарапы үшін зор мәртебе екенін атап өтіп, екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.  Біз Сізді өз халқын алға бастап келе жатқан парасатты, білікті, ірі саясаткер деп білеміз, сыйлаймыз. Моңғолияны көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз өсіп-өркендеп келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың жобалар жүзеге асырылып жатыр. Моңғолияның экономикасы дамып, халқыңыздың әл-ауқаты жақсарды. Сонымен қатар еліңіздің аймақтағы және әлемдегі беделі арта түсті. Сіздің басшылығыңызбен моңғол жұрты алдағы уақытта да биік…

Read More

SteppeNews.kz: Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кететінін ресми түрде жариялады. Ол 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмысын тапсырып, компанияның атқарушы төрағасы болады. Бұл туралы Apple компаниясының ресми баспасөз орталығы хабарлады. Технологиялық алпауыттың жаңа бас директоры болып Джон Тернус тағайындалды. Бұл шешім компанияның ұзақ мерзімді жоспарланған кадрлық ауысуының бір бөлігі ретінде қабылданған. 2011 жылы Тим Кук әлемге әйгілі компанияны Стив Джобстан кейін басқарды.  Оның кезеңі компания тарихындағы қарқынды өсіммен ерекшеленеді. Айта кетсек, оның басшылығымен Apple-дың нарықтық капитализациясы шамамен 350 миллиард доллардан 4 триллион долларға дейін өсті. Ал жылдық кірісі төрт есеге жуық өсті. 2011 жылы қаржы 108 миллиард доллар болса,…

Read More

SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мәліметі бойынша, ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылдың 18 сәуірінен бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады. Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты. Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады. Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және…

Read More

SteppeNews.kz: Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл қаласындағы жолөткел құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. 2023 жылдың тамыз айында қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «БУКА» ЖШС арасында 5,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Алайда мердігер мекеме жұмыс кестесін үнемі кешіктіріп келген. Тергеу мәліметінше, компания директоры тапсырыс беруші мекеме қызметкерлерімен алдын ала келісіп, іс жүзінде атқарылмаған жұмыстар туралы жалған актілер толтырған болуы мүмкін. Осы құжаттар негізінде бюджеттен мердігерге ақша аударылып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 2 млрд теңгеден асады деп бағалануда. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ жалпы құны 270 млн теңгеден…

Read More