SteppeNеws.kz: Мәскеу қаласында химиядан өткен мерейтойлық 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар айтарлықтай жетістікке жетті. Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Арен Теңізбаев жарыстың алтын медалін иеленді.
International Mendeleev Chemistry Olympiad — химия саласындағы әлемдегі ең беделді додалардың бірі. Биылғы байқауға әлемнің 37 елінен, соның ішінде Бразилия, Қытай, Түркия, Сауд Арабиясы және Вьетнам сияқты мемлекеттерден 200-ге жуық мектеп оқушысы қатысты.

Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлығы 10 медаль иеленді:
-
1 алтын медаль: Арен Теңізбаев (Қызылорда облысы);
-
4 күміс медаль;
-
5 қола медаль.
Бұл жеңіс отандық білім беру жүйесі мен жас химиктердің халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

