Автор: Saya

SteppeNews.kz: Қазақстан мен Қытай туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Бұл жұмыстың қалай жүргізіліп жатқаны, ҚХР-дың бесжылдық жоспарының әсері және бүгінгі таңдағы басым бағыттар туралы Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуаныш Мирамбекұлы SteppeNews.kz тілшісіне айтып берді. Жыл сайын Қытайда ел дамуының басымдықтары айқындалып, бесжылдық жоспардың негізі қаланатын «екі сессия» — алқалы жиын өтеді. Алматы облысы туризм басқармасы басшысының айтуынша, бұл шешімдер Қазақстанның туристік саласына да өз әсерін тигізеді. «Қытайдың стратегиялық жоспарлауы мен Қазақстандағы туризмнің дамуы арасында тікелей және жүйелі байланыс бар. Сөз бесжылдық жоспардың басымдықтары қалыптасатын «екі сессия» аясында қабылданған шешімдер туралы болып отыр. Қытай дәстүрлі түрде туризмді тек қызмет көрсету…

Read More

SteppeNews.kz: Елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездік пен жәбірлеу деректеріне шұғыл әрекет етудің бірыңғай ведомствоаралық алгоритмі күшіне енді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңды іске асыру аясында қабылданған бұл құжат мемлекеттік органдардың жұмысын жүйелеп, әрбір баланың құқығын қорғауды жаңа деңгейге көтереді. Жаңа ережелердің басты ерекшелігі – полиция, білім беру ұйымдары, медициналық мекемелер мен қорғаншылық органдарының міндеттерін нақты аражіктеп бергендігінде. Бұрын ведомстволар арасындағы байланыстың әлсіздігінен кейбір жағдайлар назардан тыс қалып жатса, енді бала құқығының бұзылуы туралы кез келген ақпарат қатаң бекітілген іс-қимылдар тізбегін іске қосады. Бұл жүйе жауапкершіліктің нақтылануына және көмек көрсету процесінің ашықтығына кепілдік береді. Тәжірибеге алғаш рет енгізілген…

Read More

SteppeNews.kz: Қазақстанның спорт саласы оң динамика көрсетіп отыр. Халықаралық жарыстардағы нәтижелермен қатар, тұрғындардың спортпен айналысу деңгейі де артып келеді. Туризм және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, бүгінде 8,4 млн-нан астам адам, яғни халықтың 40%-дан астамы, тұрақты түрде дене белсенділігімен айналысады. Сонымен қатар, Qazaq Expert Club спорт саласының сарапшысы Евгений Азарьев атап өткендей, қамтудың және қаржыландырудың өсуі жүйені жаңа кезеңге шығарады. Енді басты мәселе – тек саланы дамыту емес, сонымен қатар орталық және өңірлік деңгейлер арасындағы ресурстарды басқару тиімділігін арттыру. «2026 жылы Туризм және спорт министрлігінің бюджеті шамамен 263,5 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат ұлттық құрамаларды дамытуға, олимпиадалық дайындыққа және республикалық жобаларды…

Read More

SteppeNews.kz: Қытай — Қазақстанның шығыстағы көршісі және әлемдегі екінші ірі экономика ретінде өңірлік дамуда маңызды рөл атқарып отыр. Соңғы жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар тұрақты түрде дамып, екіжақты тауар айналымы 40 миллиард АҚШ долларынан асты. Сонымен қатар, екі ел арасындағы саяси сенім нығайып, тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейінде өзара іс-қимыл жалғасуда. Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды буыны әрі сенімді серіктесіне айналды. Жуырда Қытайда 2026–2030 жылдарға арналған 15-ші бесжылдық қабылданып, елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары айқындалды. Бұл құжат өңірлік экономикалық үрдістерге әсер ететін маңызды факторлардың бірі. Бұл тұрғыдан алғанда, 15-ші бесжылдық аясындағы өзгерістер Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер мен ынтымақтастық…

Read More

SteppeNews.kz: Грузияның Ішкі істер министрлігі Имеретия аймағында есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен екі шетелдікті қолға түсірді. Олардың бірі — Қазақстан, екіншісі — Украина азаматы, деп хабарлайды SteppeNews.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме беріп. Грузиялық тәртіп сақшыларының мәліметінше, ұсталғандардың екеуі де 2008 жылы туған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер есірткі заттарын сатып алу, сақтау және оны аса ірі көлемде өткізумен айналысқан. Тінту жұмыстары кезінде олардан көп мөлшерде метадон және оны буып-түюге арналған материалдар табылды. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, Грузия заңнамасына сәйкес, аталған қылмыс түрі үшін 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Read More

SteppeNews.kz: Маңғыстау облысындағы «МАЭК» ЖШС кәсіпорнында тұз қышқылымен жұмыс аяқталу кезінде ерітінді шашырап кетті деп хабарлайды Lada. Екі қызметкер зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Оқиға 23 сәуір күні сағат 10:30 шамасында кәсіпорынның цехтарының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабдықты — ГТПИ-3 конденсаторын қышқылмен жуу жұмыстарын жүргізген. Тұз қышқылының ерітіндісі сорғы көмегімен шланг арқылы берілген. Процесс аяқталып, жабдық өшірілгеннен кейін, шлангіні ажырату кезінде сұйықтық сыртқа шашыраған. Қышқыл тамшылары қызметкерлердің беті мен көзіне тиген.

Read More

SteppeNews.kz: Илон Масктың компаниясы толықтай пилотсыз басқарылатын Cybercab электромобильдерін сериялық шығаруға кірісті. Солай болса да, бұл көліктердің жолға шығуы әлі де ерте. Tesla компаниясы Cybercab-тың жаппай өндірісін ресми түрде қолға алды. Бұл туралы Илон Маск өзінің X әлеуметтік желісінде хабарлады. Алғашқы сериялық автомобиль 2026 жылдың ақпанында конвейерден шықты. Cybercab алғаш рет 2024 жылдың күзінде таныстырылып, өзінің ерекше құрылымымен бірден назар аудартты: көлікте рөл, педаль және артқы көрініс айналары жоқ. Басқару ісін толықтай борттық компьютер жүзеге асырады. Сонымен қатар, құрастырушылар рөлі бар нұсқаны да қарастырған. Компания әзірге өндірістің нақты көлемін жариялаған жоқ. Конвейер жұмысы басталғанымен, Cybercab-тың нарыққа шығуы кешіктіріліп жатыр. Бұған…

Read More

SteppeNews.kz: Алматы төрінде қос елдің мәдениетін тоғыстырған айтулы шара өтіп, студенттер мен оқушылар өзара тәжірибе алмасты.  «Alatau Creative Hub» алаңында «Қазақстан мен Қытай: Жібек жолындағы мәдениеттер жақындасуы» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Екі елдің жастарын бір арнаға тоғыстырған бұл шара халықтар арасындағы рухани байланысты нығайтуды көздеді. Кештің шымылдығы Қазақстан мен Қытай достығына арналған бейнероликпен түрілді. Мерекелік бағдарламаның көркі болған концертте қазақстандық және қытайлық студенттер өнер көрсетті. Сахна төрінде қазақ, орыс және қытай тілдерінде әуезді әндер шырқалып, мың бұралған билер биленді. Әсіресе, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған шығармалар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл жай ғана концерт емес, екі ел жастарының бір-бірінің өнеріне деген…

Read More

SteppeNews.kz: Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевқа әуежайдағы ауқымды жаңғырту жұмыстарының барысын көрсетті. Жұмыс сапары аясында министр ең алдымен қайта жөндеуден өтіп жатқан ішкі рейстер терминалын (Т1) аралады. Онда жүк беру және жолаушыларды тіркеу аймақтарындағы жаңарту жұмыстары таныстырылды. Әуежай басшысы Гокер Косенің мәлімдеуінше, аталған терминалды жаңғырту осы жылдың шілде айында толық аяқталмақ. Бұдан бөлек, министрге әуежай инфрақұрылымын дамытуға бағытталған өзге де жобалар ұсынылды. Олардың ішінде автотұрақ аймағын кеңейту жоспары мен әуежай маңында бой көтеретін жаңа қонақ үй кешенінің жобасы бар. Келесі кезекте делегация халықаралық терминалдағы (Т2) төбе конструкцияларын жаңарту жұмыстарын көріп, әуежай мұражайы мен…

Read More

SteppeNews.kz: Жамбыл облысындағы Аса ауылының тұрғындары Англиядағы жұмысқа алданып, миллиондаған теңгесінен айырылды. «Жетінші арнаның» хабарлауынша, он шақты адам интернеттен Англияның жылыжайларында жұмыс істеу туралы хабарландыру тауып, жоғары жалақы туралы уәдеге сенген. Олар келісімшарт жасасып, құжаттарын рәсімдей бастаған. Сапарға қаражат табу үшін адамдар несие алып, таныстарынан қарызға ақша сұраған. Нәтижесінде зардап шеккендердің айтуынша, олар 5 миллион теңгеден астам қаражат аударған. Ақша қолға тиген соң, делдал әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Құқық қорғау органдары алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды — ол 29 жастағы келіншек. Қазіргі таңда оған халықаралық іздеу жарияланды.

Read More