SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, үкімет 2026 жылғы 1 шілдеге дейін мектептерге жасанды интеллектті (ЖИ) енгізудің 2026–2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітеді. Құжатта дербестендірілген оқыту тетіктерін жасау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, педагогтарды даярлау және оқушылардың жеке деректерін қорғау шаралары қарастырылған.
Сондай-ақ билік орта білім беру саласында пилоттық жобаны іске қосу және кейіннен оның ауқымын кеңейту бойынша ұсыныстар енгізуі тиіс. Жарлықта бұл бастамаларды жүзеге асыру кезінде ЖИ саласындағы сарапшы Ли Кай-Фудың ұсынымдары пайдаланылатыны атап өтілген.
2026 жылғы 1 тамызға дейін пилоттық жобаға қатысатын мектептерді қажетті техникалық жабдықтармен және тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанда орта білім беру жүйесінде ЖИ қолдану стандарттары мен педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру жоспары бекітіледі. Құжатта жасанды интеллект технологиялары мұғалімнің жұмысын алмастырмайтыны, тек оқытудың қосымша құралы ретінде қолданылатыны баса айтылған.
