SteppeNews.kz: Қызылорда облысының әкімі лауазымына Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Ол бұл қызметте премьер-министрдің бірінші орынбасары болып ауысқан Нұрлыбек Нәлібаевтың орнына келді. Мұрат Ергешбаев 2023 жылдан бастап Мәжіліс депутаты болған. Бұған дейін ол Қызылорда қаласының әкімі, сондай-ақ Қармақшы, Шиелі және Қазалы аудандарының басшысы қызметтерін атқарған.
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «MV Hondius» экспедициялық кемесінде қауіпті хантавирус инфекциясының табылғанын мәлімдеді. Ресми деректерге сәйкес, қазіргі уақытта індеттің сегіз жағдайы расталып, оның үшеуі өліммен аяқталған. ДДСҰ Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус жағдайдың бақылауда екенін және халықаралық деңгейде жедел шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Бұл індеттің негізгі қоздырғышы — Андес (Andes) вирусы екені анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл вирус түрі өте сирек кездесетін және қауіпті қасиетімен ерекшеленеді, себебі ол адамнан адамға тікелей және ұзақ уақыт байланыс кезінде жұғуы мүмкін жалғыз хантавирус түрі болып табылады. Осыған қарамастан, ұйым басшылығы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды сараптай келе, жалпы қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіп деңгейін төмен…
SteppeNews.kz: Астанадан Франкфуртқа бағыт алған Air Astana ұшағының бір қозғалтқышы істен шықты. Оқиға 8 мамыр күні таңертең болды. Airbus A321 әуе кемесінің экипажы ұшып шыққаннан кейін «PAN-PAN» шұғыл хабарламасын беріп, Ақтөбе әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ бортында 93 жолаушы (оның ішінде төрт бала мен бір нәресте) және экипаждың 9 мүшесі болған. Әуе кемесі Ақтөбеге сағат 11:34-те қонды. Қонғаннан кейін борт тұраққа өз бетімен жетті, ал әуежайда қауіпсіздік үшін құтқару қызметі кезекшілік етті. Көлік министрлігінің хабарлауынша, оқиғаға қозғалтқыштағы техникалық ақау себеп болған. Жағдай ресми түрде күрделі авиациялық оқиға деп танылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.
SteppeNews.kz: Қазақстанда вакцинациядан бас тарту жағдайларының тұрақты өсуі байқалуда. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, тек 2025 жылдың өзінде 25 мыңнан астам бас тарту жағдайы тіркелген, ал соңғы бес жылда олардың саны шамамен 3,5 есе өскен. Ұзақ мерзімді динамикада өсім одан да айқын: егер 2017 жылы екпеден шамамен 5,3 мың адам бас тартса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш жыл сайын 20–25 мың адамға жеткен. Бұл үрдіс неліктен күшейіп жатыр және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін денсаулық сақтау саласының сарапшысы Гульнафис Жүсіпалиева түсіндіреді. «Вакцинациядан бас тартудың өсуі – күтпеген жағдай емес, заңды кезең. Инфекциялар ұзақ уақыт бойы байқалмаса, халықтың бір бөлігінде…
SteppeNews.kz: Отан қорғаушылар күніне орай Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, әскери бөлімшелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Ел байрағын көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери-үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұран айтумен ұласты. Мерекелік іс-шара одан әрі 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты кеш Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы «Ұлы елім» әнімен ашылды. Сахна төрінде отандық эстрада жұлдыздары патриоттық әндер шырқады. Сонымен қатар, жиналған қауымға қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды.
SteppeNews.kz: Еліміздің білім беру жүйесінде қызмет ететін ерлер қауымының саны 108 мыңнан асты. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес, ер педагогтардың басым бөлігі мектеп қабырғасында еңбек етіп келеді. Статистикалық деректерге сүйенсек, 108 572 ер маманның ішінде 78 651 педагог мектептерде, ал 14 220-сы колледждерде білім береді. Қосымша білім беру ұйымдарында 12 709 ер адам жұмыс істесе, мектепке дейінгі ұйымдарда 2 690 маман қызмет атқарады. Сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарында 302 ер педагог еңбек етуде.
SteppeNews.kz: 61-ші халықаралық Венеция биенналесінде Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны ресми түрде жұмысын бастады. Биыл еліміз заманауи өнер тілімен тарих қабаттары мен мәдени сабақтастықты зерделейтін «Qoñyr: Тыныштық архиві» атты бірегей көрме жобасын әлем назарына ұсынды. Италияның тарихи Museo Storico Navale мұражайында орналасқан қазақстандық экспозиция бес бірдей залды қамтып, келушілерді дыбыс, кеңістік және визуалды образдар үйлесіміне негізделген ерекше саяхатқа жетелейді. Көрменің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев және Венеция биенналесінің президенті Пьетранджело Буттафуоко қатысты. Бұл жолғы қатысудың басты ерекшелігі — куратор мен суретшілердің тұңғыш рет ашық конкурс арқылы іріктелуі. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен…
SteppeNews.kz: Электрлі жолсызбен жүрудің жаңа қыры: әлемдік БАҚ Уху қаласында iCAUR i-AWD жүйесін сынақтан өткізді Уху, Қытай, 2026 жылғы сәуір — Longshan жолсызбен жүру базасында iCAUR компаниясы халықаралық БАҚ өкілдері, салалық сарапшылар мен серіктестер үшін ауқымды тест-драйв ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты — i-AWD зияткерлік толық жетек жүйесінің мүмкіндіктерін шынайы кедергілерде көрсету болды. Сынақ барысында iCAUR V27 және iCAUR V23 модельдері күрделі бағыттардан өтіп, электрлі толық жетектің түрлі рельеф пен жол жабындарында қаншалықты сенімді екенін дәлелдеді. Нағыз жолсыз жер — нақты дәлелдер Трасса экстремалды жағдайларды имитациялау үшін арнайы дайындалған: тік өрлер; бос топырақты учаскелер; тайғақ беткейлер; ұзаққа созылатын динамикалық бұрылыстар. Қатысушылар…
SteppeNews.kz: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Австрияның Сыртқы істер министрі Беате Майнль-Райзингер мен Ішкі істер министрі Герхард Карнерді қабылдады. Кездесуде экономикалық байланыстарды нығайту, қауіпсіздік мәселелері және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық талқыланды. Президент Касым-Жомарт Тоқаев бұл сапардың екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретінін атап өтті. Австрия бүгінге дейін Қазақстан экономикасына 3 миллиард доллардан астам инвестиция салған. Сондай-ақ, Австрияның Орталық Азиямен жалпы сауда айналымының 80 пайыздан астамы тек Қазақстанға тиесілі. Кездесудің маңызды жаңалығы ретінде 1 мамырдан бастап күшіне енген екі келісім аталды: Дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим; Реадмиссия (тұлғаларды қайта қабылдау) туралы келісім. Халықаралық деңгейдегі ықпалдастық Тараптар БҰҰ және ЕҚЫҰ (ОБСЕ) сияқты ірі…
SteppeNews.kz: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жыл сайын миллионнан астам турист келеді. Демалыс маусымы қызған шақта көлік ағыны еселеп артып, соның салдарынан Бурабай кентіндегі екінші бақылау-өткізу пунктінде (БӨП) ұзын-сонар кезек пайда болуы мүмкін. Бұл туралы SteppeNews.kz хабарлайды ұлттық парктің мәліметіне сілтеме жасап. Парк әкімшілігі бұл жағдайдың техникалық ақауларға немесе қандай де бір шектеулерге қатысы жоқтығын, тек еліміздегі ең танымал туристік бағытқа келушілердің тым көптігінен екенін түсіндірді. Осыған байланысты демалушыларға қайтар жолды алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалану ұсынылады. «Парк әкімшілігі келушілерден көлік жүктемесін ескеруді және қайту бағытын алдын ала ойластыруды сұрайды. Аумақтан кезексіз әрі жылдам шығуға мүмкіндік беретін бірнеше балама…