HONOR компаниясы 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) жаңа HONOR Robot Phone смартфонының мүмкіндіктерін таныстырды. Бренд фестивальдің мобильді фото және видео түсірілім бойынша ресми серіктесі атанып, құрылғыға түсірілген алғашқы кинематографиялық видеоны көпшілік назарына ұсынды деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Премьералық бейнероликте ELLEMEN басылымы фестиваль қазыларының видеопортреттерін түсірген. Смартфонның озық тұрақтандыру жүйесі мен кәсіби деңгейдегі түсірілім мүмкіндіктері жоғары сапалы кадрлар алуға мүмкіндік берген.
HONOR Robot Phone индустриядағы ең ықшам титан gimbal-тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған. Бұл технология қозғалыс кезінде де бейненің тұрақтылығын сақтап, кадр сапасының төмендеуіне жол бермейді. Сонымен қатар, құрылғы жасанды интеллект негізіндегі нысанды бақылау функциясымен толықтырылған.
Компанияның мәліметінше, HONOR Robot Phone – әлемге танымал ARRI кинотехника өндірушісімен бірлесіп әзірленген технологиялар енгізілетін алғашқы смартфондардың бірі.
HONOR өкілдерінің айтуынша, жаңа құрылғы мобильді түсірілім мен кәсіби киноөндіріс арасындағы шекараны азайтып, контент жасаушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
