Жаңалықтар Спорт Әлем чемпионаты 2026|Матчтар кестесі

Өзбекстан Колумбиядан жеңілсе де, Әлем чемпионатында тарихи гол соқты

Өзбекстан Колумбия футбол, Әлем чемпионаты 2026, футбол жаңалықтары, Аббосбек Файзуллаев гол, Өзбекстан құрамасы ӘЧ, Луис Диас Колумбия, ФИФА Әлем чемпионаты, Муньос гол, Мехико әуежайы жанкүйерлер, футбол 1 тур
Фото: uzbekistanfa

Футболдан Әлем біріншілігінің алғашқы турында Өзбекстан құрамасы ФИФА рейтингінде 13-орында тұрған Колумбиямен кездесіп, 1:3 есебімен жол берді. Кездесуде латынамерикалықтар басымдық танытып, бірінші таймның соңында Муньостың голымен алға шықты.

Екінші таймда өзбекстандық бапкердің жасаған тактикалық ауысымдары сәтті болып, ойынның 60-минутында Аббосбек Файзуллаев есепті теңестірді. Бұл гол Өзбекстанның Әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш голы ретінде шежіреге енді. Алайда араға бес минут салып Луис Диас Колумбияны қайта алға шығарса, төреші қосқан қосымша уақытта олар есепті еселей түсті.

Жеңіліске қарамастан, өзбек ұжымы әлемнің үздік командаларына лайықты қарсылық көрсете алатынын дәлелдеді. Ал Мехико әуежайына қонған бойда дойрамен шоу жасаған өзбек жанкүйерлері топтық кезеңнің алдағы матчтарынан үлкен үміт күтеді.

Добавить комментарий