Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан артистік жүзуден Әлем кубогының суперфиналында қазақстандық спортшы Виктор Друзин күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Ерлер арасындағы жеке еркін бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз 248.5525 ұпай жинап, жарысты екінші орынмен аяқтады. Алтын медаль Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблинге бұйырды. Ол 255.9600 ұпай еншіледі. Үздік үштікті 246.2639 ұпаймен Италия спортшысы Филиппо Пелати түйіндеді.
Айта кетейік, Торонтодағы суперфинал маусымның шешуші жарысы саналады. Оған әлем кубогының кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар ғана қатысады. Биылғы турнирге 22 елден 150-ден астам спортшы жолдама алған.
Виктор Друзин үшін бұл маусым сәтті өтіп жатыр. Ол бұған дейін де Әлем кубогының бірнеше кезеңінде жүлдегерлер қатарынан көрініп, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының біріне айналған болатын.
Еске салсақ, бұған дейін Друзин Торонтодағы суперфиналда техникалық бағдарлама бойынша қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған еді.
