Автор: Saya

Елордада өтіп жатқан таеквондодан халықаралық Kazakhstan Open турнирінің алғашқы күні Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды. Бұл туралы SteppeNews.kz ақпарат агенттігі Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Елорда төрінде таеквондодан өтіп жатырған дәрежелі Kazakhstan Open халықаралық рейтингтік турнирінің алғашқы жарыс күні отандық спортшылар үшін табысты басталды. Қазақстан таеквондо федерациясының мәліметіне сүйенсек, ұлттық құрама спортшылары алғашқы кезең қорытындысы бойынша 3 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль иеленіп, ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Жарыстың алғашқы күні Самирхон Абабакиров, Батырхан Төлеуғали және Бейбарыс Қаблан өз салмақ дәрежелерінде қарсылас шақ келтірмей, турнир жеңімпазы атанды. Ал Жавохирхон Исламов,…

Read More

Қазақстан жасанды интеллект, технологиялық прогресс және экономикалық қауіпсіздік саласындағы сенімді халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған AI Opportunity Partnership бірлескен мәлімдемесіне ресми түрде қосылды. АҚШ астанасында өткен шарада құжатқа Қазақстан Республикасының атынан Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қол қойды. Бұл серіктестік қатысушы елдердің жасанды интеллектті дамытуға қатысты ортақ тәсілдерін бекітеді. Құжат шеңберінде инновациялық реттеу, кәсіпкерлер мен стартаптарды қолдау, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (R&D) дамыту, жеке инвестициялар тарту, есептеу инфрақұрылымына қолжетімділікті кеңейту және сенімді AI-экожүйелерін құру көзделген. Мәлімдемеде жасанды интеллекттің физикалық негізіне — маңызды минералдар, энергетика, деректер орталықтары, есептеу қуаттары, жартылай өткізгіштер, инженерлік кадрлар мен тұрақты жеткізу…

Read More

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алжирдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Осман Михаджимен кездесіп, су шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Кездесу барысында қос мемлекеттің су ресурстарын сақтау және бөлу мәселелерінде ұқсас сын-қатерлерге тап болып отырғаны белгілі болды. Алжир тарапы әсіресе Қазақстанның су ресурстарын басқаруды цифрландыру саласындағы тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытты. Шетелдік делегация екі елдің ғылыми ұйымдары бірлесіп зерттеу жүргізетін пилоттық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ өнеркәсіптік су пайдалану, суды тұщыту және жерасты су қорларын игеру бағыттарында тәжірибе алмасуды ұсынды. Елші Осман Михаджи екі жылдық мерзімге арналған ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеуді алға тартты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмыс…

Read More

Қазақстан спортының болашағы бүгінгі жұлдыздармен ғана емес, олардың ізін басып келе жатқан жас таланттармен де айқындалады. Бүгінде Қазақстанда халықаралық деңгейде нәтижелерге қол жеткізіп жүрген жаңа буын спортшылар қалыптасып келеді. Qazaq Expert Club-тың спорт саласындағы сарапшысы Евгений Азарьев әлем және Азия чемпионаттарындағы жеңістерімен, халықаралық рейтингтердегі жоғары орындарымен және ересектер спортына сәтті өтуімен ерекшеленетін бірнеше жас спортшыны атады. «Әрине, әр спорт түрінде назар аударуға лайық дарынды жастар бар. Бірақ халықаралық аренада бүгіннің өзінде нәтижесімен көзге түсіп жүрген спортшылар туралы айтсақ, ең алдымен Алан Құрманғалиевті, Заңғар Нұрланұлын және Төрехан Сабырханды атар едім», – дейді сарапшы. Жаңа буынның ең жарқын өкілдерінің бірі ретінде Азарьев…

Read More

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, медиа саласын қолдау шараларының аясы кеңейетінін жариялады. Биыл алғаш рет тек елордалық журналистер ғана емес, аймақтардағы БАҚ өкілдері де баспаналы болады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиында мемлекет басшысы журналистердің ел өміріндегі ерекше рөліне тоқталды. Президенттің айтуынша, медиа өкілдері қоғамды жедел ақпараттандырып қана қоймай, халықтың көңіл-күйін дөп басып, жұртшылықты толғандырған ең өзекті мәселелерді көтеріп келеді. «Журналистердің басты міндеті – қоғамды ақпараттандыру, халықтың мұң-мұқтажы мен арман-тілегін жеткізу. Сіздер елді толғандырған ең өзекті мәселелерді көтеріп, халық мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Мемлекет сіздердің ел игілігі жолындағы…

Read More

Венесуэланың батыс өңірінде соңғы ғасырда болмаған ең қуатты әрі жойқын жер сілкінісі тіркелді. Соңғы ресми деректерге сүйенсек, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 235 адамға жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрі Карлос Альварадо мәлімдеді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Мыңдаған тұрғын із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, деп хабарлайды SteppeNews.kz BBC қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригестің айтуынша, 1520-дан астам адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Ал 200-ге жуық тұрғын әлі де қираған ғимараттардың үйіндісі астында қалып қойған. Апат 3 мыңға жуық отбасын баспанасыз қалдырды. Елдегі саяси белгісіздік кезеңінде келген бұл соққы жағдайды одан сайын ушықтырып…

Read More

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда Өзбекстан құрамасы Португалияға 0:5 есебімен есе жіберді. Криштиану Роналду бастаған еуропалық ұжым бұл кездесуде өз басымдығын толық көрсетіп, сенімді жеңіске жетті деп хабарлайды SteppeNews.kz, Zakon.kz сайтына сілтеме беріп. Матч аяқталғаннан кейін Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро ойынға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, жіберілген ерте голдар команданың жоспарын бұзып, жағдайды қиындатып жіберген. «Ойынның басында гол өткізіп алсаң, бәрі күрделене түседі. Дегенмен біз алға жылжып келеміз және дамып жатырмыз. Енді келесі матчқа дайындалуымыз керек. Әрине, бес гол жіберіп алу тым көп. Жігіттерге матчты жақсы бастау маңызды екенін айттым, бірақ Португалия секілді қарсыласқа…

Read More

Қытайға сапарлаған туристердің көпшілігі тарихи орындар мен заманауи мегаполистерді тамашалауға асығады. Алайда табиғат әлемі мен экстремалды аттракциондарды қатар ұсынатын ерекше орындар да аз емес. Солардың бірі – Гонконгтағы әйгілі Ocean Park. Бұл кешен теңіз жануарлары саябағы, океанариум және ойын-сауық орталығының мүмкіндіктерін бір жерге тоғыстырған Азиядағы ең танымал туристік нысандардың бірі саналады. Ocean Park Гонконг аралының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы 915 мың шаршы метрден асады және ол екі негізгі аймаққа – Waterfront және Summit бөліктеріне бөлінген. Бұл аймақтарды арнайы аспалы жол мен жоғары жылдамдықты Ocean Express пойызы байланыстырады. Әсіресе теңіз үстімен өтетін аспалы жолдан ашылатын көрініс туристер арасында үлкен…

Read More

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихымен бірге жасасып келе жатқан құсбегілік өнері – ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігі. Бүгінде бұл дәстүрді жаңғыртып, оны жаңа буынға насихаттап жүрген жастардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Қазақстандағы алғашқы құсбегі қыздардың бірі Даниярқызы Аяжан. Аяжанның қыран құспен алғашқы кездесуі оның өміріндегі ерекше сәттердің бірі болды. Түз тағысы саналатын бүркітпен тіл табысып, оның сеніміне ие болу оңай емес. Алайда табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында ол бұл жолда көптеген белестерді бағындырды. Өзінің серігіне айналған Алтын есімді бүркітпен арадағы байланыс бір күнде қалыптасқан жоқ. Құс пен адамның бір-біріне бауыр басып, сеніммен қарауы үшін айлар бойы тынымсыз еңбек пен шыдам…

Read More

Испаниялық танымал әнші Энрике Иглесиас Польшадағы концерті кезінде өзіне сыйға тартылған әйгілі қазақстандық шоколадты көріп, жанкүйерлеріне «Алға, Қазақстан!» деп жауап қайырды. Астана мен Алматы қалаларында өтетін үлкен концерттерінің алдында әлемдік жұлдызға ерекше сыйлық табыс етілді. Шетелге шыққанда өзімен бірге отандық шоколадты ала жүріп, оны қонақжайлылықтың символы ретінде жаңа таныстарына сыйлау — көптеген қазақстандықтар үшін игі дәстүрге айналған. Бұл — елімізді әлемге танытудың таптырмас тәсілі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында әртіс өзінің әлемдік шоуын қазақстандық көрермендерге паш етпек. Энрике Иглесиастың концерті 3 қыркүйекте Астанада және 5 қыркүйекте Алматыда өтеді. Көрермендерді ауқымды сахналық қойылым, жанды дауыстағы орындау және әншінің Bailando, Hero, Escape, Tonight,…

Read More