Қазақстанда автокөлік тек AWD DM-p жиынтығында қолжетімді болады. Бұл — толық жетекті және DM-p (Dual Mode Performance) параллельді-тізбекті гибрид жүйесі бар ең жоғарғы нұсқа. Жүйе 1.5 литрлік бензинді турбомотор мен екі электр қозғалтқышты біріктіріп, өстер арасында тарту күшін ақылды технология арқылы үйлестіріп, әртүрлі жол жағдайында сенімді қозғалысты қамтамасыз етеді. AWD толық жетек жүйесі мен DM-p технологиясының арқасында автокөлік қарқынды үдеу алу сипатын көрсетеді. 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4,9 секундта жетеді. Сонымен қатар, өз санатындағы дәстүрлі автокөліктермен салыстырғанда жанармай шығыны төмен деңгейде (6,6 л/100 км).

Модель ұзақ сапарларға шыдамды әрі кең отбасылық көлікті қажет ететін клиенттерге арналған. Гибрид жүйе қала ішінде 35,6 кВт/сағ BYD Blade Battery батареясымен көлік жүргізу кезінде электр қозғалтқыштың қауіпсіз артықшылығын көрсетеді. Сондай-ақ аралас режимді қолдану кезінде жанармай және электр қуатының жалпы қорымен 1017 шақырымға дейін (NEDC) жүруге болады.

Толық жиынтықтағы BYD ATTO 8 үш қатар орындығы бар кең салон, заманауи цифрлық сервистер, үлкен 15,6 дюймдік сенсорлық дисплей, белсенді қауіпсіздік пен жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің толық пакетін, премиум санаттағы DiSound аудиожүйесін, сондай-ақ барлық жолаушылар үшін жайлылықтың жоғары деңгейін ұсынады. Сонымен бірге заманауи мультимедиалық шешімдер, автокөлікті ақылды басқару функциялары мен электронды көмекшілердің жиынтығы қарастырылған.

Сырттай қарағанда, гибрид кроссовер дәстүрлі шығыс эстетикасы мен заманауи дизайнды үйлесімді түрде біріктіреді. Алдыңғы бөлігі фирмалық Loong Face стилінде жасалған, ал артқы шамдар мен D тіректерінің дизайны «қытай өрнегі» мотивін еске түсіреді. Ауданы 2,39 м² панорамалық шатыр салонды табиғи жарыққа толтырып, барлық жолаушыларға мол кеңістік пен жайлы сезім сыйлайды.

Автокөлік конструкциясында қолданылған инженерлік шешімдер кез-келген жол жағдайында сенімді әрі жайлы жүрісті қамтамасыз етеді. DiSus-C Intelligent Damping Suspension аспасы бүйірлік қисаюды, бойлық тербелістерді және вибрацияларды қарқынды түрде басып отырады. Осылайша модель өз санатында ең үздік бақылау деңгейін және бірқалыпты жүрісті қамтамасыз етеді. Аталған бейімделгіш аспа тегіс емес жолдарда бірқалыпты әрі тыныш қозғалып, жайлылықтың жоғары стандартын ұсынады. Алдыңғы екі иінді және артқы бес иінді аспалар жоғары тұрақтылық пен дөңгелектерді дәл басқаруды қамтамасыз етеді. Олармен бірге аспаның, күштік қондырғының және тежегіш жүйесінің жұмысын үйлестіретін iCCT (Intelligent Comfort Control System) жүйесі де жұмыс істейді. Тұрақты токпен (DC) жылдам қуаттағыштың арқасында аккумуляторды 30%-дан 80%-ға дейін небәрі 20 минутта қуаттауға болады. Өз кезегінде бұл автокөлікті күнделікті қолданыста барынша ыңғайлы етеді.

Модель сырты 4 түсте, атап айтқанда «сия көк» (Ink Cyan), «ақша қар» (Snow White), «обсидиан қара» (Obsidian Black), «сұр галактика» (Galaxy Grey), ал салон іші қара түсте қолжетімді болады.

Қазақстанда ұсынылған барлық BYD желісінің автокөліктері секілді Atto 8 де жергілікті нарыққа бейімделеді. Мультимедиа мен дауыстық көмекші қазақ және орыс тілдерінде болады, ресми қосымшаны қолдану функциясы қосылады. Автокөлікке 6 жыл немесе 150 000 км кепілдік беріледі (аккумулятор мен электр моторына 8 жыл/150 000 км, жүріс бөлігіне 4 жыл/120 000 км).
Жаңа көлік 2026 жылдың жаз соңына дейін Қазақстан бойынша барлық BYD ресми дилерлік орталықтарында сатылымға шығады.
Дереккөз: Astana Motors баспасөз қызметі
