«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығының ғалымдары Ресей мемлекеттік кітапханасынан Қожа Ахмет Ясауидің тариқаты мен рухани іліміне қатысты XVII ғасырда жазылған сирек қолжазбаны анықтады деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. Ғылыми зерттеу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қожа Ахмет Ясауи мұрасын жан-жақты зерделеу және кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы, сондай-ақ Үкімет бекіткен Ясауитану саласын дамыту жоспары аясында жүргізіліп жатыр. «Хужжат әз-Закирин ли-радд әл-Мункирин» («Зікірді терістеушілерге қарсы зікір етушілердің дәлелі») атты еңбек Мәскеуге ұйымдастырылған ғылыми экспедиция барысында табылған. Бұхарада жазылған бұл туынды Ясауи мектебінің тарихы мен рухани дәстүрін зерттеудегі маңызды жазба дереккөздердің бірі саналады. Қолжазбада сопылық ілім,…
Автор: Saya
Астанада өтетін халықаралық «Болашақ ойындары – 2026» аясында әлемнің жетекші Dota 2 командалары 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынайды. Турнир 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында ұйымдастырылады деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Жарысқа Қытай, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Америка, Шығыс Еуропа және басқа да өңірлерден келген 16 команда қатысады. Олардың қатарында әлем чемпиондары, The International турнирінің финалистері және халықаралық деңгейде танылған тәжірибелі киберспортшылар бар. Dota 2 – компьютерге арналған MOBA жанрындағы командалық стратегиялық ойын. Әр матчта бес ойыншыдан құралған екі команда қарсыластың негізгі базасын жоюға және өз базасын қорғауға…
Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданындағы кәріздер (жерасты су арналары) мыңдаған жыл бойы Тянь-Шаньнан аққан еріген суларды шөлейт өңірлерге жеткізіп келеді. Бұл жүйе Ұлы Жібек жолы бойындағы оазистердің қалыптасуы мен өркениеттің дамуына ықпал еткен. Турфан зерттеулер институты директорының орынбасары, ғылыми қызметкер Ли Ган бұл туралы China News Service (CNS) агенттігіне берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Кәріздер Қытайдағы ең ірі инженерлік жетістіктердің бірі саналады. Олар Ұлы Қытай қорғаны, Ұлы Қытай каналы, Сычуаньдағы Дуцзянъянь суару жүйесі және Гуансидегі Линцюй каналымен қатар Ежелгі Қытайдың маңызды гидротехникалық құрылыстарының қатарына кіреді. Кәріз дегеніміз не? Кәріз – жер астына қолдан қазылған су арнасы. Оның көмегімен таулардан…
Астанада қайтыс болған адамның жүрегі 59 жастағы науқасқа сәтті трансплантацияланды. Осылайша жүрек ауыстыруды ұзақ уақыт күткен пациенттің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды деп хабарлайды SteppeNews.kz, KAZINFORM-ға сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні Астанадағы көпбейінді медицина орталығында әлеуетті донор анықталған. Марқұмның туыстары ағза донорлығына келісім бергеннен кейін Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық донорлық үдерісті ұйымдастырған. – Операцияны UMC трансплантологтары жүргізді. Жүрек 1966 жылы туған пациентке сәтті салынды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы операциядан кейінгі кезеңге сәйкес тұрақты, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында. Министрлік марқұмның туыстарына ағза донорлығына келісім бергені үшін…
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті зейнетақы жинақтарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік** тоқтатылады. Бұл нені білдіреді? Мемлекет міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының номиналды мөлшерде сақталуына кепілдік беруді жалғастырады. Алайда олардың инфляцияға қатысты сатып алу қабілетін қосымша қорғау жойылады. Осы уақытқа дейін бұл тетік былай жұмыс істеді: азамат зейнетке шыққанда, нақты аударылған міндетті жарналардың инфляцияға индекстелген сомасы оның жинақтарының көлемімен салыстырылатын. Егер жинақ көлемі төмен болса, айырмашылық республикалық бюджет есебінен өтелетін. Бұл шешімнің негізінде не жатыр? Мемлекеттің қолданыстағы модельді қайта қарауына түсінікті себептер бар. Инфляциялық кепілдік бюджетке ұзақ мерзімді міндеттемелер жүктейді, ал олардың…
Алматы қаласының Наурызбай ауданында көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, маусым басталғалы Eco Almaty қызметкерлерімен бірлесіп жалпы аумағы 7 мың шаршы метрге 252 мың гүл көшеті отырғызылған деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. Гүл композициялары Шұғыла шағынауданында, «Алатау» шипажайының маңында, Сәбденов көшесі мен Абай даңғылы бойында орналастырылды. Сонымен қатар Абай және Алатау даңғылдарында, сондай-ақ Әшімов, Шаляпин, Қонаев және Рысқұлов көшелерінде 1 950 тік көгалдандыру құрылымы орнатылды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «Алматының гүл жұмағы» саябағының құрылысы да жалғасуда. Қазіргі уақытта аумақта жер жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылған, су құбыры тартылып, сыртқы жарықтандыру желілерін…
Тараздық музыкант Бақыт Шағырбаев дәстүрлі музыка аталымы бойынша жаңа әлемдік рекорд орнатты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Liter.kz-ке сілтеме жасап. Өнерпаз 6 сағат 21 минут бойы үзіліссіз 114 дәстүрлі әнді орындады. Ол әндерді ешқандай мәтінге, нотаға немесе суфлердің көмегіне жүгінбей, фонограмма, хор және аспаптық сүйемелдеусіз орындаған. Сонымен қатар музыкант барлық әнге өзі баянмен сүйемелдеу жасады. Бұл жетістік Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында орналасқан Global Best of Records (GBR) халықаралық рекордтар кітабы тарапынан ресми түрде тіркелді. Халықаралық ұйым өкілдері бұл жетістіктің маңызын атап өтіп: «Әрбір рекорд – бұл бір тарих», – деп мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін бұл рекорд Shakarim University Өнер кафедрасының…
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин білім беру саласындағы партиялық саясатты жан-жақты жүзеге асырудың, жоғары адамгершілік қасиеттерге ие тұлға тәрбиелеудің және базалық білім берудің сапалы дамуын жаңа деңгейге көтерудің маңызын атап өтті. Бұл туралы SteppeNews.kz, «Синьхуа» ақпараттық агенттігіне сілтеме беріп хабарлайды. Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы әрі Орталық әскери кеңестің төрағасы қызметін қатар атқаратын Си Цзиньпин бұл туралы базалық білім беру саласына қатысты маңызды нұсқауында мәлімдеді. Оның айтуынша, 2012 жылы өткен Қытай Коммунистік партиясының XVIII съезінен бері ҚКП Орталық комитеті базалық білім беруді мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырып келеді. Осы кезеңде қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде білім…
Алматы халықаралық әуежайында жаңа Оңтүстік перронды қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Жаңартылған нысан пайдалануға беріліп, онда алғашқы әуе кемесіне қызмет көрсетілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы халықаралық әуежайына сілтеме жасап. Оңтүстік перронды жаңғырту – әуежайдың аэродром инфрақұрылымын кешенді жаңарту бағдарламасының маңызды бөлігі. Жоба әуе кемелеріне қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтіп, әуежайдың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған. Жоба толық аяқталғаннан кейін жаңартылған перрон бір мезгілде Code E санатындағы үш әуе кемесіне немесе Code B және Code C санатындағы 12 әуе кемесіне дейін қызмет көрсете алады. Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, жаңа инфрақұрылым операциялық тиімділікті арттырып, аэродром жұмысының сенімділігін күшейтеді. Сонымен қатар бұл жаңғырту әуежайдың әрі қарай…
Ресей мен Қытайдың Қиыр Шығыс қабыланы мен Амур жолбарысын қорғау бағытындағы бірлескен жұмысы табиғатты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең табысты үлгілерінің біріне айналды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру, ғылыми деректермен алмасу және заманауи технологияларды енгізу арқасында соңғы жиырма жылда сирек жыртқыштардың санының азаюы тоқтатылып, олардың популяциясы тұрақты түрде қалпына келе бастады. Бұл туралы «Земля леопарда» ұлттық паркінің директоры Виктор Бардюк Синьхуа агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, жойылып кету қаупі төнген жануарларды қорғаудың тиімді жолы – мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастық. Қиыр Шығыс қабыланының саны үш еседен астам өсті XXI ғасырдың басында Қиыр Шығыс қабыланы жер бетіндегі сирек кездесетін ірі…