Жақында өткен 9-Қытай–Еуразия көрмесінде Шыңжаңдағы Нылқы ауданында суық суда өсірілген албырт балығы көпшіліктің назарын аударды. Өнім шетелдік сатып алушылар мен әлеуетті серіктестердің қызығушылығын тудырды. Бүгінде Шыңжаңда өсірілген албырт Оңтүстік-Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдерін қоса алғанда, 20-дан астам ел мен аймаққа жеткізіледі, деп хабарлайды SteppeNews.kz China News Service — ке сілтемем жасап. Көпшілік теңіз өнімдерін тек жағалаудағы өңірлерге тән өнім деп санайды. Алайда Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде орналасқан Шыңжаң ең жақын теңіз жағалауынан 2000 шақырымнан астам қашықтықта жатса да, мұнда балық, асшаян мен теңіз шаянын өсіру жолға қойылған. Теңіз өнімдерін өсіруге қандай жағдай жасалған? Өңірде бұрын ауыл шаруашылығының дамуын шектеген…
Автор: Saya
Өзбекстандық студенттер Aileaders.uz платформасы арқылы Google Gemini AI Plus жазылымын бір жыл бойы тегін пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Құны 60 АҚШ долларына тең қызметке қол жеткізу үшін студенттер SheerID халықаралық верификация жүйесі арқылы өз мәртебесін растауы қажет, деп хабарлайды SteppeNews.kz Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрлігіне сілтеме жасап. Бұл мүмкіндік Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрлігі мен Google компаниясының ынтымақтастығы аясында іске асырылды. Google-дың халықаралық верификация жөніндегі серіктесі SheerID Өзбекстанды студенттерді тексеруге қолдау көрсетілетін елдер тізіміне қосты. Google Gemini AI Plus жазылымы қандай мүмкіндіктер береді? Жазылым жасанды интеллект құралдарын оқу, зерттеу және шығармашылық жұмыстарда пайдалануға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға Google қызметтерінің бірқатар қосымша функциялары…
Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің ішінен 34-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш бойынша ел бірқатар еуропалық және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Рейтингте Қазақстан Даниядан (36-орын), Біріккен Араб Әмірліктерінен (37-орын), Оңтүстік Африка Республикасынан (38-орын), Норвегиядан (39-орын), Сауд Арабиясынан (40-орын), Пәкістаннан (42-орын) және Ираннан (46-орын) озып тұр. Рейтинг қандай көрсеткіштерге негізделген? Most Powerful Countries рейтингі мемлекеттердің халықаралық аренадағы ықпалы мен әлеуетін бағалайды. Оған экономикалық және саяси ықпал, көшбасшылық, халықаралық одақтар және әскери әлеует секілді көрсеткіштер кіреді. Осылайша, рейтинг елдердің экономикалық ауқымын ғана емес, олардың әлемдік деңгейдегі ықпалын да ескереді.…
8 қазанда Алматыда HONOR X9e Pro смартфонының тұсаукесері өтті. Құрылғының беріктігін көрсету үшін қонақтарға онымен жаңғақ шағып, балғамен ұрып, ыстық суға салып көруге мүмкіндік берілді. SteppeNews.kz тілшісі де сынақ аймағына барып, смартфонның төзімділігін өз тәжірибесінде тексерді. Смартфон беріктігін сынақтан өткізді Көп жағдайда смартфонның мүмкіндіктері камерасының сапасы, аккумулятор сыйымдылығы мен процессор қуаты арқылы бағаланады. Алайда күнделікті қолданыста құрылғының құлап кетуге және су әсеріне төзімділігі де маңызды. HONOR X9e Pro тұсаукесерінде компания осы ерекшеліктерді іс жүзінде көрсетуге басымдық берді. Шараның арнайы аймақтарында қонақтар смартфонмен жаңғақ шағып, оны балғамен ұрып, ыстық суға салып көре алды. Мұндай сынақтар құрылғының беріктігі туралы мәлімдемелерді тәжірибе жүзінде…
Жібек атластан тігілген киім киген қуыршақтар, ұлттық өрнектермен безендірілген термостар мен дәстүрлі нақыштағы жейде киген кәдесый қойлар — Шыңжаңда материалдық емес мәдени мұраға негізделген бұйымдар қайта танымал бола бастады. Қашғар қаласында өткен мәдени индустрияның үшінші көрме-жәрмеңкесінде келушілер көне қолөнер түрлерінің күнделікті тұрмыста қолданылатын заманауи бұйымдарға қалай айналып жатқанымен танысты. Осындай үлгілердің бірі — долан шаруаларының суреттерін салу өнері. Бұл техника Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Меркит уезіндегі уездік деңгейдегі материалдық емес мәдени мұра жобаларының қатарына жатады. Соңғы жылдары дәстүрлі суреттер күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды безендіру үшін жиі қолданыла бастады. Меркит уезінің Мәдениет орталығында қызмет ететін суретші Анвар Айматтың айтуынша, бейнелер бас киімдерге,…
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің картография саласындағы мекеме басшыларының үшінші кездесуі өтті. Жиында ортақ картографиялық база құру, географиялық атаулардың бірыңғай каталогын әзірлеу және кеңістіктік деректер саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Кездесуге ұйымға мүше мемлекеттердің картография саласындағы мекемелерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Нуру Гулиев қатысты. Қатысушылар өз мекемелерінің жұмыс нәтижелерін таныстырып, геодезия, картография және геоақпараттық технологияларды дамыту бағыттарын талқылады. Жиында ТМҰ-ның Картография жөніндегі жұмыс тобының қызметі қаралып, оның техникалық және сараптамалық деңгейлердегі жұмысын жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Негізгі міндеттердің бірі – ұйымға мүше мемлекеттердің географиялық атауларын қамтитын бірыңғай каталог қалыптастыру Тараптар жалпы…
7–11 қазан аралығында Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 78-ші халықаралық «Frankfurter Buchmesse 2026» кітап жәрмеңкесі өтуде. Қазақстанның ұлттық стендіне отандық баспалардың 300-ге жуық кітабы қойылып, бірқатар жаңа басылымның тұсаукесері өтуде. Олардың қатарында «Мектеп» баспасының тарихи еңбектері де бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық стендте биыл 30-дан астам өкілден құралған қазақстандық делегация таныстырылуда. Жәрмеңкеге «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Arman-PV», «Мазмұндама», «Отбасы хрестоматиясы», «Steppe & World Publishing» және басқа да баспалар қатысып жатыр. Іс-шара аясында кітап таныстырылымдары өтіп, халықаралық баспа өкілдерімен кәсіби кездесулер ұйымдастырылуда. Жәрмеңкенің екінші күні «Мектеп» баспасы Қазақстан тарихы мен тарихи мұрасына арналған екі басылымын таныстырды. Олардың қатарында Genealogy…
Алматы облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың спортқа қатысуын қолдауға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзиялық спорт фестивалі өтті. Жарысқа өңірдің әр ауданынан 60 бала қатысып, бірнеше спорт түрінен бақ сынады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Іс-шараны ұйымдастыруға «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты қолдау көрсетті. Қатысушылардың 20-сы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар. Фестиваль аясында балалар бочча, жеңіл атлетика және «Көңілді старт» сайыстарына қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты – спорт арқылы балалардың өзара қарым-қатынасын нығайту, командалық рухты қалыптастыру және әр баланың қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беру. «Бүгін облыстың әр ауданынан балалар жиналып, бірнеше спорт түрі бойынша бақ сынады.…
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің бір бөлігін тағайындау тәсілін өзгерту жоспарланып отыр. Реформа мемлекеттік жәрдемақылардың 36 түрінің 14-ін қамтиды және Отбасының цифрлық картасының (ОЦК) деректеріне негізделеді. ОЦК арқылы азаматтарды проактивті түрде хабардар ету 2026 жылғы 1 қазанда басталды. Негізгі өзгеріс – көмекті негізінен әлеуметтік мәртебеге қарай тағайындаудан отбасының нақты әл-ауқатын бағалауға көшу. Отбасылар табыс деңгейіне, мүлкіне және басқа да көрсеткіштеріне байланысты санаттарға бөлінеді. Бұл мемлекетке қолдауға шынымен мұқтаж адамдарға көбірек ресурс бағыттауға мүмкіндік береді. Қазір қаржылық жағдайы мүлде әртүрлі отбасыларға бірдей төлем тағайындалуы мүмкін. Бір отбасының тұрақты жоғары табысы, жылжымайтын мүлкі мен жинағы болуы мүмкін, ал екіншісі…
8–10 қазанда Шығыс Қазақстан облысында құсбегіліктен I Азия кубогі – «Шығыс Салбұрыны – 2026» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Халықаралық спорттық-мәдени шара Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылдық округінің аумағында орналасқан «Бүркіт төбе» алаңында ұйымдастырылады. Турнирге Қазақстанмен қатар Мажарстан, Испания, Грузия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан кәсіби құсбегілер қатысады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараның мақсаты – көшпелі өркениеттен келе жатқан саятшылық дәстүрін сақтау және насихаттау, сондай-ақ ұлттық спортты халықаралық деңгейде дамыту. Жарыс барысында қатысушылар жыртқыш құстарды баптау, басқару және аңшылыққа салу шеберліктерін көрсетеді. Сонымен қатар әр елдің саятшылық мәдениеті таныстырылады. Үш күндік бағдарлама 8 қазан турнирдің ұйымдастыру жұмыстарына арналады. Бозанбай ауылдық округіндегі…