Соңғы күндері әлеуметтік желілерде той үстінде тілек айтып, елдің назарын аударған ер адамның видеосы қызу талқыға түсті. Дәстүр мен дінді алға тартып, әйелдерді кемсітетін сипатта сөз сөйлеген және өнер иелерінің қызметіне теріс пікір білдірген бұл видео қоғамда үлкен резонанс тудырды деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Ерлан Қарин: «Қазақстанда бірінші орында діни шектеулер емес, мемлекет заңдары тұрады»
Бұл жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин өз пікірін білдіріп, еліміздің зайырлылық ұстанымына ерекше тоқталды.

Сондай-ақ ол өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою асыра сілтеушілік екенін, мемлекетіміз таңдаған жол бұл еместігін қадап айтты. Көпшілік алдында адамдарды алалау, өз пікірін қасақана тықпалау әдептілікке жатпайтынын атап өткен ол, қоғам болып мұндай әрекеттерге тосқауыл қою керектігін жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл видеоның таралуына белгілі әнші Роза Әлқожа үн қосып, Жетісай өңірінде өткен жиында болған жағдайға қатысты ренішін білдірді. Ол қазақ халқының қонақжай, дәстүр мен имандылықты қатар ұстанған ел екенін айта келе, тұтас музыка өнерін харам деп бағалауға қарсы шықты.
«Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе? Кезінде пайғамбарымыз с.ғ.с. Айша анамызға ән салдырған деген сөзді мына кісі естімеген бе?», – деп ашуын білдірді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
МВД: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Ведомство әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының жария түрде айтқан сөздерінен діни және әлеуметтік алауыздықты қоздыру белгілері анықталғанын хабарлады.
Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Министрлік Қазақстан Республикасы Конституциясы әр азаматтың жынысына, шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де белгілеріне қарамастан құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ететінін еске салды. Сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға, діни немесе әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуге бағытталған жария мәлімдемелер мен қоғамдық келісімге нұқсан келтіруі мүмкін әрекеттерге жол берілмейтінін атап өтті.
ІІМ сөз бостандығы заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын баса айтып, заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі

