2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады. Бұл туралы Республикалық комиссияның отырысынан кейін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Нәтижелер жарияланғаннан кейін мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының ресми ақпараттық ресурстарында, сондай-ақ министрдің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында қолжетімді болады.
Сонымен қатар талапкерлер конкурс қорытындысын SteppeNews.kz сайтынан да көре алады. Ресми жарияланғаннан кейін мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің толық тізімі порталға орналастырылады.
