Ашхабадтағы Ягшыгелди Какаев атындағы Халықаралық мұнай және газ университетінің базасында түрікмен-қытай бірлескен «Лу Бань шеберханасы» білім беру жобасының жаңа оқу жылы ресми түрде салтанатты түрде ашылды. Шара «Жаңа дәуірдегі денсаулық сақтау, білім және спорт» атты халықаралық көрме мен ғылыми конференция аясында өтті, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Бұл оқу сезонының басталуы Түркіменстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ғылыми-білім беру диалогын нығайтудағы кезекті маңызды қадам болды. Бірлескен жоба жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға және екі ел жастарының кәсіби байланысын кеңейтуге бағытталған. Салтанатты жиында Я. Какаев атындағы Халықаралық мұнай және газ университетінің ректоры Байраммырат Атаманов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар онлайн және офлайн форматта…
Автор: Saya
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипптің қатысуымен Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы мәртебелі меймандарға ілтипат білдіріп, Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың бұл сапары екі ел арасындағы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты айқындайтынын атап өтті,деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. 15 миллиард доллар инвестиция және сауда-саттық өсімі Президент өз сөзінде Бельгияның Қазақстан экономикасындағы ең ірі 10 инвестордың қатарына кіретініне тоқталды. Соңғы жиырма жылда бельгиялық компаниялар ел экономикасына 15 миллиард доллардан астам тікелей қаржы құйған. Бүгінде еліміздің агроөнеркәсіп, денсаулық сақтау, фармацевтика, озық технологиялар мен энергетика секторларында Jan…
Ташкенттегі «Өзэкспоорталықта» 14–16 қазан аралығында «Қытай – Орталық Азия (Өзбекстан) 2026» ірі халықаралық сауда көрмесі өтеді. Қытайдың Халықаралық саудаға көмектесу комитеті ұйымдастырып отырған бұл ауқымды шара екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруге бағытталған, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Өзбекстанда екінші жыл қатар ұйымдастырылып отырған көрменің басты мақсаты – Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және өзара сауда-саттыққа жол ашу. Бұл шара Қытай мен Өзбекстан арасындағы жан-жақты стратегилық әріптестіктің 10 жылдығымен және ШЫҰ саммиті аясында көшбасшылар жариялаған екіжақты қарым-қатынастардың жаңа «алтын онкүндігімен» тұспа-тұс келіп отыр. Өнеркәсіптік автоматтандыру мен жасанды интеллект басымдығы Биылғы көрме өткен…
Тарихтың көне парақтарын ақтарсаңыз, әр тастың астында бір дәуірдің тынысы, әр қаланың қабырғасында ғасырлардың жаңғырығы жатқанын сезесіз. Солардың бірі – Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы көне де жұмбақ Куча қаласы. Ежелгі Жібек жолының негізгі артериясында, Тарым ойпатының теріскейінде орналасқан бұл өңір ғасырлар бойы шығыс пен батыстың, түрлі өркениеттер мен мәдениеттердің басын қосатын маңызды сауда және рухани торап болды. Халықаралық журналистердің бұл өлкені аралауға бағытталған арнайы пресс-сапары уақыт пен кеңістікті жалғаған алтын көпірдей әсер қалдырып, қатысушыларға ұмытылмас терең тәжірибе сыйлады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Империялар қолтаңбасы: Шекара қорғанысы мен көне қала жұрттары Кучаның шежіресіне үңілген сайын оның өткенінің қаншалықты бай әрі күрделі екеніне…
Қыркүйекте базалық мөлшерлеме 16,75%-дан 16,25%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты заңды сұрақ туындайды: егер банктер үшін ақша арзандап жатса, ескі несиені жабу үшін қазірден бастап жаңа несие іздеген дұрыс па? Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналинаның пікірінше, мұндай қорытынды жасауға асықпаған жөн. Ұлттық банк бұған дейін инфляцияны күшейтетін тәуекелдердің сақталуына байланысты мөлшерлемені одан әрі төмендету мүмкіндігі шектеулі екенін атап өткен. «Егер инфляция төмендеуін жалғастырып, соның нәтижесінде ақша-кредит саясатын одан әрі жұмсартуға мүмкіндік пайда болса, 2027 жылы несиені тиімдірек шарттармен қайта қаржыландыруға алғышарттар қалыптасуы мүмкін. Алайда қазір бұған кепілдік беру мүмкін емес», – дейді Жаналина. Оның пікірінше, несиені қайта қаржыландыру үшін…
Алматыдағы The Ritz-Carlton қонақүйінде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) 80 жылдық мерейтойына арналған UNICEF Anniversary Gala 2026 қайырымдылық кешінің ресми тұсаукесері өтті. Жылдың басты қайырымдылық оқиғасы 2026 жылдың 20 қарашасында өтпек. Шара 200-ден астам бизнес көшбасшысының, меценаттың, дипломат пен мәдениет қайраткерінің басын қосып, мектептердегі буллинг пен зорлық-зомбылықты жоюға, сондай-ақ балаларды цифрлық ортада қорғауға бағытталған ауқымды ұлттық мұратты мақсат етеді. БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әлемнің 190-нан астам елі мен аумағында әрбір баланың өмір сүру, даму және жан-жақты қорғалу құқықтарын қамтамасыз ету бағытында еңбек етеді. Неліктен басты назар буллингке аударылды? ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген ұлттық зерттеу деректері бойынша, қазақстандық балалардың 17,5 пайызы,…
Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп, сала мамандарынан мүлдем жаңа құзыреттіліктерді талап етуде. Екіжақты ынтымақтастықтың болашағы, цифрландыру және жаңа буын кадрларын даярлау туралы эксклюзивті сұхбатта «Тұран» университетінің Туризм және меймандостық жоғары мектебінің директоры Гаухар Нұрланқызы Шидерина айтып береді. Сұхбатты жүргізген — журналист Мадина Ашилова. Мадина Ашилова: Гаухар Нұрланқызы, бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм бағыты қарқынды дамып келеді. Неліктен студенттерді кәсіби даярлауда дәл осы Қытай бағытына басымдық беріліп отыр? Гаухар Шидерина: Туризм оқытушысы ретінде мен тек теориялық білімге ғана емес, сонымен бірге практикалық дағдыларға да үлкен көңіл бөлемін. Мен үшін студент туризмді зерттей отырып, алған білімін шынайы…
Қытайдың оңтүстігінде орналасқан әйгілі Санья курорттық қаласы шетелдік саяхатшылар үшін инфрақұрылымын жақсартуды белсенді түрде жалғастыруда. Жергілікті қоғамдық көліктерде жаңа қызмет түрі іске қосылып, автобус аялдамалары дәстүрлі қытай мен ағылшын тілдерінен бөлек, орыс тілінде де ресми түрде хабарлана бастады, деп жазады SteppeNews.kz. «Санья қоғамдық көлік корпорациясының» хабарлауынша, бұл жүйе 15 қыркүйектен бастап бес негізгі автобус бағытында эксперименттік режимде жұмыс істеп тұр. Бұған дейін бағытты жақсы білмейтін саяхатшылар керекті аялдамасынан өтіп кететін жағдайлар жиі кездесетін, ал жаңа бастама бұл мәселені толықтай шешуге бағытталған. Орыс тіліндегі хабарландыру енгізілген автобустар туристер ең көп баратын көрікті орындарды, ірі сауда орталықтарын мен халықаралық әуежайды өзара байланыстырады.…
Қазақстандық оқушылар Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық робототехника чемпионатында әлемдік рейтингтің төртінші сатысына көтерілді. Байқауға 185 елдің ұлттық құрамалары қатысып, қазақстандық команда іріктеу кезеңіндегі барлық 11 кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Оқу — ағарту министірлігіне сілтеме жасап. Іріктеу кезеңіндегі 11 кездесудің барлығында жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша команда әлемнің үздік төрт құрамасының қатарына қосылды. Бұл нәтиже оқушылардың инженерлік дағдылары мен командалық жұмыс деңгейін көрсетті. Қазақстан құрамасы бұған дейін FIRST Global Challenge чемпионатында төрт жыл қатарынан жеңімпаз атанған. Биылғы жарыста да жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар елдің халықаралық робототехника…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Королі Филипп екіжақты серіктестікті нығайтуға және экономикалық байланыстарды дамытуға уағдаласты. Мемлекет басшысы мен Бельгия Королі келіссөз қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдап, сауда, инвестиция, көлік-логистика, цифрлық технологиялар, білім және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильда Қазақстан Президентінің шақыруымен 2026 жылғы 11–14 қазан аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сауда мен инвестицияға басымдық беріледі Бірлескен мәлімдемеде Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік байланыстардың нығайып…