Astana Motors компаниясы Changan брендімен бірлесіп, Қазақстан нарығына жаңа ықшам кроссовер — Changan UNI-S моделін ұсынады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Astana Motors компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қозғалтқышы мен жүріс сипаттамалары

Changan UNI-S 181 ат күшіне ие 1,5 литрлік бензинді турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыштың ең жоғары айналу моменті — 280 Н·м. Ол 7 сатылы ылғалды қос іліністі роботтандырылған беріліс қорабымен (7DCT) жұмыс істейді.
Модель алдыңғы жетекті (2WD) және толық жетекті (4WD) нұсқаларда ұсынылады. 2WD нұсқасы 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 8,3 секундта, ал 4WD нұсқасы 9,5 секундта үдейді.
Жүргізушіге Eco, Normal және Sport режимдері, сондай-ақ қарлы, лайлы және құмды жолдарға арналған Snow, Mud және Sand режимдері қолжетімді.
Өлшемдері мен сыртқы дизайны
Кроссовердің ұзындығы — 4550 мм, ені — 1868 мм, биіктігі — 1680 мм. Дөңгелек базасы 2WD нұсқасында 2656 мм болса, 4WD модификациясында 2650 мм-ге тең.

Сыртқы жабдықталуына электр жетегімен ашылатын панорамалы шатыр, рейлингтер, артқы спойлер, жақтаусыз әйнек тазалағыштар және шанақ түсіндегі есік тұтқалары кіреді. Артқы бөлігінде қосарланған шығару түтіктері орналасқан.
Автокөлік бес түсте ұсынылады: інжу ақ, қою қара, жұлдызды сұр, атомды сұр және інжу-сұр.
Салон және мультимедиа

Салонда эко былғары қаптама қолданылған. Жабдықтар қатарында көп түсті атмосфералық жарықтандыру, жылыту функциясы бар руль, жұмсақ қапталған есіктер мен аспаптар панелі, алдыңғы шынтақтаяныш және 12 В розетка бар.
Жүксалғыш пердемен жабдықталған және оны кілт арқылы қашықтан ашуға болады.
Мультимедиа жүйесінің диагоналі — 14,6 дюйм, ал цифрлық аспаптар панелі — 10,25 дюйм. Аудиожүйе сегіз динамиктен тұрады. Сонымен қатар Apple CarPlay, Android Auto және дауыспен басқару функциялары қарастырылған.
Мультимедиа интерфейсі қазақ тілінде де қолжетімді.
Қауіпсіздік жүйелері

Changan UNI-S жүргізушіге көмек көрсететін бірқатар электронды жүйемен жабдықталған. Олардың қатарында интеллектуалды адаптивті круиз-бақылау (IACC), алдыңғы соқтығысу қаупі туралы ескерту (FCW), жаяу жүргіншілерді анықтайтын автоматты шұғыл тежеу (AEB), жолақтан шығу туралы ескерту (LDW), жолақта ұстау жүйесі (LCS) және кептелістегі қозғалыс ассистенті (TJA) бар.

Сонымен бірге көлік айналадағы кеңістікті бақылауға мүмкіндік беретін 360° шолу камераларымен жабдықталған.
Осылайша, Changan UNI-S Қазақстан нарығында әртүрлі жетек жүйесі, турбо қозғалтқышы және жүргізушіге көмек көрсету технологиялары бар ықшам кроссовер ретінде ұсынылады.
Келесі материал: Женевада қазақ асханасы таныстырылды: «Дала мен таулар» гастрокеші өтті
