Грекиядағы Санторини жыл сайын миллиондаған туристі қабылдайды. Алайда оның дәл іргесінде орналасқан, сол жанартаулық кальдераны бөлісетін шағын Теразия аралы саяхатшылардың басым бөлігі үшін әлі де беймәлім күйінде қалып отыр. National Geographic Traveller басылымының жазуы бойфнша, Тирасия — Эгей теңізінің қара жанартаулық жыныстарынан құралған, ұзындығы шамамен 8,9 шақырым, ені 2,4 шақырым болатын шағын арал. Мұнда тұрақты түрде небәрі 168 адам тұрады. Санториниден аралға қайықпен шамамен он минутта жетуге болады. Аралдың ерекшелігі — оның тыныштығы мен табиғи қалпы. Санторинидегі ақ үйлер мен туристерге толы көшелерден алыста Теразияда көне шіркеулер, үңгір үйлер, жүзімдіктер мен адам аяғы сирек басатын соқпақтар сақталған. 23 шіркеу орналасқан…
Автор: Saya
Соңғы жылдары премиум жол талғамайтын көліктер сегментінде қытайлық автоөндірушілердің үлесі артып келеді. Бұған қуатты қозғалтқыш, заманауи технологиялар, жоғары деңгейдегі жабдықталу және жолсыз жерге бейімделген инженерлік шешімдер себеп болып отыр. Осы бағыттағы модельдердің бірі — Great Wall Motor концерніне кіретін TANK бренді шығарған TANK 700. Модель көлемді кузовы, толық жетекті жүйесі, пневматикалық аспасы және премиум санатқа бағытталған жабдықтарымен ерекшеленеді. Қазақстан нарығында TANK 700 бірнеше жинақтамада ұсынылады. Олардың арасында дәстүрлі бензинді нұсқамен қатар, Hi4-T технологиясына негізделген қосылатын гибридті модификациялар да бар. Қуатты V6 және гибридті жүйе TANK 700-дің базалық нұсқасы 3,0 литрлік V6 турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Оның қуаты — 354 ат күші, ал…
Анкарада қазақтың көрнекті әншісі, домбырашысы, композиторы әрі актері Манарбек Ержановтың туғанына 125 жыл толуына орай еске алу кеші өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдері және шығармашылық зиялы қауым қатысты. Кеш барысында Манарбек Ержановтың өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, оның қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан үлесі кеңінен дәріптелді. Сондай-ақ өнер қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Концерттік бағдарламада Қарағандыдан келген «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі қазақтың дәстүрлі музыкалық шығармаларын орындады. Сонымен қатар Сержан Мұсайын, Нұрлытаң Саятқызы және Гүлмира Тапай өнер көрсетті. Ақын әрі жазушы Серік Ақсұңқарұлы «Манарбек…
Қазіргі таңда сапалы видео түсіру үшін көлемді камера мен қосымша жабдықтарды үнемі алып жүру міндетті емес. Блогерлер, мобилографтар және саяхатшылар арасында шағын әрі функционалды құрылғыларға сұраныс артып келеді. Солардың бірі — DJI Osmo Pocket 3. Қытайлық DJI компаниясы 2006 жылы құрылып, алғашында дрондар мен ұшу технологияларымен танылған. Кейін компания камера тұрақтандыру жүйелері мен гимбалдар бағытында да өнімдерін дамытып, контент өндіруге арналған құрылғыларын ұсынды. Pocket 3-тің басты ерекшелігі — 1 дюймдік сенсор Алдыңғы буындармен салыстырғанда құрылғының маңызды жаңалығы — 1 дюймдік CMOS-сенсор. Үлкен сенсор әсіресе жарық аз ортада түсірілім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Кешкі қала, жабық ғимарат немесе жарығы төмен жерде…
Моңғолияның Г. Дзанабазар атындағы Бейнелеу өнері музейінде Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі, Моңғолияның ең жоғары мемлекеттік наградасы — «Полярная звезда» орденінің кавалері Федор Семенович Тороховтың «Монгольская палитра» атты көрмесі ашылды. Бұл туралы SteppeNews.kz asiarussia.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Көрме Моңғолия мен Ресей арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Шараны Ресейдің Алтай өлкесінің үкіметі, «Монголия–Россия» достық қоғамы, Моңғолия Суретшілер одағы және Ресейдің Моңғолиядағы елшілігі бірлесіп өткізді. Көрменің ашылу рәсіміне Ресейдің Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Евсиков, Моңғолия мен Ресейдің Батыры Ж. Гуррагчаа және басқа да құрметті қонақтар қатысты. Суретшінің Моңғолияға арналған туындылары 2005 жылы Федор Торохов Г.…
Қазақстанда жоспарланып отырған климаттық жобаларды жүзеге асыруға 4 млн доллардан астам қаржы тартылуы мүмкін. Бұл мәселе Баку климаттық іс-қимыл апталығы аясында талқыланды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) Басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (UNEP) және БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының (ЮНИДО) өкілдерімен кездесіп, климаттық технологияларды енгізу және экологиялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады. Климаттық технологияларды енгізу мәселесі талқыланды UNEP сарапшыларымен кездесуде IGTIC пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі бірлесіп жүзеге асырып жатқан Технологиялық қажеттіліктерді бағалау (TNA) жобасының нәтижелері қаралды. Қазір жобаның соңғы кезеңі — Технологиялар…
Қазақстанда көлік инфрақұрылымын дамытудың жаңа тарихи кезеңі басталды. Alatau City арнайы экономикалық аймағында Орталық Азияда тұңғыш рет заманауи технологиялар мен болашақ көліктерінің таныстырылымы өтті. Ауқымды шара барысында қала аспанында ұшатын инновациялық аппараттар көпшілікке көрсетіліп, Орталық Азиядағы қалалық әуе ұтқырлығының (Urban Air Mobility, UAM) негізі қаланды. Іс-шараның басты кейіпкері — қытайлық AutoFlight компаниясының eVTOL (электрлік тік ұшып-қону аппараты) аэротаксиінің үлгісі болды. Бұл аппарат бір пилот пен бес жолаушыға арналған, 13 электромотормен жабдықталған және ешқандай көмірқышқыл газын шығармайды. Сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшып, қашықтықты лезде бағындыруға қабілетті бұл көлік түрі қалалық логистиканы түбегейлі өзгертуге бағытталған. Жоба аясында тек әуе таксиін сыннан өткізіп…
Астанада VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшылар мен бапкерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құраманы жарыстағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Президент Қазақстан құрамасының жалпы есепте бірінші орын алғанын атап өтті. Оның айтуынша, спортшылар Бішкекте өткен дүбірлі додада 74 медаль, оның ішінде 32 алтын жүлде иеленген. «Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарының маңызы тек спорттық нәтижемен шектелмейтінін атап өтті. Оның пікірінше, жарыс халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайтып, ұлттық мәдениет пен дәстүрді әлемге танытуға мүмкіндік беретінін сөз…
Қытайлық Great Wall Motor (GWM) автоконцерні Қазақстандағы қызметін автомобиль сатудан өндіріс пен экспортқа дейін кеңейтіп келеді. Компанияның елдегі негізгі серіктесі — Astana Motors, деп хабарлайды SteppeNews.kz. GWM — SUV, пикап және жаңа энергетикалық көліктер шығаратын ірі қытайлық автоконцерн. Компанияның негізгі брендтері қатарында Haval, Tank, Wey, Ora және GWM Pickup бар. GWM мәліметінше, оның көліктері әлемнің 170-тен астам елінде сатылады. Қазақстандағы серіктестік GWM мен Astana Motors арасындағы ынтымақтастық 2021 жылы басталды. 2022 жылы тараптар Қазақстанда автомобильдерді құрастыру бойынша меморандумға қол қойды. Бұл келісім компанияның Қазақстандағы өндірісті жергіліктендіру жоспарына негіз болды. Серіктестіктің негізгі нәтижелерінің бірі — Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan…
Тіпті сапалы әрі жаңа дайындалған тағамның өзі тоңазытқышсыз бірнеше сағат тұрса, қауіпсіз болмауы мүмкін. Ал оқушы әдетте рюкзагында алып жүретін ланч-бокстағы тағам 4 сағаттан астам уақыт салқындатылмай тұруы ықтимал. Сондықтан Qazaq Expert Club-тың тағам қауіпсіздігі саласындағы сарапшысы, PhD, қауымдастырылған профессор Лаура Аутелееваның пікірінше, ланч-бокс дайындағанда тағамның калориясы мен тағамдық құндылығын ғана емес, оның қанша уақыт салқындатылмай тұратынын да ескеру маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес, дайындалған және тез бұзылатын тағамдарды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдыруға болмайды, ал мұндай өнімдерді 5 °C-тан төмен температурада сақтаған жөн. «Ет, құс еті, балық, жұмыртқа, сүт өнімдері мен дайын тағамдарға ерекше назар аудару…