Ширек финалға шығу үшін өткен белдесуде Жадраев сербиялық Алекса Иличпен кездесіп, 8:6 есебімен басым түсті. Өкінішке қарай, Альмир Төлебаев (82 келіге дейін) пен Марлан Мұкашев (55 келіге дейін) 1/4 финалға шыға алған жоқ. Төлебаев молдовалық Михаил Брадаға, ал Мұкашев Артем Делянуға есе жіберді. Айта кетейік, 77 келі салмақ дәрежесінде Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев турнирді жеңіспен бастады. Алғашқы белдесуде ол фин спортшысы Йонни Саркиненнен 5:2 есебімен басым түсті. Александр Шевченко Қытайдағы АТР 250 жарысын жеңіспен бастады.
Автор: qaztimes
– Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді.…
— Самал Сырлыбекқызы, Каспийдің қазіргі жағдайы қалай? Соңғы зерттеулердің нәтижесі қандай? — Каспий теңізі — халқымыздың баға жетпес табиғи қазынасы әрі өңірдің экологиялық тұрақтылығы мен экономикалық өркендеуінің маңызды кепілі. Оның гидрологиялық жағдайы аймақтық климатқа, биоәртүрлілікке және экономикалық қызметке тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда Каспий маңы аймағы бұрын-соңды болмаған экологиялық қиындықтарға тап болып отыр. Соңғы онжылдықтарда теңіз деңгейінің ауытқуы мен су балансының өзгеруі экожүйеге, балық шаруашылығына, жағалау инфрақұрылымына және көлік-логистика саласына елеулі ықпал етті. Есенов университетінің ғалымдары қазіргі таңда ҚР Ғылым және Білім министрлігінің қаржыландыруымен жүзеге асып жатқан жоба аясында, Мәскеу қаласындағы Ресей Ғылым Академиясы, Ширшов атындағы Океанология институтының ғалымдарымен бірлесіп зерттеулер жүргізуде. Алдын ала…
Ерлі-зайыптылар бірінші ханымға қатысты «трансгендер» деген мәлімдемені «ғылыми сипаттағы» сараптамалық қорытындылар арқылы жоққа шығаруды жоспарлап отыр. Кэндис Оуэнс бірнеше рет Брижит Макронды жынысын ауыстырған әйел деп айыптап келген. Бұған жауап ретінде Францияның бірінші жұбы сот арқылы өздерінің абыройы мен шындығын қорғауға бел буды. «Біз Брижит Макронға қатысты айтылғандардың барлығы жалған екенін толық көлемде дәлелдеуге дайынбыз», — деді Макрондар отбасының адвокаты Том Клэр шетелдік БАҚ-қа. Оның айтуынша, сот процесінде «ғылыми негіздегі» сарапшылардың қорытындылары ұсынылады. Брижит Макрон — үш баланың анасы. Ол Эммануэль Макронмен Амьендегі мектепте сабақ берген кезде танысқан. Сол кезде болашақ президент оқушы болған, олардың жас айырмасы 24 жыл. Франция…
«Құрмет» орденімен: 1. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов; 2. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Аида Әбікеева; 3. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Алуа Балқыбекова; 4. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Наталья Богданова; Фото: Ақорда 5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Дастан Қабденов; 6. Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты…
Zhongguo Wang басылымының жазуынша, шамамен 20 мың шақырымға созылатын бұл әуе қатынасы екі мегаполистің арасындағы жол уақытын 25 сағатқа дейін қысқартпақ. Ұзақ қашықтық пен ұшақтардың техникалық мүмкіндіктеріне байланысты рейс барысында Жаңа Зеландияда аралық қону жоспарланған. Дәстүрлі бағыттар Еуропа немесе Солтүстік Америка арқылы бірнеше ауысымды қажет етсе, жаңа рейс жалпы уақытты 30 сағаттан 25 сағатқа дейін азайтады. Сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік Американың ірі астаналарын Бейжің және Шанхаймен тікелей байланыстыратын тұрақты әуе қатынастары Қытайдың халықаралық әуе желісін осы ең алыс нарыққа дейін кеңейтуге жол ашады. Қазіргі уақытта ең ұзақ «тікелей» рейс рекорды Air China компаниясына тиесілі. Ол Пекин мен Сан-Паулу арасындағы бағытты Мадрид…
«Реал Мадрид», «Арсенал», «Интер»… Биыл ел футболындағы ерекше оқиға — алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіне жолдама алды. Енді қазақстандық команда жарыстың аталған сатысында «Реал Мадрид» (Испания), «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия), «Копенгаген» (Дания), «Пафос» (Кипр), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Брюгге» (Бельгия) командаларымен кездеседі. Оның ішінде өз алаңында 30 қыркүйекте «Реал Мадридті», 21 қазанда «Пафосты», 9 желтоқсанда «Олимпиакосты», 20 қаңтарда «Брюггені» қабылдаса, сырт алаңда 18 қыркүйекте «Спортинг», 5 қарашада «Интер», 26 қарашада «Копенгаген», 28 қаңтарда «Арсенал» клубымен шеберлік байқасады. – Біздің «Реал Мадридпен» ойнайтынымыз қуантады. Мұндай клуб Қазақстанға жиі келмейді. Жанкүйер алдында үлкен жауапкершілікті сезінеміз. Мен мүмкіндігінше үлкен болғым келеді қарсыластар.…
— Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Мұнда өзімді өз үйімде жүргендей, достарымның арасында жүргендей сезініп жатырмын. Қазақ халқының қонақжайлығы мен мейірімділігі ерекше әсер қалдырып жатыр. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті өте терең. Мұнда келген сайын өзімді сезінемін, — деді ол Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында. Сондай-ақ әнші аталған байқаудың өнер сайысы ғана емес, өнерпаздарды табыстыратын достық алаңы екенін де атап өтті. — Silk Way Star – халықаралық достықтың жобасы. Бұл жобаны миллиардтаған көрермен тамашалайтынына сенімдімін. Мен мұнда әртүрлі елден келген дарынды өнерпаздармен таныстым. Бізді ортақ тіліміз – музыка тоғыстырды, — деді грузиялық өнерпаз. Автандил Абесламидзе — 2016 жылғы X Factor Georgia…
Алматы қаласы туризм басқармасының мәліметінше, мұндай өсім туризм саласының дамып келе жатқанын және Алматыға ішкі әрі халықаралық туристер тарапынан қызығушылықтың арта түскенін көрсетеді. Қазір қала қонақүйлеріндегі бөлмелер саны өткен жылмен салыстырғанда 8% артып, 12 552-ге жеткен. Фото: Алматы әкімдігі — Қаладағы орналастыру орындарының бір мезеттегі сыйымдылығы 22 768 төсек-орын, бұл қонақтарды көбірек қабылдауға жол ашады. Ішкі және шетелдік туристер тарапынан қызығушылық артқанын байқап отырмыз. Жаңа жобалар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымды жақсартып, Алматыда демалысты қолжетімді әрі жайлы етеді, – деп хабарлады туризм басқармасы. Фото: Алматы әкімдігі Биыл жыл басынан бері жеке инвестициялар есебінен 34 жаңа туристік нысан пайдалануға берілген. Олардың ішінде…
Бұл туралы Пәкістанның Табиғи апаттардың алдын алу ұлттық басқармасы (NDMA) хабарлады. Құрбандардың қатарында 274 бала мен 163 әйел бар. Сонымен қатар, 1000-нан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған. Пенджаб провинциясында ғана 2,4 миллионнан астам адам табиғи апат салдарынан зардап шеккен. Су тасқындары ел инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді: 12 мыңнан астам үй бүлінген, 6 509 мал қырылған. Билік өкілдері бұл тасқындарды 2022 жылғы апаттан кейінгі ең ірі табиғи апат деп атады. Ол кезде 1 700-ден астам адам қайтыс болып, ел аумағының үштен бірі су астында қалған, ал жалпы шығын көлемі 32 миллиард доллардан асқан болатын. Бұдан бұрын 9 қыркүйекте Пәкістанның Пенджаб…