Түркістандық мұғалім Алматы халықаралық әуежайында «әдепке қайшы іс-әрекет жасағаны үшін» жұмыстан босатылған, деп хабарланады Otyrar.kz-ке сілтеме жасап. Мұғалімнің сөзі қауіп ретінде қабылданған Әуежайдың қауіпсіздік қызметі жүргізген тексеріс кезінде мұғалімнің айтқан сөзі қоғамға қауіп ретінде қабылданған. Осыған байланысты оған Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Іс тоқтатылды Алайда кейіннен желілік полиция бөлімі қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатқан. Сотта талапкер Е. өзінің жұмыстан босатылуын заңсыз деп тануды сұрады. Ол тәртіптік комиссия жұмыстан босату мәселесін қарау барысында бейтараптық танытпағанын, түсініктемелері ескерілмегенін, еңбек шартын бұзу туралы шешім қылмыстық іс ресми түрде тоқтатылғанға дейін қабылданғанын, Еңбек кодексінің…
Автор: qaztimes
Арменияда бір апта бойы іздеу салынған үш жасар Тигран Ованесовты өз әкесі өлтірген болып шықты. Armenpress порталының мәліметінше, бұл туралы ішкі істер министрі Арпине Саркисян алдын ала тергеу нәтижелерін жариялаған кезде айтты. Тигран Ованесов 27 қазанда жоғалып кеткен. Оны іздеуге 500 құтқарушы, полиция қызметкері және еріктілер қатысты. Тергеу комитеті «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. 2 қарашада оның денесі Ованесовтар отбасы тұратын Гегаркуник облысынан табылды. Тергеушілердің мәліметінше, оқиға болған күні бала мен оның ағасы үйінен шығып, аулада әкесін кездестірген. Әкесі мен балалары арасында жанжал туындап, күдікті кіші ұлын тұншықтырып өлтірген. Тигранның бес жасар ағасының денсаулығында проблема бар және ол…
Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа алаяқтық схемалар пайда болғанын ескертті. Алаяқтар өздерін мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері ретінде таныстырып, салықтық есептіліктің (270-нысан) жоқ екендігін, «айыппұл» салынатынын айтып немесе есептілікті тапсырмағаны үшін «банк шоттары жабылады» деп қорқытады. «Басқа алаяқтық тәсілдерге мессенджерлер (оның ішінде WhatsApp) арқылы Мемлекеттік кірістер комитеті немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің басшылығының атынан бизнес субъектілерінің қаржылық мониторинг, тексеру немесе өзге де бақылау тізімдеріне енгізілгені туралы хабарламалар жіберу жатады», — деп жазылған хабарламада. Комитет аталған хабарламалардың салықшылардың жұмысына қатысы жоқ екенін атап өтті. Олардың мақсаты салық төлеушілерді шатастыруға, олардың жұмысына кедергі келтіруге және кей жағдайларда бопсалауға бағытталған. Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді төмендегі…
4 қарашада Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде: солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, тұман түседі. Кей жерлерде қатты жауын-шашын және секундына 20 метрге жететін жел соғады, «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарланады. Астанада көшпелі бұлтты, кей кезде қар жауып, бұрқасындап, көктайғақ болады. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кейде екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз –8…–10°C. Ақмола облысында қар жауып, бұрқасындап, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстіктен 9–14 м/с жел соғады, кей уақытта екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде –8…–13°C, күндіз –6…–11°C. Алматы облысында түнде батыс пен…
Қостанайда полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын ұстады, Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полицейге пышақ салған Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайды.
Белгілі вокалист AYREE екінші баласын дүниеге әкелді. Ол бұл қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі оқырмандарына жеткізді. Әртіс қызының 1 қарашада дүниеге келгенін айтты. 33 жастағы AYREE Instagram-дағы парақшасында әсерлі сторис салды – төсекте жатқан, анасы мен әкесі қолынан ұстап тұрған нәрестенің иллюстрациясын жариялады. «Аллаға шүкір. Қош келдің, қызым. Әкең екеуміз сені ұзақ күттік. Ғұмырлы, бақытты бол», — деп жазды әнші.
Таразда BMW көлігінің мас жүргізушісі полицейлерден қашуға әрекет етті, ІІМ ведомстволық сайтына сілтеме жасалды. Тараз қаласында түнде полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайын анықтады. Патрульдік полиция экипажы BMW автокөлігінің жол қозғалысына қауіпті екенін байқады. «Алайда жүргізуші полицейлердің заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстады», — делінген хабарламада. Тексеру барысында ер адамның алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді, бірақ полицейлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында ықтимал жол апатының алды алынды. Жүргізушіге көлікті мас күйде басқарғаны, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.…
Қызылорда облысында көкпар кезінде көлік аттарды қағып кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. CMN.KZ Telegram каналының мәліметінше, жүргізуші көлікті көкпар өтіп жатқан алаңға айдап барып, бірнеше атты қағып кеткен. Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі біздің агенттікке оқиғаның мән-жайын хабарлады. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашасында Шиелі ауданындағы Алғабас ауылында ауыл тұрғыны ұйымдастырған көкпар ойыны кезінде болған. «Ойын кезінде 102 арнасына ешқандай хабарлама түскен жоқ. Қазіргі таңда бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік жүргізушісі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың әрекетіне заңды баға беріледі», — деп хабарлады полиция. Полиция департаменті кез келген спорттық, ойын-сауық немесе…
Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады. Ведомство мәліметінше, алдағы күндері ел аумағында қар жауып, көктайғақ болады, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырды. «Доңғалақтардың, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер», — деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев. Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілер жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін қатаң сақтауы қажет. «Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады», — деп түйіндеді Айдын Оразбаев. Еске сала кетейік,…
2025 жылдың 3 қарашасында Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы жаңа деректерді жариялады. Статистикаға сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 445 231 адам болды. Жыл басынан бері халық саны 161 832 адамға өскен, оның ішінде: табиғи өсім есебінен – 151 632 адам, көші-қон есебінен – 10 200 адам. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 миллионнан асады: Алматы – 2 337 023 адам, Түркістан облысы – 2 148 207, Астана – 1 612 512, Алматы облысы – 1 586 875, Шымкент – 1 286 087, Жамбыл облысы – 1 216 849,…