Автор: qaztimes

Жаңа аллея Алматы ауданының Қайрат Рысқұлбеков көшесі бойында орналасқан және еңбек династияларына арналады. Ашылу салтанатына аудан әкімдігінің қызметкерлері мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қатысты. Жиналғандардың алдында «Елорда» хоры мен Е.Рахмадиев атындағы қалалық филармония әртістері өнер көрсетті. Бүлдіршіндер үшін ойындар, викториналар өткізіліп, аниматорлармен көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылды. Отбасылық демалысқа жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінген. Балаларға арналған кең ойын алаңына қауіпсіз тартан жабындысы төселіп, заманауи шағын сәулеттік элементтер орнатылды. Сонымен қатар заманауи және ыңғайлы орындықтар, қоқыс контейнерлері қойылып, автотұрақ аумағы кеңейтілді, жаңа асфальт төселді және жарықтандыру жүйесі орнатылды. Аллея бойына 200-ден астам ағаш отырғызылды. Айта кетейік, биыл елордада шамамен 170 аула мен…

Read More

Ұлттық басымдық «Қоршаған ортаға ұқыпты, жауапты әрі жанашырлықпен қарау — ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналуға тиіс». Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында осылай деген еді. «Halyk орманы» жобасы Мемлекет басшысы айқындаған міндеттермен үндесіп, «Тaza Qazaqstan» ұлттық тұжырымдамасын жүзеге асыруға үлес қосады. Қор бастамасы — табиғатты аялау мен жауапкершілікке негізделген бағыттың жалғасы. Жобаның мақсаты мен мәні Басты міндет — экологиялық тұрғыдан осал аймақтарда жаңа орман алқаптарын құру, өрттен зардап шеккен экожүйелерді қалпына келтіру, биоалуантүрлілік пен экологиялық тепе-теңдікті сақтау. Кейінгі жылдардағы қайғылы оқиғаларды ескерсек, бұл жоба ерекше маңызға ие. Еске салсақ, 2023 жылғы маусымда «Семей орманы» табиғи резерватында Қазақстан тарихындағы ең алапат орман өрті…

Read More

Апат екі аппараттың жаттығу кезінде бір-біріне жақын ұшуынан болды. Бір аппарат жерге қалыпты жағдайда қонса, екіншісі зақымданып, өртенді. Бір жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы тұрақты. Жердегі адамдар зардап шеккен жоқ. Фото: finance.sina Апатқа ұшыраған ұшатын аппараттар – XPeng AeroHT шығарған eVTOL, қаладағы әуе қозғалысына арналған, 2-4 жолаушы тасымалдайды, ұшу ұзақтығы 30-60 минут. Нақты моделі анықталмады, бірақ «Жолаушы X3» болуы мүмкін. Компания апат себептерін тексеріп, ұшу басқаруы мен арақашықтық мәселелеріне назар аударуда. XPeng AeroHT қауіпсіздік шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Апат төмен биіктіктегі экономика саласындағы қауіпсіздік стандарттарын жетілдіру қажеттігін көрсетті. Фото: finance.sina Компанияның ресми сайтына сәйкес, XPeng AeroHT – Азиядағы ең…

Read More

Спикердің айтуынша, жаңа Салық кодексінде жеке және заңды тұлғаларға қатысты оң өзгерістер қарастырылған. — Қазіргі таңда есепшоттар тіпті 1 теңге немесе 200 теңге көлеміндегі өсімпұл үшін бұғатталып, кәсіпкерлер мен азаматтардың қызметіне кедергі келтіріп жатыр. Кейбір адамның күнделікті қажеттіліктерін — нан немесе қоғамдық көлікке төлем жасау мүмкіндігі шектеліп қалуда. Бұл негізінен әлеуметтік төлемдер бойынша берешекке қатысты. Бұған дейін әлеуметтік төлемдер бойынша бір теңге берешек үшін де есепшоттар бұғатталатын. Енді жаңа Әлеуметтік кодекске сәйкес, есепшоттарға шектеу тек 6 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) жоғары берешек болған жағдайда ғана қойылады. Бұл дегеніміз, егер әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз 6 АЕК-тен (шамамен 23 000 теңгеден астам)…

Read More

Polisia.kz порталының хабарлауынша, бұл ережелер Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 796-бабы бойынша жүргізілетін әкімшілік өндірістің аясында ғана қолданылады. Аталған норма басқару құқығынан уақытша айыру және масаң күйде болатын жүргізушілерді ғана тексеруді көздейді.  Сондықтан жаңартылған ережелер тек көлік құралын басқарушыларға қатысты. Жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа қатысушыларына жаңа талаптар енгізілген жоқ. Сондай-ақ процедураның өзі бұрынғы қалпында қалып отыр – түпкілікті өзгерістер жоқ. Бір ғана жаңалық – бекітілген нысанның түрі: бұрын ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген болса, енді олар ІІМ бұйрығы арқылы бекітіледі.  Бұл децентрализация және бюрократиядан құтылу саясатының аясында жасалды, осылайша мұндай құжаттарды қабылдау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүргізуші арнайы құралдармен,…

Read More

— 2026–2028 жылдар аралығында әлеуметтік және инфрақұрылымдық шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ инфляциялық қысымды тежеу қажеттілігімен байланысты мемлекеттік борыштық міндеттемелердің біртіндеп өсуі болжанады. Сонымен қатар, бюджеттік реттеу және салық саясаты саласындағы реформалар қарыздың ұлғаю қарқынын бақылауға мүмкіндік береді, оның серпінін рұқсат етілген макроэкономикалық бағдарлар шегінде сақтайды, — деп жазылған болжамда. Құжатта 2026-2028 жылдарға арналған үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы органдардың борышынан тұратын мемлекеттік борыш параметрлері былай болатыны болжанған: — 2026 жылы 46 трлн 477 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 25,3%;— 2027 жылы 52 трлн 520 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 25,5%;— 2028 жылы 57 трлн 515 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 25%. Оның ішінде Үкіметтік борыш 2028 жылы 44 трлн 956…

Read More

Осыған байланысты Kazinform тілшісі Поливной және Қаражар ауылының тұрғындарына хабарласып, мәселені білген еді. Олардың сөзіне қарағанда, мердігер мекеме биыл көктемде құм-қиыршық тас қоспасын тасып, істі бастаған. Алайда жұмыс шілде айында тоқтап қалған. Содан бері тым-тырыс. – Қазіргі кезде дала жолымен жүріп жатырмыз. Алда жаңбыр жауған мезгілде жол езіліп, екі ортада қатынас болмай қалады. Автобус келмей, балалар сабаққа бара алмайды. Салынып жатқан жолмен жүру мүмкін емес. Өйткені қиыршық тас өткір, автокөлік дөңгелегін тесіп кетеді. Әкімдік осы мәселеге орай дұрыс жауап бермейді. Енді жолсыз қаламыз ба деп қорқып отырмыз, — дейді тұрғындар.  Бәйтерек ауданы әкімдігінен алынған мәлімет бойынша Қаражар, сондай-ақ Поливной ауылына…

Read More

Тағылып отырған айыпқа сәйкес, Джорджеску мен тағы 21 адам ұлттық қауіпсіздік пен елдің конституциялық құрылымына қауіп төндіруді жоспарлаған. Джорджеску кінәлі деп танылса, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылады. Күдіктілердің бірі – Хорациу Потра. Прокурорлардың мәліметінше, ол 7 желтоқсанда Джорджескумен кездескеннен кейін әскери топ құрған. Оған дейін Румынияның Конституциялық соты президент сайлауының алғашқы турының нәтижелерін жойған болатын. Прокуратураның мәлімдемесінде Потра құрған қарулы топ елді арандатып, қақтығыс ұйымдастыруға талпынған. Румын БАҚ-тарының хабарлауынша, Потра былтыр 8 желтоқсанда қарулы адамдар тобымен бірге Бухарестке бара жатқан жолда ұсталған. Кейін ол полицияға өзі келеді деген шартпен босатылған, алайда елден қашып кеткен. Румынияның бас прокуроры Алекс Флоренцаның…

Read More

Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды. Фото: Астана әкімдігі ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт салдарынан 8 пәтер тұрғындары зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетілетін болады. Фото: Астана әкімдігі Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты және әкімдіктің қолдауы есебінен басталады. Осындай барлық жағдайда жергілікті атқарушы органдар өрттің салдарын жедел жою үшін қажетті шаралардың бәрін қабылдайды. Фото: Астана әкімдігі Осыған дейін СҚО-да жер үй…

Read More

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 540,94 теңге, сату — 542,83 теңге; — еуро: сатып алу — 637,42 теңге, сату — 641,15 теңге; — рубль 6,41 — 6,54 теңге аралығында саудаланады. — юань 76,58-79,38 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 539,51 теңгеден сатып алынады, 544,63 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 636,40 теңге, сату — 644,34 теңге; — рубль: сатып алу — 6,37 теңге, сату — 6,57 теңге. — юань 77,22 теңгеден сатып алынады, 81,41 теңгеден сатылады; Еске салайық, 17 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы…

Read More