Бұл туралы Пәкістанның Табиғи апаттардың алдын алу ұлттық басқармасы (NDMA) хабарлады. Құрбандардың қатарында 274 бала мен 163 әйел бар. Сонымен қатар, 1000-нан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Пенджаб провинциясында ғана 2,4 миллионнан астам адам табиғи апат салдарынан зардап шеккен.
Су тасқындары ел инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді:
-
12 мыңнан астам үй бүлінген,
-
6 509 мал қырылған.
Билік өкілдері бұл тасқындарды 2022 жылғы апаттан кейінгі ең ірі табиғи апат деп атады. Ол кезде 1 700-ден астам адам қайтыс болып, ел аумағының үштен бірі су астында қалған, ал жалпы шығын көлемі 32 миллиард доллардан асқан болатын.
Бұдан бұрын 9 қыркүйекте Пәкістанның Пенджаб провинциясында су тасқыны қаупіне байланысты 25 мың адам эвакуацияланғанын жаздық.

