— Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет! Мұнда өзімді өз үйімде жүргендей, достарымның арасында жүргендей сезініп жатырмын. Қазақ халқының қонақжайлығы мен мейірімділігі ерекше әсер қалдырып жатыр. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті өте терең. Мұнда келген сайын өзімді сезінемін, — деді ол Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында.
Сондай-ақ әнші аталған байқаудың өнер сайысы ғана емес, өнерпаздарды табыстыратын достық алаңы екенін де атап өтті.
— Silk Way Star – халықаралық достықтың жобасы. Бұл жобаны миллиардтаған көрермен тамашалайтынына сенімдімін. Мен мұнда әртүрлі елден келген дарынды өнерпаздармен таныстым. Бізді ортақ тіліміз – музыка тоғыстырды, — деді грузиялық өнерпаз.
Автандил Абесламидзе — 2016 жылғы X Factor Georgia байқауының жеңімпазы. Сондай-ақ 2018 жылы Астанада өткен «Voice of Astana» халықаралық байқауында да гран-приді жеңіп алған болатын.
Бұған дейін өзбекстандық әнші әрі әділ қазылар алқасының мүшесі Айгүл Надирова түркі халықтары Silk Way Star арқылы бірлігін бекемдеп жатқанын айтқан еді.

