Автор: qaztimes

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жасанды интеллект, кванттық есептеулер және ядролық энергетика салаларында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көп миллиардтық келісімге қол қойды. — Бұл — Ұлыбритания тарихындағы осы сипаттағы ең ірі инвестициялық пакет, — деді Стармер бейсенбі, 18 қыркүйекте, Трамппен келіссөздердің екінші күнінде өзінің Чекерс ауылындағы резиденциясында. Стармер бұл келісімді «инновациялық» деп атап, кездесуге бірнеше америкалық технологиялық корпорациялардың басшылары да қатысқанын атап өтті. Жасанды интеллект саласындағы «ынтымақтастықтың жаңа түрлері» Өз кезегінде Трамп «өте ірі» келісім жасалғанын мәлімдеп, АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы «ажырамас байланыстарды» атап өтті, бұл байланыстар қазіргі күн тәртібінен тыс тәуелсіз өмір сүреді деді. Оның айтуынша, бұл келісім мемлекеттік мекемелер,…

Read More

Бұл — елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат. Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы саналады. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді жарыстарда қарсыластарын артта қалдырып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанды. Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, ел намысын қорғап, көк туды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы. Айта кетейік, Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы турнирде қола жүлдегер атанды.

Read More

Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Олардың дерегінше, зілзаланың эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 125 шақырым солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Жерасты дүмпулері 40 км тереңдікте болған. Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов жер сілкінісіне байланысты цунами қаупі барын жариялады. Кейінірек АҚШ Геологиялық қызметі де Камчаткадағы жер сілкінісіне байланысты өз аумағында цунами қаупі туралы ескерту жасады. Бұған дейін, 13 қыркүйекте, Петропавл-Камчатскийден 123 км қашықтықта тағы бір жер сілкінісі болған. Оның магнитудасы 6,3, тереңдігі 46,8 км болды. Сонымен қатар, 30 шілдеде Камчатка жағалауында өте күшті жер сілкінісі тіркелген болатын. Бұл соңғы онжылдықтағы ең жойқын зілзала болды — жер сілкінісінің магнитудасы 8,8-ге жетті. Бұл жағдайға байланысты…

Read More

Бұл кездесуге Қазақстан құрамасы сапында бірқатар ойыншының шыға алмайтыны белгілі болды. Сары қағаздың көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит алдағы ойында құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың алаңға шығуына мүмкіндік алды.Кездесу барысында италиялық құрама белсенді бастады. Ойынның 15, 29-минутында олар екі гол соғып үлгерсе, оған 32-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов бір голмен жауап қайырды. Осылайша Қазақстан құрамасы алғашқы ойында қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.Енді қарымта кездесу 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады. Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады.…

Read More

Кездесу барысында «Қайрат» сапында алғашқы минуттан Қалмырза, Мата, Касаболат, Жоржиньо, Сәтпаев, Мартынович, Арад, Тапалов, Мрынский, Громыко, Сорокин қосылды.Онда қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмұрза ресми түрде UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар үздігіне енді. Ол дүниеге келгеніне 18 жас, 3 ай, 3 күн өткенде жасыл алаңға шығып отыр. Бірінші кезеңде Шерхан өзіне сенімді ойын көрсетті. Ойынның 21-минутында портгулаиялық клубтан Мортен Юльман тепкен допты кейін қайтарса, одан кейін де бірнеше соққыға тосқауыл қойды. Соған қарамастан «Спортинг» сапынан Франсиску Тринкан 44-минутта есеп ашып кетті. Бірінші кезеңнен кейін алматылық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді. Алматылық клуб беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал»…

Read More

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, барлық нысан тексеріліп, күдікті заттар табылған жоқ. Қауіпсіздік шаралары аяқталған соң мектептер қалыпты жұмыс режимін жалғастыруда. Қазіргі уақытта жалған ақпарат таратқандарды анықтау және ұстау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл соңғы үш күнде тіркелген үшінші жалған ақпарат тараты оқиғасы. Полиция қасақана терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергендер қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Еске сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанда вокзал, тұрғын үй және ірі сауда орталығы «бомба қойылды» деген жалған хабарламаның нысанасына айналған еді.

Read More

Жаңа шектеу Баглан, Бадахшан, Кундуз, Нангархар және Тахар провинцияларына енгізілді. Ал сейсенбі күні бұл шешім Балх провинциясында күшіне енген болатын. Ауған билігінің мәлімдеуінше, оптикалық интернет «әдепсіздіктің алдын алу мақсатында» «Талибан» қозғалысының жетекшісі Хайбатулла Ахунзада қабылдаған шешім негізінде тоқтатылды. «Бұл шара әдепсіздіктің алдын алу үшін қабылданды, халықтың қажеттілігін өтеуге балама жүйе құрылады», — деді үкімет өкілі журналистерге. Ауғанстандағы БАҚ-ты қолдау ұйымы бұл шешімді айыптап, алаңдаушылық білдірді. «Талибан басшысының бұйрығымен жасалған бұл әрекет миллиондаған азаматтың еркін ақпарат пен негізгі қызметтерге қол жеткізуін шектеп қана қоймай, пікір білдіру бостандығына және БАҚ жұмысына елеулі қауіп төндіреді», — делінген ұйымның мәлімдемесінде. Қазіргі таңда алты провинцияда…

Read More

Оқиға биыл 4-ақпан күні болды. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Родниковка ауылындағы мектепте оқып, қазақ күресінен үйірмеге қатысқан Рахымжан Елепбергенов Ақтөбе қаласындағы оқу-жаттығу жиынына келеді. Сол кезде қарсыласы жамбасқа лақтырады. Сол сәтте жас балуан басын ұстап, бұрышта жатып қалады.  — Сол жерде Рахымжан 6 минут бойы жатып қалады. Тұрғысы келеді, тұра алмайды. Отырады, тізерлейді, жатады. Біз кезде бір бала келіп, жаттықтырушыны шақырады. Жаттықтырушы келіп, баламды күштеп тұрғызады. Сол сәтте Рахымжан құлап, есінен танды. Жан-жағындағылар оны сол жерде шешіндіріп, төрт жігіт сүйреп, далаға алып шығады. Бұл қыста, ақпанда болды. Ал жаттықтырушы бізге «күресті, отырды, су ішіп келді, содан кейін аузынан көбік ағып,…

Read More