Автор: qaztimes

— Жарыс жұмысшы мамандықтарын көтермелеу мақсатында өткізіледі. Оның тарихы 1949 жылы алғаш рет Испанияда өткен. Онда құрылыс, қызмет көрсету, логистика секілді бірнеше категория бойынша жарыс ұйымдастырылады, біздікі IT мамандықтары бойынша болды. Соның ішінде шәкіртім Ағыбай веб-технологиялар категориясында сынға түсті. Сайыс 3 күнге созылды, — деді жоба жетекшісі Айжан Зияданова Jibek Joly телеарнасындағы «Bugin Live» бағдарламасында. Ал астаналық студент Мұхаметжан Ағыбай бұл жарыста қай тапсырма қиын болғанын атап өтті. — Дайындық кезеңі 2 айға созылды. Күн сайын нақты тапсырмаларды орындадық. Қиындықтардың бірі шектеулі уақыт ішінде тапсырмаларды орындау болды. Әр күн сайын 7-8 сағаттан бағдарламалаумен айналыстық, — дейді ол. Жас дарын бұл…

Read More

Наразылықтар «Барлығын бұғаттайық» әлеуметтік қозғалыс тобы ұйымдастырған өткен аптадағы ереуілден кейін қайта жалғасты. 10 қыркүйек күні Франция премьер-министрі қызметіне Себастьен Лекорню тағайындалған болатын, ал бүгінгі шаралар соның аясында жаңа серпін алды. Кәсіподақ ұйымдары жазда жарияланған «қатаң» бюджет шараларына қарсы шықты. Ұйымдастырушылар қатарында FDT, CGT, FO, CFE-CGC, CFTC, Unsa, FSU және Solidaires кәсіподақтары бар. Олардың мүшелері 2023 жылғы 6 маусымда өткен зейнетақы реформасына қарсы соңғы ереуілден кейін алғаш рет бірлесіп көшеге шықты. Журналистердің пайымынша, бұл жолғы ереуіл 10 қыркүйектегі наразылықтан әлдеқайда ауқымды. Тасымалдау, денсаулық сақтау, білім беру және өзге де салалардың өкілдері қатысып жатыр. Сондай-ақ шамамен 50 адам Франция Экономика министрлігі…

Read More

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігі бүгін Абай даңғылы №24/1 үйдің тұрғындарымен кездесті. Мұнда демонтаждау жұмыстары бір аптадан кейін басталады. Ақтөбе қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақтөбегражданпроект» жобалау компаниясы қалпына келтіруге арналған жобалық-сметалық құжаттама жасап жатыр. Ал демонтаж жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы қазіргі уақытта сараптамада. Құжат қыркүйек айының соңында, яғни, бір аптадан кейін дайын болады. — Жақын күндері жарылыс салдарынан құлаған подъезді бөлшектеу жұмыстары жүреді. Оған дейін осы үш подъезде пәтерлері бар тұрғындар қалған мүліктерін төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірге барып ала алады. Жүк көлігімен қамтамасыз етуге көмектесеміз, — деді қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин. Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімі Баянбек Қырықбаевтың…

Read More

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. Бұған дейін Сенат Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық әріптестігін нығайтатын келісімді ратификациялағанын жазған болатынбыз. — Бүгін біз маңызды құжатты – Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан Үкіметтері арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау жөніндегі Қазақстан Республикасы Заңын қарастырып отырмыз. Бұл халықаралық ынтымақтастық саласындағы кезекті ғана келісім емес. Бұл – Қазақстан мен Түрікменстан секілді бауырлас мемлекеттердің стратегиялық әріптестігін нығайту жолындағы маңызды қадам. Аталған заңның қабылдануы – инвесторлар үшін ашық, тұрақты және болжамды жағдайларды қалыптастыруға, ұзақмерзімді экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Сонымен қатар бұл құжат тереңірек мағынаға ие – ол халықтарымыз арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің берік негізін қалауға…

Read More

— Аталған заң мәтіні баспасөзде жарияланады, — деп жазды Ақорданың ресми сайты. Бұған дейін хабарланғандай, ғарыштық зымыран кешенінің құрылысы «Зенит-М» кешенінің инфрақұрылымы негізінде жүргізілуде. Жоба жаңа «Союз-5» зымыран тасығыштарын ұшыруға арналған. 2018 жылы ресейлік тарап жалға беруден шығарғаннан кейін нысанды қазақстандық мамандар пайдалануда. Құрылысты аяқтау 2028 жылдың мамырына жоспарланған, ал алғашқы ұшу сынақтарын 2025 жылы бастау көзделіп отыр. Сенат «Бәйтерек» ғарыш кешенінің жұмысына қатысты құжатты мақұлдады.

Read More

Саясаттанушының айтуынша, Қырғызстанда Жогорку Кенеш сайлауы 2026 жылғы қарашаға жоспарланған, алайда бұл кезең президенттік сайлауға дайындық уақытымен қабаттасады. «Саяси тұрақтылықты сақтау үшін екі сайлау науқанын бөліп өткізу ұсынылды. 32 депутат кезектен тыс сайлауды жақтап отыр. Оның негізі — парламенттің өзін-өзі таратуы. Бұл тетік қазір пысықталып жатыр. Шамасы, шешім 25 қыркүйекте қабылдануы мүмкін. Осыдан кейін бес күн ішінде президент кезектен тыс сайлауды тағайындауы тиіс. Егер мемлекет басшысы тағайындамаса, онда Орталық сайлау комиссиясы дербес түрде сайлау ұйымдастыруға кіріседі», — деді Жұмағұлов. Оның сөзінше, қырғыз қоғамы жаңа депутаттарды күтуде. «Бұл міндетті түрде болады, себебі кезектен тыс парламенттік сайлау жаңа сайлау жүйесі бойынша өтеді.…

Read More

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы төртінші орынға төмен түсіп, 118-орынға тұрақтады.  Қыркүйек айында ұлттық құрама Уэльс (0:1) пен Бельгияға (0:6) есе жіберді. Рейтингте бірінші орында Испания құрамасы келеді. Одан кейінгі орындарға Франция мен Аргентина жайғасқан.  Сондай-ақ, Англия, Португалия, Бразилия, Нидерланд, Бельгия, Хорватия, Италия келеді.  Қазақстандық футболшылар сынға түсетін J тобындағы Уэльс 30, Солтүстік Македония — 63, Лихтенштейн — 204 орында тұр. Отандастарымыз бақ сынап жатқан J тобында 5 ойыннан кейін Турнир кестесінде көш басында Солтүстік Македония 11 ұпаймен келеді. Ал үшінші Уэльс 10 ұпайды еншілесе, Қазақстан құрамасында 3 ұпай бар. Әзірге Лихтенштейнің қоржыны бос. Енді бұл топтағы ойындар 10 қазанда өткізіледі.…

Read More

Кездесу барысыа ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 13-минутында Роман Канцеров мергендік танытса, одан кейін Никита Михайлис 22, Люк Джонсон 28, Алексей Маклюков 39-минутта басымдықты арттырды. Ал «Барыс» сапынан Джейк Масси 48-минутта есеп айырмасын қысқартса, 52-минутта ресейлік клубтан Дерек Барак көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша елордалық команда қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.  Екі команда бұған дейін 73 мәрте кездескен. Оның 24-i елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында қарсылас команда жеңіске жеткен. Кейінгі бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді. Енді қазақстандық команда 20 қыркүйекте Ресейде «Северсталь» (Череповец), 22 қыркүйекте Беларусьтің «Динмо» (Минск) командасымен кездеседі.  Еске салсақ,…

Read More

Көрмеде Қазақстанның ұлттық павильонында 20 отандық компанияның өнімі қойылған. Бұл еліміздің халал сегментіндегі экспорттық зор әлеуетінің көрінісі. MIHAS көрмесі жыл сайын Куала-Лумпур қаласында өтеді және халал өнімдерді халықаралық нарықтарға шығару, тәжірибе алмасу мен іскерлік байланыстар орнатуға арналған жаһандық алаң саналады. Қазақстанның бұл көрмеге қатысуы елдің халал индустриясының жаһандық экожүйесіне белсенді қатысуға және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен экономикалық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Малайзияға сапарының алғашқы күнінде Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев MIHAS-2025 халықаралық көрмесінің ашылуына қатысып, экономикалық әріптестікті дамыту және негізгі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі мен Малайзияның Ауыл…

Read More

– Жаңа Салық кодексі шеңберінде бізде цифрлық активтердің құнын тануға байланысты НҚА бар. Бұған дейін бұл тізімде 11 ғана цифрлық актив болса, қазір оны кеңейтіп, 114 активке дейін жеткіздік. Бұл – орташа сараланған құндарды есептеу үшін қажет, – деді комитет өкілі. Оның айтуынша, цифрлық активтер нарығындағы үдерістерді ескере отырып, бірқатар жаңа құжаттар әзірленіп, қабылдау сатысында тұр. – Сонымен қатар бізде криптовалюта биржаларымен ақпарат алмасу, Астана халықаралық қаржы орталығына қатысу, майнинг пулдармен деректерді бөлісу бойынша да нормативтік құқықтық актілер бар. Бұл майнерлер өндіріп алған цифрлық активтерді есепке алу мақсатында қажет. Аталған құжаттар қазіргі уақытта әзірлеу және қабылдау сатысында тұр. Барлық жұмыс…

Read More