Қазақ ақпарат кеңістігіне QazTimes.kz ақпараттық порталы қосылды. Портал Қазақстандағы маңызды оқиғалар мен сараптамаларға арналған және өзге де әртүрлі салаларға бағытталған жаңа ақпараттық ресурс. Порталдың мақсаты – қоғамдағы оқиғаларға жедел және терең қарау, сондай-ақ қазақ тіліндегі медиа кеңістігін байыту. «QazTimes.kz» Қазақстан және әлемдік жаңалықтар, экономика, мәдениет, спорт және басқа да маңызды тақырыптар бойынша сапалы мазмұн ұсынады. Бұл портал оқырмандарға сенімді және түсінікті ақпарат беру арқылы білім алу мен қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жаңа ақпарат құралына сәттілік тілейміз! Құрметпен QazTimes.kz ұжымы
Автор: qaztimes
АҚШ пен Ұлыбритания хуситтерге қарсы қайта соққы жасады. БАҚ мәліметінше әуе шабуылы Сана қаласының солтүстігіне келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Al Manara телаарнасының мәліметінше Сана қаласының бірнеше ауданы мен Ходейда провинциясында қуатты жарылыстар болған. Дереккөздің айтуынша, соққы Әл-Дайлами әуе базасы, Ходейда әуежайы мен жағалау радарлары мен бақылау пункттеріне шабуыл жасалған. Ал АҚШ президенті Джо Байден журналистерге берген сұхбатында хуситтерді «террористік ұйым» деп атап, Қызыл теңізге шабуыл тоқтатпаса, Пентагон да қарап қалмайтынын хабарлаған. Ал өз кезегінде хуситтер палестиналықтарды қолдау мақсатында әрекет етіп жатқанын және АҚШ пен Ұлыбритания соққысына міндетті түрде жауап беретінін айтқан. АҚШ кең көлемді соғыс жариялағысы келмейтінін мәлімдеген. Дегенмен The…